Мақсаты:Студенттерді негізгі залалсыздандыру әдістерімен, олардың белгілеуі және практикалық қолданылуы, сонымен қатар әр әдісте қолданылатын құралдармен таныстыру.
Тапсырма::
Зертханалық ыдысты, инструменттерді (шприцтер, пинценттер) және т.б. залалсыздандыруға дайындау ережесін меңгеру.
Бақылау сұрақтары: Залалсыздандыру және дезинфекция туралы түсінік, дәрігердің тәжiрибесiнде қолдануы.
Залалсыздандыру әдістері.
Автоклав, оның құрылысы және қолдануы.
Автоклав жұмысының сапасын қалай тексеруге болады?
Ағын буы арқылы залалсыздандыру мәні, қашан қолдануы керек?
Бөлшектеп залалсыздандыру әдістері.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Тапсырмаларды орындаңыздар, жұмыстың барысын суреттеп айтыңыздар және лайықты қорытындылар шығарыңыздар. Жұмыс соңында бақылау сұрақтарға жауап беріңіздер. Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі. Қосымша мәлімет алуға ұсынылатын әдебиеттер: силлабус соңында берілген
Тақырып Бактериялардың таза дақылдарын бөліп шығаруәдістері
Мақсаты:Таза өсіндінің шығаруының балауда маңызын меңгеру және микроағзалардың таза өсіндісін бөліп алу үшін қолданатын әдістерге үйрену.
Тапсырма:
Кох әдісі бойынша таза өсіндісін (дақылын) бөліп шығару.
Дригальский әдісі бойынша стафикокктың таза өсіндісін шығару.
Химиялық әдіспен стафилакокктың таза өсіндісін шығару.
Биологиялық әдіспен сальмонелидің таза өсіндісін шығару.
Анаэробты бактериялардың таза өсіндісін бөліп шығару.