1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет57/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68
Байланысты:
цито сессия

Белсенді тасымал — бұл энергия жұмсаумен бірге жүретін молекулалар мен иондардың концентрация градиентіне қарсы мембрана арқылы тасымалы болып табылады. Бұл қозғалыс әдетте бір бағытты, ал диффузия екі бағытта да бола алады. Энергия көзі ретінде АТФ қолданылады. АТФ тыныс алу процесі кезінде түзілетін қосылыс, сондықтан белсенді тасымал тыныс алу болмаса жүзеге аспайды. Белсенді тасымал плазмалық мембранада орналасқан нәруыз-тасымалдаушылар арқылы жүзеге асады. Бұл нәруыздарға, жеңілдетілген диффузияға қатысатын нәруыздармен салыстырғанда, конформацияның өзгеруі үшін энергия қажет. Пассивті тасымалдау (ПТ) деп, зарядсыз бөлшектерді (заттарды) концентрациясы көп С1 ортадан концентрациясы аз ортаға қарай тасымалдауды, электролитте зарядталған бөлшектерді (заттарды) электр өрісінің потенциалы жоғары j1 ортадан, потенциал шамасы төмен j2 ортаға қарай тасымалдауды немесе электрохимиялық потенциалы жоғары m1 нүктеден, электрохимиялық потенциалы төмен m1 нүктеге қарай тасымалдауды атайды. Аталған тасымалдаудың бұл түрлерінде сырттан энергия жұмсалмайды, жүйе ішінде концентрациялық, электрлік т.б. градиентте жинақталған энергия қоры есебінен жүреді.

Passive transport

Active transport

Молекулаларды концентрациясы жоғарыдан төменге қарай жылжытады, энергияны қажет
етпейді. Пассивті тасымалдану диффузия, осмос және жеңілдетілген диффузия арқылы тасымалданады.
Диффузия – екі аймақтың концентрациясы теңескенге дейінгі қозғалысы. Осмос – концетрациясы бар аймаққа су молекулаларының қозғалысы. Үш түрлі ерітінді бар:
1.Изотоникалық ерітінді
2.Гипертоникалық ерітінді
3.Гипотоникалық ерітінді

Молекулалар концентрациясы Төменнен жоғары қарай энергияны пайдаланып қозғалады. Эндоцитоз, экзоцитоз арқылы тасымалданады. Эндоцитоз жасуша ішіне үлкен бөлшектерді тасымалдайды. Экзоцитоз молекулаларды жасуша сыртына тасымалдайды. Экзоцитоздың екі түрі бар: 1.Фагоцитоз – қатты бөлшектерді ішке енгізу. 2.Пиноцитоз – сұйық заттарды ішке енгізу. 


2 Анаэробты және аэробты организмдердегі метаболикалық айырмашылықтар қандай?
Тынысалу үдерістері немесе биологиялық тотығу, сондай-ақ жанудың соңғы нәтижесі бойынша ұқсас, алайда энергия жинақтауы өзгеше болады. Жану кезінде барлық энергия жарық және жылуға өтеді де, мұнда еш нәрсе қорға жиналмайды. Тынысалу үдерісінде энергияның бір бөлігі АТФ молекулаларында жинақталып, ақырында ағзалық заттарды синтездеу кезінде икемді алмасу реакцияларына пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет