1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



Pdf көрінісі
бет24/49
Дата10.12.2023
өлшемі1,93 Mb.
#136377
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49
Бекіту сұрақтары 
1.
Әбу-Насыр әл Фарабидің әлемдік өркениет пен мәдениетте алатын орны? 
2.
«Қорқыт ата» кітабы және Қорқыт атаның өсиет-нақыл сөздері туралы не білесіздер? 
3.
Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы тәрбиелік идея туралы қандай ой айтылған? 
Әдебиет
1.
Қыраубаева Алма. Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. Алматы: Ана тілі, 1991. 2-
басылымы / Баспаға әзірлеген: Н. Мәтбек. – А., 2013. – 374 бет.
2.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Том 2. Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы әдебиет
. Алматы: 
ҚАЗақпарат, 2006. — 526 б. 
3.
Келімбетов Немат. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы: «Ана тілі», 1991. – 264 б. 
4.
 
https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/d9c/d9c82850e147c5a1151b07db6cf24
ecd.pdf&ln=kz
 
 
Тақырыбы
:Жыраулар поэзиясындағы ұлттық идея мен рухани үндестік 
Сағат саны

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.
Жыр, жырау, толғау деген сөздердің мағыналық байланысы мен ерекшеліктері. 


26 
2.
Жыраулар поэзиясындағы дидактикалық толғамдар. 
3.
«Көшпенділер философы» Асан қайғының толғаулары. 
Дәріс тезисі 
Жыраулар поэзиясы – халқымыздың тарихында қайталанбас, айрықша орны бар, рухани-
әлеуметтік маңызы орасан зор, тарихи-мәдени құбылыс. Жыраулар поэзиясының өзімен дәуірлес 
өзге елдер әдебиетіндегі үлгілерден бөлек арна түзе, өзіне ғана тән мазмұнмен және өзіне ғана тән 
пішінмен тарих сахнасына шығуының сыры оның қазақ топырағында тарихи оқиғалармен, тарихи 
жағдайлармен орайласа тууы. Жыраулар поэзиясының кемелдене өркендеу дәуірі ХV-ХVIII 
ғасырларға тән болғанымен, оның алғашқы бастаулары ХV ғасырға дейінгі жылдарда жатқаны 
және жаңа тұрпатты поэзияның ізашар өкілдері есімдері бүгінгі ұрпаққа аңыз болып жеткен 
шешендер мен алғашқы жыраулар болғандығы. Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар поэзиясында 
ерлік тақырыбының басымдық алып, өз мемлекетінің тәуелсіздігі мен оның даңқын арттыру 
жолында күрескен батырлардың ержүректігі мен қайтпас қайсарлығын жырлау мәселесі.
Халық жырауларды қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне 
жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты 
абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы 
болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды. Академик 
М.Әуезов: «Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, – дейді М.Әуезов, – ең шешуші мәселесін әдебиет 
жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария – Асан. Бұл заман сыншысы 
сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның 
белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен 
сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Ғалымның осы ғұламалық 
пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең ашылған. 
Бекіту сұрақтары 
1.
Жыраулар поэзиясында шешендікпен айтылған ой-толғамдардың басты түйіні неде? 
2.
Жыраулар поэзиясының жанрлық ерекшеліктері: авторлық және фольклорлық дәстүр 
дегенді қалай түсінесіздер? 
3.
Жыр мен толғау, жыршы мен жырау сөздерінің мағыналық ерекшеліктері қандай? 
Әдебиет
1.
Сүйіншалиев Х. «Қазақ әдебиетінің тарихы». – Алматы: Санат, 1997 – 233 б. 
2.
Мағауин М. Ғасырлар бедері. – Алматы: Жазушы, 1991 – 429 б. 
3.
Бердібай Р. Ғасырлар толғауы. – Алматы. 1977 – 320 б. 
4.
https://melimde.com/eoj-894-342-950-574-aza-handi-deuir-edebietini-zerttelui.html
 
 
Тақырыбы
:ХІХ ғасырлағы қазақ әдебиетіндегі Ұлт мұраты және руханият. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет