Білу және түсіну: Білік: Әлеуметтану пәні бойынша: - негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен категорияларды қолдана білуді;
- әлеуметтік процестер мен құбылыстарды сараптауды;
- көптеген әлеуметтанулық материалдарды жүйелеуді;
- әлеуметтанулық зерттеудің түрлерін және элементтерін айыруды;
- әр қилы қоғамдық құбылыстарды зерттеудегі әлеуметтанулық амалдардың айрықша ерекшелігін табуды;
Саясататтану пәні бойынша: - саясаттың, саяси үрдістің тәжірибелік мәселелеріне талдау жасай білуі;
- саяси жүйенің, мемлекеттік институттар және қоғамдық саяси ұйымдардың қалыптасуымен дамуының заңдылықтарын аша білуі;
- күрделі саяси жағдайды түсіне білуі және сол жағдайда обьективті дұрыс позиция қабылдай білуі.
Мәдениеттану пәні бойынша: - студенттерге материалдық және рухани мәдениеттер әлеміндегі оның мәнін, құрылымы мен негізгі даму заңдарын еркін бағдарлай алуға қажетті білім беру;
- кеңістіктік және уақыттық қатынастардағы құбылыстар тұтастығы ретінде мәдениет пен өнер туралы түсінік беру;
- адамзаттың мәдени тәжірибесін меңгеруге, басты тарихи оқиғалар мен жетістіктерді талдауға мүмкіндік беру;
- ұлттық мәдениеттің көрнекті шығармаларымен танысу арқылы көркемдік ойлаудың дамуының тарихи логикасын айқындау, оның заңдылықтарын ашу және әр түрлі тарихи дәуірлердегі әлемді көркемдік-бейнелі түрде көру жүйелерінің қалыптасуының негізгі кезеңдерін сипаттау.
Дағды: Әлеуметтану пәні бойынша: - әлеуметтанулық тақырыпты ашуға қажетті материалдарды табуға және таңдауға;
- сараптамалық сұрақтар қоюға;
- рөлдік ойындарға қосылуға;
- жағдайлық әлеуметтік міндеттерді шешуге.
Саясататтану пәні бойынша: - Дүние жүзінде және елімізде болып жатқан саяси, әлеуметтік жағдайларға өздігінен талдау жасау;
- ғылыми жұмыс дағдыларына;
- елде, әлемде болып жатқан тарихи-саяси, экономикалық үрдістерді бағалау және талдау;
- болашақ жұмысында берілген білім және машықтарды қолдануы.