20
адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға
дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің
ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың рудың мүшесі
ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық
ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың,
қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам - өзінше жеке тұлға. Адамдардың қоршаған ортадағы
құбылыстарды түсініп қабылдауы әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық,
психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Әрбір және кез-келген халықтың
педагогикалық мәдениетінде кемел адам идеясын жүзеге асыруға бейімделген өзіндік табыстары
бар. Бұл табыстардың жекелеген кейбіреулері тек тұлғаның бір немесе бірнеше жақтарына
қатысты болса, ал өзгелері кемелденудің халықтық идеалын жан-жақты ашып көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: