1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ


Жобалық талдаудың концептуалды негіздері



бет21/34
Дата29.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#60152
түріКонспект
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
2.9 Жобалық талдаудың концептуалды негіздері

Жобаны қолдануда табылған қажеттіліктің жоғары бағасы, инвестициялық шешімді дайындау сатысында ұсынылған варианттардың терең зерттеулер жүргізілуіне көп көңіл аудартады – жобалық талдауда бұл жобалық шешімнің тәжірибедегі тұрақтыланған сараптаудың стандартты бағыттарымен байланысты. Әзірлеушілердің бұл талапты білуі жобаны әзірлеу экономикалық және қаржылық, экологиялық, әлеуметтік, институциялдық , коммерциялық, техникалық аспектілерге көңіл аудартады.


Инвестициялық шешімді дайындау кезінде жобалық сараптауды өткізу кешенді сараптаудың келесі бағыттарын және негізгі сұрақтарға жауап алуды ұсынады: Техникалық талдау. Жоба техникалық негізделген бе? Коммерциялық талдау. Жобаның өніміне сұраныс бар ма?Жобаны қамту қалай ұйымдастырылған?
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес-идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдын ала кезеңінің мазмұнын құрайды. Батыстық жобаларды талдау тәжірибесінде әдетте төмендегі критерийлерді қолданады:

  • саланың пісіп-жетілуі;

  • кәсіпорынның бәсекеге жарамдылығы (оның нарықтағы жағдайы).

Салының пісіп-жетілуін оны даму жағдайының төрт түрінің біреуіне жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, пісіп-жетілген немесе ескерген (кесте).
Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның бәсекеге жарамдылығын орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен салыстырмалы жағдайын анықтау. Әдетте кәсіпорынның негізгі алты жағдайын қолданады: басым, мықты, жағымды, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүре алмайтын.
Кәсіпорынның пісіп-жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді.
Жобаны талдаудың алдын ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілген критерийлер бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы қандай нақты «торға» жататындығын білдіреді.
Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ болмауы керек және алдын ала кезеңінде жасалатын қорытындылар сапалық бағаларға негізделеді. Соған қарамастан, бұл кезең келесі екі себепке байланысты қажет:

  • стратегиялық инвестормен ары қарай қатынас жасау барысында салының пісіп-жетілуі мен кәсіпорынның бәсекелік жағдайы туралы мәселелер міндетті түрде қозғалады және бұған алдын ала дайындалу керек;

  • егер кәсіпорынның басқарушылары (менеджерлері) талдауға назар аудармаса, онда стратегиялық инвестор бұл жұмысты өзі атқарып, оң нәтижелерге келмеуі мүмкін.

Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын «жоба қабылданбайды» резолюциясы шарттық сипатта болатынын атап өткен жөн. Шындығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет