1 Пәннің академиялық сипаттамасы



бет2/24
Дата18.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#118457
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
sillabus 2022-23 poli sots kult isudo (5) (1)

Саясаттану пәні бойынша:
- қоғамдық ой қалыптастырудағы қазіргі қоғам дамуында саясаттың рөлін және мәнін;
- саяси ғылымның негізгі түсініктерін, саяси зерттеудің басты әдістерін, қоғамдық ғылымдарда тәжірибелік саясаттанудың алатын орнын және рөлін;
- азаматтық қоғам және мемлекеттің өзара қарымқатынастың, саяси өмірдің әлеуметтік негізін, саясатта топтық мүддені жүзеге асыру тетіктерін.
Мәдениеттану пәні бойынша:
Кәсіби қызметінде қазіргі қоғамның әлеуметтік - саяси, құқықтық жағдайларда дұрыс бағыт ұстана біледі, салауатты өмір салтын ұстану және сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика нормаларын қатаң сақтай отырып, кәсіпкерлікке, әлемдік экономикада динамикалы өзгеретін құбылыстар мен процестерге бейім бола отырып,кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылады, қоғамдық, діни нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық, рухани құндылықтарды біледі, білімін кәсіптік қызметінде қолданады, өз уақытын тиімді ұйымдастыруға, жауапкершілікті сезінуге, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға қабілетті болады, өзге халықтардың мәдениетіне толеранттылықты сақтай алады. Мектеп дидактикасының классикалық ережелерін, жаңартылған білім беру мазмұнын біледі, тәуелсіз Қазақстанның жалпы ұлттық құндылықтары мен білім мазмұнының біріктіру қағидаттары аясында тәрбиелеудің инновациялық технологиясын меңгеріп; қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдала алады, жаңа білім алуға икемді болады;

    1. Қалыптастырылатын оқыту нәтижелері

1) әлеуметтік-саяси модуль пәнінің базалық ілім жүйелерінде біріктіру үдерістерінің өнімі ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіндіру;
2) нақты оқу пәні мен модуль пәнінің мәнмәтінінің өзара әрекеттесу нәтижесінде ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдерін пайдалана білу;
3) оқытылатын пәннің аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде әртүрлі саладағы әлеуметтік қарым-қатынастың жағдайын түсіндіру;
4) әлеуметтік және тұлғаралық қатынастар, тіл, мәдениет, саяси бағдарламалар, қазақ қоғамының әртүрлі кезеңде дамуы туралы ақпаратты нақтылау және негіздеу;
5) қазақстандық қоғамда жаңарудағы саяси институттардың мәнмәтінінде олардың рөлінің ерекшеліктеріне талдау жасай алу;
6) қазақстандық қоғамдағы этикалық және құқықтық нормалар, қоғамдық, іскерлік, мәдени құндылықтар жүйесіне тең келетін түрлі қарымқатынастағы әртүрлі жағдайларды сараптау;
7) нақты мәселелерді талдау үшін әдіснамалық таңдауды негіздеу және қоғамды зерттеудің әртүрлі жолдарын айыра білу;
8) ғылымның әлеуметтік-гуманитарлық түрі немесе басқа да ғылымдар саласында қоғамдағы нақты жағдай қатынасын бағалау, болатын қауіп-қатерді ескере отырып оның даму болашағын жобалай алу;
9) кәсіби әлеуметтегі, сонымен қатар, қоғамдағы шиеленістерді шешуде бағдарламалар жасай алу;
10) түрлі қарым-қатынас аясында зерттеу жобалық қызметтерін жүзеге асыра алу, қоғамдық бағалы ілімді түрлендіру (генерациялау), оны жобалау;
11) әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіре және дәлелді түрде қорғай білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет