28
6.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. –Алматы, 1997
Тақырыбы
:Алаш әдебиеті – тәуелсіз ұлт руханиятының негізі
Сағат саны
1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.
А. Байтұрсынұлы – қазақ жазуының реформаторы.
2.
Ә.Бөкейхановтың публицистикаларындағы ұлттық руханият мәселесі.
3.
«Алаш» зиялыларының тәлім-тәрбиелік идеялары.
4.
Шәкәрім Құдайбердиевтің «Үш анық» атты еңбегіндегі «ар ілімі» идеясы.
Дәріс тезисі
Қазақтың сан ғасырлық тарихында ерекше әріптермен жазылған Алаш қозғалысы. Ол тарихи
– саяси құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени – рухани даму жолын жаңа жолға бағыттады.
Өйткені, ол қазақ баласының саясат, білім мен мәдениет сатысына көтерілгендігін ерекшелей
отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде
азат күн кешуге болатындығына күш жұмсаған жаңашыл қозғалыс еді. Алаш зиялылары ұлттық
сананы көтеру, одан туындайтын тарихын, өнері мен мәдениетін қазақ ұрпағының бойына сіңіру
сияқты іргелі мәселерді көтерді.
«Алаш» идеясы - халықтың рухани-танымдық құндылықтары мен тәлім-тәрбиелік
ұстанымдарын сақтау, оны ұрпаққа жеткізу идеясы. ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегіқазақ
ақын-жазушыларының, зиялы қауым өкілдерінің елдік құрылымды, мемлекеттік тәуелсіздікті,
елдік әдебиетті көксеп, сол жолда жанын салып ізденіп жұмыс істеген, ашық саяси күреске бел
шешіп кірген тұсы. Бір ғасыр бойы жүрген ұлт-азаттық күресі мен ұлттық азаттық аңсары ХХ
ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қозғалысына барып ұласуы.
ХІХ ғасырдан бастау алған ағартушылық-демократтық идеялардың ХХ ғасыр басындағы
әдебиетте кеңінен қанат жаюы. Отаршылдыққа қарсы күрес идеяларының қазақ зиялыларының
басты көзқарасына айналуы. Ұлттық ояну ұраны. Алаш ұранды әдебиеттің көркемдік-эстетикалық
жүйесі. Қазақ даласындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдай және әдеби даму. Отаршылдыққа қарсы
күрес идеясы. Әдебиеттегі Алаш идеясы.
Қазақ тіл білімі мен әдебиеті теорясының негізін қалаушы ғалым, ұлттың «рухани көсемі»
атанған Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұраларын зертеудің маңызы. Ә.Бөкейханов –
ұлтымыздың өткен-кеткенін терең білімпаздықпен саралап барып, өз заманына, әсіресе ХХ
ғасырдың басындағы ұлт тағдырына ерекше алаңдаушылық білдірген тарихи тұлға
Бекіту сұрақтары:
1.
А.Байтұрсынұлы реформалаған қазақ графикасы қай жылы қабылдады?
2.
Ә.Бөкейхановтың сыншылдық көзқарасын танытатын антикеңестік үндеулер қандай еді?
3.
Қазақ этнопедагогикасының негізін қалаған ең танымал ақын кім?
Әдебиет
1.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Ұлттық рухтың ұлы тіні / - Ғылыми мақалалар жинағы.
Алматы: Ана тілі; 1992 –448 б.
2.
Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы. 1992
3.
Сеңкібаев С. М.Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі – ғасырлар тоғысында. – А. 1997.
Достарыңызбен бөлісу: