1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


Тақырып 7. Түркілердің мәдени мұрасы Сағат саны: 1 Тақырыптың жоспары



бет16/61
Дата28.01.2022
өлшемі266,36 Kb.
#24496
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61
Байланысты:
Мәдениеттану силлабус -22 скан

Тақырып 7. Түркілердің мәдени мұрасы

Сағат саны: 1



Тақырыптың жоспары:

1. Түркілердің мәдени мұрасының еуропалық және исламдық әлемге әсері

2. Орта Азиядағы мәдени және ғылыми өмірдің қайта жандануы.

3. Жүсіп Баласағұн және Ахмет Яссауидің тұлғасы мен қызметі, еңбектері.



Дәріс тезисі

Әл-Қашқари және оның түркі әдебиеті мен тілінің қалыптасуындағы рөлі. Әл-Қашқари – түркі әлемінің ақыны. Әл-Қашқаридің "Түркі сөздерінің жинағы" еңбегі.

Жүсіп Баласағұн және оның "Құтты білік" еңбегі. Ахмед Үйгінеки, Сулеймен Бақырғани және олардың түркі мәдениетіне қосқан үлестері. Ахмед Үйгінеки – "Хибат ал(ул)-хакайык" поэмасының авторы ("Ақиқат сыйы"). Қазақстанда исламның таралуы. Ортағасырлық түркі мәдениетінің ерекшелігі: ислам және номадизм.

Сопылық Қайта Өрлеу. Ахмет Яссауидің тұлғасы мен қызметі (1093-1166). "Диуани Хикмет" кітабы. Наджм ад Дин Кубра (1145-1220) және оның рухани өмір жобасы. "Құдай халқының жолы" трактаты. Сопылық ақын Нишапурлік Фарид ад-Дин Аттар (1145-1221) және оның "Құстардың әңгімесі" аллегориялық поэмасы. Самұрық құс бейнесі. Суфизм моңғол шапқыншылығына дейінгі Орталық Азиядағы қуатты діни қозғалыс ретінде. Түркілердің мәдени құндылықтары мен дүниетанымына суфизмнің әсері. Ағартушылық жетістіктерінің жоғалуы.

Алтын Орда кезеңінің мәдениеті. Материалдық және рухани мәдениет. Рухани құндылықтар. Өнер. Діни наным-сенімдер. Салт-дәстүрлер. Алтын Орданың негізгі технологиялық жетістіктері.

Ақсақ Темір кезеңіндегі мәдениет. Ақсақ Темірдің (1336-1405) билігі кезіндегі Орта Азиядағы мәдени және ғылыми өмірдің қайта жандануы. Сәулет өнері. Шахрисабздағы Ақсарай. Самарқан орталығындағы Бибі-Ханым мешіті. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.

"Сакральды (қасиетті) Қазақстан" бағдарламасы. Түркі кезеңінің мәдени ескерткіштерін қалпына келтіру мен сақтау. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Көне қала Тараз және өзге де мәдени объектілер қазақ халқының мәдени бірегейлік пен қазақтардың мәдени мұрасының құраушысы ретінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет