9.4 Оқытушылардың студенттермен өзіндік жұмысы (ОСӨЖ)
Тапсырма 1. Мәдениет рәміздері және олардың мәдени коммуникациядағы рөлі мен маңызы (Жобалық зерттеу, қорытындыларды презентациялау).
Әдістемелік нұсқау: Жоба жасау барысында студент мәдениеттің қоғам, әлеуметтік қатынастар, өзара әрекет механизмдері, әлеуметтік қауымдастықтардың әрекет ету және даму заңдылықтары туралы ғылым ретіндегі ерекшелігіне, мәдениет рәміздеріне, мәдени коммуникацияға айрықша көңіл бөлу қажет. Тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты сол дерекпен жұмыс жасауға дағдылануы, дерек көздері бойынша ойын анық жеткізіп, жоспар жасап, тезистер құрастыруы керек.
Әдебиет.
1. Хантингтон С. Столкновение цивилизаций. // Геополитика: Антология, - М., 2006.
2. Мәдениеттің Ғабитов Т.Х., Құлсариева А, Мүтәліпов Ж. Мәдениеттану.А, 2004
3. Құлсариева А.Ғарифолла Есім, Ғабитов Т.Х. .Мәдениеттану.А, 2006
4. Төкенов Ө. С. Жаңақұлов А. Мәдениеттану негіздері А, 1999
5. Ш. Нағымұлы .Мәдениеттану.Астана, 2007
Тапсырма 2. "Мәдениет интеграциясы мен локализациясы" мәселесін талдау (Дискуссия).
Достарыңызбен бөлісу: |