1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



Pdf көрінісі
бет23/49
Дата10.12.2023
өлшемі1,93 Mb.
#136377
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49
Дәріс тезисі 
Орхон-Енисей жазбаларының идеялық желісі. Евразияның ұлы кеңістігін жайлаған түркі 
халықтарының 
рухани 
бірлігі, 
тұтастығы, 
тіл 
мәртебесі, 
діни 
нанымының 
Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған жазбаларынан көрініс табуы. Руникалық мұрадағы ел бірлігінен 
ажырамау, мемлекет ішіндегі алауыздыққа, өзара тартыс пен бақталастыққа жол бермеу мәселесі. 
Орхон ескерткіштері және эпикалық дәстүр. Түркі қағанаты шежіресінің бүгінгі күндегі өзектілігі. 
Түркі халықтарының VII-VIII ғасырлардағы мәдени мұраларының қатарында есептелетін Орхон-
Енисей жазбалары Енисей өзені мен Моңғолия астанасы маңындағы Орхон өзенінің бойынан 
табылғанын, ол тасқа қашап жазылған әйгілі Тоныкөк, Күлтегін, Білге қаған жырлары екенін 
қазіргі күні көзі қарақты жандардың барлығы біледі. Сондай-ақ, басы барды идіріп, тізеліні 
бүктірген түркі халқының далалық империя құрып, өркениет жасағаны тарихтан мәлім. Бұл күнде 
Орхон-Енисей жазбаларымен қосып есептегенде түркі жұртының сырлы тарихын 150-ден астам 
ескерткіштен оқуға болады екен және мұның бәрі түркі жазуы деп есептеледі.Бүгінгі түркі 
мемлекеттері сақтар мен ғұндардың, Түрік қағанатының заңды жалғасы еді. Алтын сарайларда 
тұрып, алтын тақта отырған, алтыннан киім киген, өлісін де алтыннан киіндіріп көмген, байтақ 
тарих жасаған, өнеге қалдырған бабаларымыз ешқандай да озбырлар мен жабайылар болған жоқ. 
Бодан болған екі ғасыр ішінде тарихымыз табанға тапталды. Кеңес дәуіріндегі біздің тарихымыз 
саясаттың құрбанына айналды. Соның салдарынан ел жадынан айырыла жаздады. Түркітектес ха-
лықтардың бағы тәуелсіздік дәуірімен бірге жанданды. 
Бекіту сұрақтары: 
1.
Руникалық жазбалар дегенді қалай түсінесіздер? 


25 
2.
Тасқа қашалып жазылған жәдігерлердің тарихи құндылығын қалай дәлелдеуге болады? 
3.
Күлтегін жазбалары – түркі халықтарының баға жетпес мұрасы дегенді қалай түсінесіздер? 
Әдебиет
1.
Қыраубаева Алма. Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. Алматы: Ана тілі, 1991. 2-
басылымы / Баспаға әзірлеген: Н. Мәтбек. – А., 2013. – 374 бет.
2.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Том 2. Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы әдебиет. Алматы: 
ҚАЗақпарат, 2006. – 526 б. 
3.
Келімбетов Немат. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы: «Ана тілі», 1991. – 264 б. 
4.
 
https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/d9c/d9c82850e147c5a1151b07db6cf24
ecd.pdf&ln=kz
 
 
Тақырыбы
:Әл-Фараби, Қ.А.Ясауи, Ж.Баласағұн, А.Йүгінеки мұрасындағы түркілік таным 
Сағат саны

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.
Әбу-Насыр әл Фарабидің «Риторика» трактатында айтылған ой-тұжырымдардың 
құндылығы.
2.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты біліг» жинағындағы шешендік шеберлік. 
3.
Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» жинағындағы даналыққа құрылған қазына.
4.
Қожа Ахмет Яссауидің ғибратқа толы толғаулары. 
5.
Ахмет Югнакиде дала табиғатына лайық ой-пікірлері. 
Дәріс тезисі 
Ортағасырлық Түркі ғалымдары мен ойшылдары мұрасындағы адамдарды рухани тазалыққа, 
имандылыққа, хақ жолына адалдыққа, өмір бойы жете түсуге, дін ережелерін меңгеруге, 
мейірімділікке, қанағатшылдыққа шақыру идеясы. Дүниежүзілік ғылым мен мәдениетте көрнекті 
із қалдырған ортағасырлық ойшыл, энциклопедист-ғалым, Шығыс Ренессансының көшбасында 
тұрған дара тұлғалардың бірі Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми-әдеби мұрасы. Философия, логика, 
психология, этика, математика, астрономия, тіл білімі, эстетика, социология, поэтика салаларына 
арналған 150-ге жуық трактат қалдырған энциклопедист-ғалымның еңбектері. 
Күншығыс елінің рухани ұстазына айналған ақын, ойшыл, ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің 
дүниетанымы, әдеби мұрасы. «Диуани Хикмет» дастанындағы жомарттық, қанағат, достық, 
сүйіспеншілік, ғылым-білім, адал еңбек, бейбітшілік, жақсылық пен жамандық, әділетсіздік, 
көрсеқызарлық, адамзаттың асыл арманы. Ясауи хикметтерінің тағылымдық мәні.
Жүсіп Баласағұн шығармашылығының түркі әлемі мәдениетіне қосқан үлесі. Оның тіл, 
әдебиет, тарих, заң, мемлекеттік басқару жүйесі, пәлсапа, космология, гносеология, этика 
салаларын қамтитын «Құтты білік» дастаының құндылығы.
Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» атты дидактикалық дастанының тақырыбы мен идеялық 
мазмұны. «Ақиқат сыйы» – fқын өмір сүрген қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез-құлық 
нормаларының жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет