Тақырып Жалпы микробиология. Бактериологиялық зертхана және оныңжабдықталуы Мақсаты:Студенттерді микробиологиялық/бактериологиялық зертхананың құрылысы, құрал жабдықтарымен, жұмыс істеу ережесімен таныстыру.
Тапсырма:
Бактериологиялық зертхананың жұмыс істеу тәртібімен танысу.
Бактериологиялық материалмен жұмыс істегенде қауiпсiздiк ережелерін меңгеру.
Бақылау сұрақтары:
Бактериологиялық зертхананың бағыты.
Бактериялық зертхананың басты мақсаты.
Зертхананың құрылысы, құрал жабдықтары.
Құжаттар
Биоматериалмен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерi.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша теориялық материалды мұқият оқып, талдау жасаңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын, жұмыстың мағынасы мен мақсатын ұғыну керек, жұмыс барысы кезінде не істеу керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін мұқият оқып, түсіну. Тапсырмаларды орындаңыздар, жұмыстың барысын суреттеп айтыңыздар және лайықты қорытындылар шығарыңыздар. Жұмыс соңында бақылау сұрақтарға жауап беріңіздер. Бағалау кезінде қисындылық, жүйелілік, хабарлылық ескеріледі. Қосымша мәлімет алуға ұсынылатын әдебиеттер: силлабус соңында берілген
Тақырып Микроағза культурасымен жұмыс жүргізу ережелері. Ыдысты және қоректік ортаны стерилдеу әдістері Сабақтың мақсаты: Микробиология зертханасында жұмыс жасау ережелерімен және стерилдеу әдістерімен танысу
Қажетті құрал жабдықтар: шыны пробирка, колба, Петри табақшасы, бактериялық петля, пипетка, мақта, жіп, дәке, спиртовка, залалсыздандыруға арналған қағаз, шыны таяқша, шпатель, металл заттар (ине, петля, пинцет, скальпель), спиртовка, Петри табақшасы.
Жұмыс барысы:
Микробиология зертханасында жұмыс жасау ережесімен танысу: А) Микробиология зертханасын жұмысқа дайындау Б) Зертхана ауасын дезинфекциялау В) Микробиология зертханасының едені, қабырғасы және мебелі Микробиология зертханасының едені, қабырғасы және мебелі Г) Жұмыс орны
Ыдысты және қоректік ортаны стерилдеу әдістерімен танысу: А) Горелка жалынында қыздыру арқылы стерилдеу Б) Қайнату арқылы стерилдеу В) Құрғақ ауа арқылы стерилдеу Г) Ағынды бумен стерилдеу Д)Пастерлеу Ж) Суық температурада стерилдеу З) Автоклавта бу қысымымен стерилдеу