1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет1/34
Дата27.06.2023
өлшемі266,36 Kb.
#103570
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34







1. ПӘН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:
Пән оқытушысы:
Жарасбаев Е.Е. zharasbaev.e@mail.ru
Аманиязова Б.А. bagdagul-1977@mail.ru
Кабинет №305
Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы кабинет №305

«Мәдениеттану» курсы студенттердің сыни ойлай білулерін, мәдениеттанулық зерттеудің пәні мен әдістері, саяси-мәдени, әлеуметтік-мәдени өзекті мәселелер мен қоғам салалары туралы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Курс 2 кредиттен құралған (дәріс – 10 сағат, семинар – 10 сағат, ОСӨЖ – 10 сағат, компьютерлік тест).




1.1 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ:
«Мәдениеттану» қазіргі қоғамдағы адамдардың өмірі туралы ұйымдастырылған, тексерілген білімдерді білдіруімен, қоғамдағы экономикалық өзгерістердің негізінде туындайтын мәдени ауытқушылықтарды, әлеуметтік теңсіздікті, фольклор мен поп мәдениет, контрмәдениет пен субмәдениет арасындағы қайшылықтарды зерттеп, түсіндіруімен өзекті. Мәдениеттану пәнінің оқытудың мақсаты студенттер бойында ұлттық сананың қалыптасуы, мәдениеттанулық теориялардың дамуы, мәдениеттанулық зерттеулерді практикалық тұрғыдан қолдануы және оның әдістері, негізгі мәдениеттанулық теориялар және олардың қолданылуы сияқты алғашқы жүйелендірілген түсініктерді қалыптастыру.


1.2 ПӘННІҢ ПРЕКРЕКВИЗИТТЕРІ:
Студенттердің кәсіби білімі «Мәдениеттану» курсымен таныстықтан басталады. Оны жемісті меңгеру үшін «Әлеуметтану», «Саясаттану» пәндерімен таныс болуы қажет.
Студент «Мәдениеттану» пәнін жақсы меңгеру үшін мектеп курсындағы «Дүние жүзілік тарих», «Қазақстан тарихы», «География», «Адам, Қоғам және Құқық», «Әдебиет», «Өзін – өзі тану» және т.б. осы секілді базалық пәндермен таныс болу қажет.


1.3 ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ:
Студенттің «Мәдениеттану» курсынан алған білімі алдағы уақытта жүргізілетін «Философия», «Құқықтану», «Дінтану», т.б. гуманитарлық жиынға қатысты пәндерді меңгеруге зор ықпал етеді. Студенттердің бұл пәннен алған білімі алдағы өмірінде де, болашақ мамандығына қатысты арнайы курстарды жақсы меңгеруіне де өз пайдасын тигізеді.
Әлемдік мәдениет тарихын және теориясын, Қазақстан мәдениетін білу, қазіргі мәдениет пен өнердің күрделі мәдени үрдістерін ажырата білуге көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет