Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізіп, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата біледі.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Үй тапсырмасын сұрау.
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
1. Суреттерге қарап сөйлем құра.
2. Не себепті үш қала бейнеленген деп ойлайсың? Бұл қандай қалалар?
3. Суреттерді өзара байланыстырып, ойыңды қорытындыла.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
№3-тапсырма. Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. «Қасиетті өлке, мекен» дегенді қалай түсінесің?
2. «Жаңа Астана – ежелгі Қазақ жерінің төрі» деп неліктен айтылған?
3. Өзің қай жерде тудың? Сол елді мекен туралы аңыз әңгіме білесің бе? Айтып бер.