Қосымша №1 «Парасатты отбасы» байқауының ережесі білім беру мекемелерінде өтілетін «Парасатты отбасы» атты



Дата14.09.2023
өлшемі17,59 Kb.
#107832
Байланысты:
2-парасатты отбасы ЕРЕЖЕСІ-23ж


Қосымша №1


«Парасатты отбасы» байқауының ЕРЕЖЕСІ


Білім беру мекемелерінде өтілетін «Парасатты отбасы» атты байқауының ережес


1. Жалпы ережелер


1.«Парасатты отбасы» тақырыбында өткізілетін байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу ережелері Байқаудың мақсатын, міндеттерін, өткізу тәртібін анықтайды.
2. Байқаудың мақсаты: Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі іс-тәжірибелерін жетілдіру, отбасында тәрбиелеу әдісінің тиімділігін арттыру, обасында тәрбиелеудің жаңа модулін насихаттау, шығармашыл ізденістегі отбасыларды қолдауға бағытталған бастамаларын дамытуға ықпал ету.
3.Байқаудың міндеттері:
3.1) Ата-аналардың назарын өзектілікке, жаңашылдыққа, бала тәрбиесі үдерісін жақсартуға, бала тәрбиелеудің үздік модулін қалыптастыруға, әлеуметтік-қоғамдық мәселелерге, бала тәрбиесі саласының өзектілігін айқындау және шешу жолдарын қарастыруға аудару;
3.2) Ата-аналардың әлеуметтік-шығармашылық белсенділіктерін, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін дамыту;
4. Байқаудың жалпы критерийлері:
- байқаудың шарттарына сәйкестігі;
- әлеуметтік тиімділігі,өзектілігі, шешілетін әлеуметтік мәселелері мен маңыздылығы;
- отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты өзекті мәселелер, оларды шешудегі жаңашыл көзқарас;
- көрсетілетін жұмыстардың өзекті мәселеге бағытталуы, заманауи инновациялық технологияларды, нысандарды және әдістерді қолдану және күтілетін нәтижесінің нақтылығы.
5.Байқаудың шарттары:
І – Кезең. Сәлмдесу. Өздерін таныстыру (Өздерінің отбасы туралы түсірілген бейнеролигін пайдалану. Отбасы альбомын жасап, қазылар алқасына тапсырады. 3-5 минут уақыт беріледі.)
ІІ- Өнер сайысы (ән, би, күй т.б. 3-5 минут)
ІІІ- Сахналық көрініс (отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты өзекті мәселелер 3-5 минут)
ІҮ- Сұрақ-жауап отбасы туралы. «Мақал - сөздің мәйегі» мақал-мәтелді жалғастыру (әке, ана, ұл- қыз, отбасы туралы) (1 минут)
6. Байқауды қорытындылау.
- 6.1. Жеңімпаз бағаланған ұпайларының орта есебі арқылы анықталады.
- 6.2. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер және номинация иегерлері анықталады.
- 6.3. Байқауға қатысушыларға түгел Алғыс хаттар беріледі, жеңімпаз І дәрежелі дипломмен, жүлдегерлер ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады,

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет