Әдебиеттер:
1. Степановских А.С. Биологическая экология. Теория и практика. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2009. – 791 с. (С.70-71-б).
5 АПТА.
№9 дәріс: Жүйе туралы түсінік.
Әдістері: дәріс.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Жүйе туралы түсінік.
2. Жүйелік идеялардың дамуы мен қалыптасуы.
3. Жүйелердің жалпы теориясы.
Табиғаттағы экожүйелер табиғаты жағынан өте күрделі, сан алуан, сондай ақ ресурстардың жекелеген түрлері, особьтар мен популяциялар арасындағы өзара байланыс кей жағдайда нашар байқалады. Тіпті жыртқыш пен жемтік арасындағы арасындағы байланыс (қарапайым жағдай) өте күрделі, көптеген факторларды ескеру қажет: мысалы, аштық дәрежесі, іздеу, қуу, жаңа функциональды реакция, уақыт және кеңістік бөлініс т.б.
Ірі масштабты экожүйелерді зерттеу және дамуын ғылыми тұрғыдан болжау математикалық модельдеу және тез жылдамдықта компьютерлік жүйеде осы математикалық модельді шешу арқылы мүмкін болады.
«Жүйе» термині ежелгі заманнан бастап табиғаттағы түрлі физикалық объектілерді сипаттау үшін қолданыла бастады. Ежелгі грек ғалымы Аристотель жүйе бірнеше элементтен тұратынын және тұтастың, яғни жүйенің оны құраушы бөліктердің қосындысына тең еместігіне назар аударған болатын.
Негізінен «жүйе» термині, сонымен қатар онымен тікелей байланысты жүйелі бағыт термині түрлі ғылымдарда түрлі мағынада қолданылады: философия, биология, психология, физика, математика, экономика, кибернетика, техниканың басқа да салалары.
Мысалы, «Күн жүйесі», «станокты басқару жүйесі», «Өндірісті (қала, аймақ т.б.) басқару жүйесі», «экономикалық жүйе», «қан айналу жүйесі» т.б.
Математикада жүйе термині математикалық өрнектер мен ережелердің жиынтығын бейнелеу үшін қолданылады: «теңдеулер жүйесі», «санау жүйесі», «өлшемдер жүйесі» т.б. Осы жағдайда синоним ретінде «жиын», «жинақ» немесе «жиынтық» терминдерін қолдануға болады. Бірақ «жүйе» термині белгілі бір реттілікті, тұтастықты, белгілі бір заңдылықтар бар екенін көрсетеді.
«Жүйе» термині жинақталған қорытындылайтын түсінік қана емес, белгілі бір анықтық байқалмағанда міндеттерді қою құралы ретінде де қолданылады.
Өндірістік процесстерінің күрделенуіне, ғылым мен техниканың дамуына, тірі организидер құрылысы мен қызметі туралы жаңа деректер жинақталуына байланысты дәстүрлі математикалық әдістер көмегімен шешуге болмайтын міндеттер жинақтала бастады. Эвристикалық әдістер ролі артты, эксперименттер күрделенді, шешімдер қабылдауда адамның ролі артты.
ХХ ғасырдың отызыншы жылдары философияда «жүйелер теориясы» деп аталатын бағыт бөлінді. Л.фон Берталанфи осы бағытты ұстанушысы болып есептеледі. Өзінің мамандығы биолог болғанмен «жүйелер теориясы» деп аталатын концепциясын философиялық семинарда баяндады. Л.фон Берталанфи «жүйе» терминіне анықтама берді: «жүйе дегеніміз өзара әрекеттесетін компоненттер жиынтығы» немесе «бір бірімен және ортамен белгілі бір қатынаста болатын элементтер жиынтығы». Ресейде осыған ұқсас жүйелі түсініктер туралы ілімді ұсынып, оны тектология деп атау қажеттігін ХІХ ғ. басында А.А.Богданов атап көрсеткенмен, оның ілімі танымал болмады, практикалық қолданылмады.
Жүйелі талдау әдістемесі ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының ортасынан бастап қана қолданыла бастады. Тез жылдамдықта компьютерлер мен ЭЕМ қолданыла отырып күрделі динамикалық жүйелерді модельдеу әдістері, соның ішінде аэрокосмостық және техникалық зерттеулерде жасалды. Осы саладағы алғашқы жұмыстар Ляпунов (1966, 1968), Винберг, Анисимов (1966), Полетаев (1966), сондай ақ шетелдік ғалымдар Уатт (1966), Одум (1967) т.б. еңбектерінде жарық көрді.
Жүйелі талдау принциптері мен ережелері туралы Форрестер, 1961; Моисеев 1973 ж. еңбектерінде негізделген. Құрлық экожүйелерін зерттегенде осы идеяларды алғаш рет пайдаланған Одум, 1960, Уат,(Watt,1966) т.б. Соңғы жылдары жүйелі талдауға негізделген кешенді экологиялық зерттеулер жүргізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |