1. Пән туралы ақпарат



бет1/20
Дата24.11.2023
өлшемі3,94 Mb.
#125697
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
722810082412 Биофизика





1. Пән туралы ақпарат

Пәннің атауы
«Биофизика»

Пәннің коды
В-3312

Кредит саны
5

Курс 3, семестр 5

БББ атауы Биология

БББ коды 5В060700

Кафедра
Биология

Факультет
ЖҒжТ

Оқу түрі - іштей

Оқыту тілі - қазақ

Пәнді өткізу уақыты және орны оқу кестесі бойынша, №4 оқу ғимараты, 14 ауд.

Кеңес беру уақыты – оқу кестесі бойынша

Рейтинг кестесі: 7 және 15 апта

Оқытушының А.Т.Ә., ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
Садыканова Гульназ Есимбековна

Байланыс ақпараты (телефон, e-mail) gulnaz.sadykanova@mail.ru



2. Пәннің қысқаша мазмұны
Биофизика – биологиялық жүйелердің əртүрлі деңгейлері мен негізгі физиологиялық қатынастардан өтетін, физикалық жəне физика-химиялық үдерістерді зерттейтін ғылым. Бұл молекулалық өзгерістердің, жасуша органеллаларының өмір сүру қабілетін анықтайтын, зат жəне энергия алмасуын, тыныс алатын жəне қозғалыстағы ағзалардың, сонымен қоса ағзаның құрылымдық жəне функционалдық негіздерін қарастыратын ғылым саласы.


Мақсаты: студенттердің ағзалар мен жүйелердің құрылысы мен қызмет етуінің физикалық негіздері, биологиялық ұлпалардың физикалық қасиеттері және оларды зерттеу әдістері, жасушаға және жасушаға физикалық факторлардың әсер ету ерекшеліктері туралы жүйелі білімін қалыптастыру.


Міндеттері:
- молекулалық деңгейдегі жасушадан төменгі құрылымдардың қалыптасуы мен оның механизмдерін үйрену;
- жасушалық жəне ағзалық деңгейдегі зат жəне энергия алмасуын анықтау;
- иондар мен молекулалардың мембрана арқылы молекулалық тасымалдау механизмі мен фазалардың беткейлік бөлімдерін зерттеу;
- қорғаныс пен тыныс алудың молекулалық механизмдерін ұғыну;
- энергияның сіңуі, химиялық өзгеруі жəне оларға электр-магниттік өріспен əсер еткендегі өмір сүру қабілеті мен радиация өтуін зерттеу;
- классикалық термодинамика заңдылықтарын қолдану арқылы күрделі жүйелердің термодинамикалық сараптамалары мен термодинамикалық теңсіздік үрдістерін зерттеу;
- күрделі жүйелерді ұғынуда кинетикалық, аналитикалық тұрғыда қарастырып, оның іс-əрекетін болжау;
- биожүйенің əртүрлі функционалдық жағдайы мен физикалық-химиялық əсерлерге ағзаның электрөтімділік ережелерін ұғыну;
- биологиялық жүйенің уақытша жиынтықтарының механизмдерін зерттеу.


Құзыреттіліктер. Теориялық курсты оқу барысында студент меңгеруі қажет:
- әлеуметтік-маңызды мәселелер мен процестерді талдау, гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, медициналық-биологиялық ғылымдар, кәсіби және әлеуметтік қызмет әдістерін практикада пайдалану қабілеті мен дайындығы.
- кәсіби қызмет барысында туындайтын проблемалардың табиғи ғылыми мәнін анықтау қабілеті және дайындығы, оларды шешу үшін тиісті физика-химиялық және математикалық аппаратты қолдану
- кәсіби қызметті жетілдіру мақсатында теориялық білім мен практикалық іскерлікті пайдалана отырып, шешімдерді іздеуге негізделген жан-жақты принциптерге сүйене отырып, ақпаратты талдауға жүйелік тәсілді қалыптастыруға қабілеттілігі мен дайындығы.
- техникалық аппаратурамен жұмыс істеу қабілеті және дайындығы, компьютерлік техниканы меңгеру, түрлі көздерден ақпарат алу, ғаламдық компьютерлік желілерде ақпаратпен жұмыс істеу; қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерін қолдану


Оқыту нәтижелері. Теориялық курсты оқып, аяқтағаннан кейін студет мыналарға міндетті:
- ағзада өтетін процестер негізінде жатқан физикалық заңдылықтарды түсінуге;
- биологиялық ұлпалардың физикалық қасиеттерін талдауға;
- физикалық факторлардың ағзаға әсер ету механизмдері туралы білімдерін көрсеуге;
- аппаратурамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға;
- физика заңдарын қолдана отырып, биожүйелердің өмір сүру үрдістерін талдауға;
- физикалық және математикалық модельдеу әдістерін қолдана отырып, биологиялық ұлпалардың физикалық қасиеттерін, жүйелердің жұмыс істеуін түсіндіруге.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет