1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет1/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
цито сессия


1 Билет
1)Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз.
Цитология (гр. κύτος — «қойма», бұл жерде: «жасуша» и гр. λόγος — «оқу», «ғылым») - жасуша туралы ғылым. Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын,құрамын және қызметін зерттейді.Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым құрылысын,қызметін және дамуын сипаттайды. Сондықтан да цитологияның зерттейтін құрылыстары мен заңдылықтары цитология,тәнтану,эмбриология,физиология,генетика,биохимия,молекулалық биология және т.б. ғылым негіздерінің қалануына жол ашты. Цитология бөлімі -цитохимия пәні жасушаның химиялық құрамының құрылысын,олардың түзілуін, жасушадағы таралуы мен белсенділігін және оның қызметінің өзгеруіне байланысты химиялық қосылыстардың өзгеріп отыруын зерттейді. 
Қазіргі заманғы цитологияның негізгі міндеттері: жасушалардың химиялық құрылымы мен микроскопиялық әрі субмикроскопиялық құрылымдарын әрі қарай зерттеу; жасуша құрылымдарының қызметі мен олардың өзара әрекетін; жасушаға заттардың ену әдістерін, олардың жасушадан шығуын және осы процестердегі мембрананың рөлін сипаттау. Сонымен қатар цитология қозуды қабылдауды әрі өткізуді, жасушалар арасындағы өзара әрекетті, жасушалардың зақымдаушы әсерге әрекетін және т.б. зерттейді. Зерттеу нысандары мен әдістеріне байланысты цитологияның мынадай бөлімдері: цитогенетика, кариосистематика, цитоэкология, радиациялық цитология, онкологиялық цитология, иммуноцитология және т.б. дамуда.
ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
XIX ғасырдың басында жүргізілген микроскопиялық зерттеулер жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің жасушадан құрылатынын дәлелдеп қана қоймады, органикалық дүниенің даму заңдылықтарын ашып берді. Я. Э. Пуркиня және И. П. Мюллер ұйымдастырған ғылыми мектептер өмірге жасуша теориясы жөнінде көп жаңалықтарды әкелді. Жалаң физиологиямен және фармакологиямен айналысқан Пуркинье енді өзінің ғылыми бағыт-бағдарын өсімдіктер мен жануарлар жасушаларын зерттеуге қарай бұрды.
Клетка теориясы ашылғанға дейін биология саласында оптикалық құралдармен жабдықтау, оньт жетілдіру сияқты күрделі жұмыстар жүргізілді. Сөйтіп, өсімдіктер мен жануарларды зерттеуде алғашқы мағлұматтар алына бастады. 1665 жылы Роберт Гук тұңғыш рет үлкейтіп көрсететін шынының көмегімен тозағашының құрылысын зерттеп, оның «клеткадан» тұратынын анықтады. Кейін өсімдіктердің өсіп дамуын бақылай келе М. Мальпиги (1671), II. Грю (1671) бұл жаңалықтарды толық. дәлелдеді.
А. Левенгук (1680) бірінші рет қан құрамында эритроциттердің барын анықтаса, Фантана (1781) жануарлар жасушаларындағы небір құпияларды ашты. Осыдан кейін өсімдіктер мен жануарлардың жасушаларының құрылыстары белгілі бола бастады. Клетканың құрамындағы негізгі элемент — протоплазма (Пуркиня 1830) мен ядро (Браун 1833) табылды. Осы мағлұматтарды негізге алып әрі әр түрлі ұлпалардың құрылысын, дамуын жанжақты зерттеп, соңынан нәтижелі қорытындыларын саралай отырып, 1838—1839 жылдары Т. Шванн өзінің атақты жасуша теориясын жазды. Бұл жаңалық табиғаттану ғылымдарында бұрын-соңды болмаған ұлы жетістіктердің бірі еді. Т. Шванның тұжырымы бойынша жасушаның пайда болуы өсімдіктерге де жануарларға да қатысы бірдей заңдылыққа бағынады. Ғалымның ой елегінен өткізілген осы қағида органикалық дүниенің даму заңдылығын тағы да бір қырынан көрсетті.
Ф. Энгельстің жасуша теориясын XIX ғасырдағы ұлы жаңалықтардьң бірі деп атауына да осы негіз болса керек.
Цитололгияда негізгі қолданылатын әдістердің бірі-жарық микроскопы. Соңғы жылдары жасушаны зерттеуде жарық микроскоптарының бірнеше түрлерін қолданылып жүр (люминесценттік, фазасы қарама-қарсы, электронды микроскоптарды). Жарық микроскоптарының көмегімен ұлпадан алынған және әр түрлі бояулармен боялған жұқа кесінділерді (препарат) зерттеуге болады. Ол үшін кесіндінің қалыңдығы 5—7 микроннан (мк) аспау керек, сонда ғана жарық кесінділер арқылы өте алады. Жарық микроскоптары арқылы тексеретін ұлпалардан кесінділер дайындау (препарат) өте күрделі жұмыс. Цитологиялық препараттар жасау бірнеше кезеңдерге бөлінеді: материал алу және оны бекіту, ұлпаларды тығыздау, парафинге күю, кесінділер жасау, бояу, бальзамға бекіту.
2) Неліктен эукариоттық организмдер құрылысы мен күрделілік деңгейі әртүрлі?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет