1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ


Инвестициялық жоба, оның құрылымы және өмірілік циклы



бет18/34
Дата29.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#60152
түріКонспект
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Байланысты:
ФИКИ лекция

2.8 Инвестициялық жоба, оның құрылымы және өмірілік циклы

Инвестиция мүліктік және интеллектуалдық актив түрінде қоғам сұранысын қанағаттандыруға, пайдалы өнім мен ағымдағы және болашақ кезеңде табыс алуға бағытталған кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру немесе ашу мақсатында шаруашылық субъектілеріне салынатын барлық капитал түрі (қаржы ресурстары) болып табылады.


Меншікті кәсіпкер өзінің қаржы ресурстарын пайдалану кезінде қаншалықты тәуекелге баратынын және сол тәуекелден қандай пайда табатынын білуі тиіс. Кез келген жаңа идея бірнеше кезеңді басынан кешіреді, нақты айтар болсақ:

  • Идеяның туындауы;

  • Экономикалық және ғылыми негіздеме;

  • Идеяны инженерлік және технологиялық өңдеу;

  • өндіріске енгізу;

  • өндірісті (жұмыс, қызмет) ұйымдастыру;

  • дайын өнімді сату;

  • өнімнің өміршеңдігі;

  • өнімнің пісіп жетілуі;

  • өнімнің сапалық және сандық жағынан тозуы.

Шығынсыз кәсіпкерліктің барлық кезеңінен сәтті өту үшін кәсіпкерлік идеяны іске асырудың барлық жағы қамтылған құжат қажет. Мұндай құжат жоба болып табылады.
Инвестициялық бизнес-жоба – уақыт жағынан шектеулі, нәтиже сапасына белгіленген шарты бар, қаржы және ресурстардың шығындалу мүмкіндігі болатын, әзірлеу мен іске асыру ерекше ұйымдастырылатын жеке жүйені мақсатты өзгерту болып табылады.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік жоба дегеніміз оның шеңберінде құрылған мақсат, ұйымдастырушылық-техникалық және ұйымдастырушылық құжаттама кешенінің жүйесі болып табылады. Жеке объектілерді құру және іске асыру, сонымен қатар оларды орындау бойынша басқару шешімдері үшін пайдаланылатын барлық ресурстардың жиынтығы (еңбек, материалдық, қаржы және басқа).
Мұнда түрлі күрделіліктегі кәсіпкерлік жобалардың тізімі беріледі. Мәселен, экологиялық қауіпсіздік саласында НИР жүргізу, нақты құрылыс материалдарын қолдану, өндірісті бастау және игеру, өнімнің жаңа үлгілерін шығару және сату, белгіленген екі пункт арасында жаңа теміржол тармағын салу және пайдалану, т.т.
Инвестициялық жоба (ИЖ) – қаржы салуды жүзеге асырудың көлемі мен мерзімінің экономикалық негіздемесі, оның ішінде РФ заңнамасына сәйкес әзірленген қажетті жоба-сметалық құжаттама және белгіленген тәртіппен бекітілген стандарт (норма және ереже), сонымен қатар инвестицияны (бизнес-жоспар) жүзеге асыру бойынша практикалық іс-әрекеттердің сипаттамасы.
Осылайша, жоба: іске асыру, ұзақтық, ақша ағымын көздейді.
Инвестициялық жоба – іске асуы инвестиция тартуды көздейтін шаруашылық шара немесе кәсіпкерлік жоба жоспары (бағдарлама).
Мұндай ыңғай инвестициялау кезеңіне (жыл, тоқсан, ай) бағытталған. Ереже бойынша мұндай бағдар инвестиция мерзімділігін көздейді (ұзақ және қысқа мерзімді).
«Инвестициялық жоба» ұғымы екі мәнде қолданылады:

  • Белгілі бір мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруды көздейтін іс, қызмет, шара ретінде. Бұл жағдайда мағынасына жақын терминдер «шаруашылық шара», «жұмыс», «жоба» болып табылады.

  • Қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажет немесе мұндай әрекетті сипаттайтын ұйымдық-құқықтық және есептік-қаржы құжаттарының жүйесі ретінде.

Авторлар екінші анықтамаға таңдау жасап, инвестициялық жобаның 3 кезеңін ашып көрсетеді:
Бірінші, инвестицияалды, ол мыналарды қамтиды:

  • Инвестициялық тұжырымдама (бизнес-идея) іздеу;

  • Жобаны алдын ала дайындау;

  • Идеяны соңғы өңдеу және оның техника-экономикалық және қаржы өз беттілігіне баға беру;

  • Жобаны соңғы рет қарау және ол бойынша шешім қабылдау.

Екінші кезең – инвестициялық, ол мыналарды көздейді:

  • Келіссөздер жүргізу және келісім-шарт жасау;

  • Инженерлік-техникалық жобалау;

  • Құрылыс,

  • өндірістік маркетинг;

  • оқыту;

  • пайдалануға беру және жұмысты бастау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет