19
және көркем шығармасында ұлттық мәдениеттің негіздерін ел басшысы қастерлеп, елге өзі үлгі
көрсетуі керек деп түсіндіреді. Ел басшысы қарапайым, қамқоршы, жаны мен тәні таза, кішіпейіл
көреген, көпшіл, адал, шыншыл, талап қойғыш, аңғарымпаз болу керек дейді. Ұлттық сана - ұлт
руханиятының негізі. Ұрпақтан
ұрпаққа тарихтың білімі, тұлғалар тағылымы, ұлттық тәрбие
арқылы беріліп отырады. Ұлттық сананы ұлт руханиятының өзегі дейтін себебіміз,
тарихта
қазақты ұлт ретінде сақтап қалған дүние - ұлттық сана, ұлттық сананың рухы. Ұлттық сана ұлттың
рухани әлемінде сақталып, ұрпаққа рухани дүниелер арқылы беріліп отырғандықтан да тарихтың
қиын кезеңдерінің өзінде елдің бірлігі жоғалмаған.
Достарыңызбен бөлісу: