Бу қуатты қондырғылардың негізгі идеалды циклі болып Ренкин циклі есептеледі. 6.5-суретте Ренкин циклімен істейтін бу куатты қондырғының принцпті сұлбасы мен осы циклдің 6.6 суретте Р, V жэне Т,S диаграммалары кестеленген.
11.3-сурет. Аса қызған бумен жүмыс істейтін бу қуатты кондырғының принцпті сүлбасы.
1 - бу казаны; 2 - бу қыздыр5ыш; 3 - бу турбинасы; 4 -конденсатор; 5 - арнайы насос.6.6-сурет. Аса қызған будың P,V жэне T,Sдиаграммадағы Ренкин циклі.
Жұмыстық дененің бу қазаны алдындағы күйі параметрлері 4 нүктемен, ал судың кайнау, бүлану және аса қызу процесстері тиісті 4-5, 5-6, 6-1 сызыктарымен белгіленген. Бу трубинасында 1-2 сызығы бойымен адиабаталы ұлғаю процессі жүріп будың қысымы Рх-ден Р2-ге дейін төмендейді. Мүндағы пайдаланылған будың құрғактық дэрежесі 0,88 кем болмауы керек. Тұрақты кысым және температурамен конденсаторға (4) түскен бу жылуын салкындатқыш суға беру арқылы толығымен конденсатка айналады ( X = 0 ). Процесстің соңғы сатысы конденсатталған сұйыктықты арнайы насос арқылы бу қазанына қайтарумен аяқталады. Насос аркылы конденсат тасымалдануы кезінде оның температурасы өзгеріссіз қалатын болғандықтан (4 нүкте) Т,Sдиаграммада 3 және 4 нүктелері қосарланып тұрады. Конденсатты tктемпературасына дейін 4-5 процессімен қыздыру T,Sдиаграммасында төменгі шекаралық имекпен косарланады (X = 0 ). Одан әрі цикл тағы да кдйталанады.
Қаныккан будың Ренкин циклі Карно циклінен келесі артықшылықтарымен ерекшеленеді:
- пайдаланылған будың толығымен конденсатталуы;
- аса қызған буды пайдалану аркылы бу куатты қондырғының термиялы ПӘК жоғарылығы.
Ренкин циклін t,S диаграммада қарастыра отырып келесі түжырымға келуге болады: f-4-5-6-1-2-7-0 ауданы аса қызған будың энтальпиясы h1-ге тең болғандағы 1 нүктедегі күйін бейнелейді; 0 — f— 3 — 2 — 7 — 0 ауданы энтальпиясы Һ2 -ге тең турбинада пайдаланылған будың күйін; ал 0 — f —3 — 8-0 ауданы энтальпиясы Һ2-ге тең конденсаттың 3 нүктедегі күйін бейнелейді. 1 кг буға бу казанында берілетін жылутың ql шамасын 4 — 5 — 6 — 1 изобара арқылы мына формуламен аныктаймыз
q1=h1-h2(6.7)