1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



Pdf көрінісі
бет21/49
Дата10.12.2023
өлшемі1,93 Mb.
#136377
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
 
Интернет ресурстар: 
1. Назарбаев Н. Қазақстанның ел бірлігі Доктринасы. //Қазақстан Республикасының мәдениет 
және спорт министрлігінің ресми сайты http://www.mk.gov.kz/kaz/doctrina 10.11.2014. 
2. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» 
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы


23 
//http://www.akorda.kz/kz/page/page_poslanie-prezidenta-respubliki-kazakhstan-lidera-natsii-nursultana-
nazarbaeva-narodu-kazakhstana 10.11.2014 ж. 
 
6.Тақырыбы:
Бүгінгі білім беру жүйесіндегі этномәдени таным мен тәрбие
Сағат саны: 1
 
Тақырыптың жоспары:
 
1.Этномәдени білім беру – қазіргі заман талабы. Этникалық мәдениетзаңдары.
2.Этномәдени білім берудің әдіснамалық және теориялық тұжырымдары мен қағидалары. 
3.Этномәдени білім беру категориясы.
4.Этникалық ой-толғамдарды қалыптастыру тарихындағы ғұламалар идеялары.
Дәріс тезисі
Этномәдени білім беру – бұл тұлғаның ұлттық мәдениетті және тілдің сәйкестігін және 
жтникалық топтардың өзіндік тұрмысын сақтауға және бір мезгілде басқа мәдениетті меңгеруге 
бағдарланған білім беру үлгісі. Әрбір ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениеті 
болатыны белгілі. Ұлттық мәдениеттің қайнар көзі оның рухани азығының асылдық қасиеттеріне 
байланысты. Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-
тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың 
қозғаушы күші болып табылады. Ұлы ғұламалар әл-Фараби, М.Дулати, Ж.Баласағұн, Абай, Шоқан, 
Ыбырай, т.б. ұлттық мәдениеттің жай-күйін айқын ашып, оны дамытудың жолдарын көрсетті. Қазақ 
халқының мәдениетіндегі тәрбие мен оқыту ерекшеліктері оның ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан 
ұлттық рухани болмысын көрсетеді. Белгілі ғалым А.Қасымжанов: «Мәдени эмпирикалық деректер 
мен айғақтарға талдау жасай келе және ғылыми ілімдерге сүйене отырып, этномәдени уақыттың 
рухани дүниетанымдағы кезеңдерін ғылыми түрде айқындап көрсетті. Ағартушылық – қазақ 
халқының ХІХ ғасырдағы рухани мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады», - дейді. Ұлттық 
мәдениеттің даму кезеңдерінің қай дәуірін алсақ та, ол халықтың ұлттық педагогикасымен 
сабақтасып жатқанын көреміз. Ұлттық мәдениет ұлттық тәрбие арқылы қалыптасады. Ал тәрбие 
дүниетаныммен, өмір заңдылықтарымен тығыз байланысты. Мәдениеттің өмірдегі көрінісі – ұлттық 
тәрбиенің жемісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет