1 Практикалық жұмыс Химиялық зертхана кезінде қауіпсіздік техника ережелері Мақсаты мен міндеттері


Ыдыс жуудың қандай әдістерін білесіз?



бет4/11
Дата23.01.2022
өлшемі50,16 Kb.
#24222
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№1 Практикалық жұмыс

4. Ыдыс жуудың қандай әдістерін білесіз?

Ластанған химиялық ыдыстарды эксперименттен кейін жуып тазалау керек. Реактив салынған ыдыстарды парашок сумен жуып, бирнеше рет шаяды. Химиялық лабораторияларда тәжірибе жасауға керекті, шыны, кварц, кәрлен, платина т. б. Материалдардан жасалады. Химиялық ыдыс түрлі реагенттер әсеріне, температураның ауытқуына төзімді, оңай жуылатын болуы керек. Химиялық ыдыстарды тазалау үшін хром қоспасы, күкірт қышқылы қажет.

Химиялық ыдыстарды жуу және кептіру.

• Ыдысты алдымен су құбырындағы сумен, содан соң ыстық сумен жуады. Сумен кетпейтін дақтарды арнайы ершикпен немесе шыны таяқшалармен жуады. Егерде дақ ершикпен кетпесе, ыдысты 10 -15%-тік сода ерітіндісі, сабын ерітіндісі және жуғыш ұнтақтармен жуады. Кейін ыдысты сумен жақсылап жуып, ең соңында дистильденген сумен шаяды.

• Егер ыдыс суда ерімейтін органикалық заттар және шайырмен ластанған болса, кірді кетіру үшін органикалық еріткіштер(спирт, эфир, бензин, бензол, дихлорэтан, т. б. пайдаланады. )

Ыдыстарды жуу кезінде келесі ережелерді сақтау керек:

1. Ыдысты пайдаланып болған соң тез жуу;

2. Жуу әдісін таңдау кезінде ластану құрамымен санасу керек;

3. Ыдыс жууды неғұрлым жай және тиімді әдіспен бастау;

4. Ыдыс жуу кезінде міндетті түрде резеңке қолғаптар кию керек;

5. Дәл анықтаулар жүргізуге арналған ыдыстарды жууып болған соң бірнеше рет дистильденген сумен шаю керек; Ыдысты ауада кептіру үшін арнайы қиғаш тақтай қолдану ыңғайлы. Кептіруді тездету үшін 100 -120 С температурадағы кептіргіш шкафтар қолданылады.

Ыдыстарды жууға арналған ертінділер.

• Хром қоспасы.

• 1. Концентрлі (күшті) күкірт қышқылына 5% (қышқыл көлеміне қарай) ұсақталған, майда кристал қосхромқышқыл калийді (K 2 Cr 2 O 7) кәрден тостағаншаға салып араластырады да су моншасында ептеп қыздырады. Сонда ол ериді.

• 2. Қосхромқышқыл калийді суда epiтедi, оған аса сақтықпен күшті күкірт қышқылын кұяды. Қоспа мөлшері 100 мл су, 6 г қосхромқышқыл калий, 100 мл сыбағалы салмағы 1, 84 күкірт қышқылы. Бірнеше рет қолданғанда қою сарғылт хром қоспасы қою жасыл түске боялады. Бұндай қоспа ыдыс жууға жарамайды.

Практикада шыны ыдыстарды жуудың кең тарағаны, оларды хром қоспасымен жуу. Хром қоспасын - калий дихроматы (K 2 Cr 2 O 7) және концентрлі (96 -98%) күкірт қышқылынан (H 2 SO 4) жасайды. Дұрыс даярланған хром қоспасы қара-қоныр түсті болады. Хром қоспасымен ыдыстарды жууда өте сақтық керек. Дурыс қолданбағанда ол денені күйдіріп жібepyi мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет