1 практикалық сабақ Пән атауы: Функционалдық сауаттылықты дамыту әдістемесі Тақырыбы



Дата28.01.2023
өлшемі61,91 Kb.
#63470
түріСабақ
Байланысты:
1-тапсырма Әлімғожа.Д


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
Қазақ тілі мен әдебиеті


1 - ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ




Пән атауы: Функционалдық сауаттылықты дамыту әдістемесі
Тақырыбы: Функционалдық сауаттылықтың мәні


Орындаған: Әлімғожа Дастан
(ҚТӘ ЖОО 2-курс ДОТ)
Тексерген: Балтабаева Жаналик

Алматы, 2023
Практикалық сабақ 1. Функционалдық сауаттылықтың мәні
1. Пәннің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.
2. Функционалдық сауаттылық мәселесіне қатысты құжаттар мен әдістемелік еңбектердің мазмұны.
«Функционалдық сауаттылық» термині өзінің 1957 жылы ЮНЕСКО енізген уақытынан бастап «сауаттылық» және «минималды сауаттылық» ұғымдарымен қатар қолданысқа түсіп келген.
Осы орайда әрқайсысына жеке-жеке түсініктеме беріп тоқталып кету жөн болмақ.
1)Сауаттылық дегеніміз – оқу, жазу, санау және құжаттармен жұмыс жасай алу дағдылары.
2)Минималды сауаттылық дегеніміз – қарапайым хабарламаларды оқу және жазу дағдылары.
3)Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адам өзінің оқу және жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасауда қолдана білу қабілеті, яғни адамға өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін және сол ортаға барынша тез әрі жайлылықпен бейімделуіне жағдай туғыза алатын сауаттылық деңгейі. Бұл деңгейде адам мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты, мәлім іріктеп алуы үшін және сондай ақпаратты басқаларға жеткізе алуы үшін қажетті болатын қабілеттер қалыптасады.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым- қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады
Функционалдық сауаттылық пәннің мақсаты: білім беру жүйесіндегі жаңа идеялар мен тұжырымдарды талдап, ұлттық құндылықтармен сәйкестігі тұрғысынан бағамдай алатын, қазақ тілін оқыту теориясы мен әдіснамасын білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттармен бірлікте қарастыратын, қазақ тіл білімінің салалары бойынша алған білімдерін оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіруде және өзін дамытуда тиімді пайдалана алатын, әлеуеті жоғары білікті маман даярлау.
Функционалдық сауаттылық пәннің міндеттері: білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттарды саралап талдай алу; функционалдық сауаттылыққа қатысты тірек ұғымдардың мәнін ашу; функционалдық сауаттылық мәселесін зерттеген ғалымдардың еңбектерін талдау; функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың факторларын айқындау.


И.А.Мещеряков функционалдық сауаттылық - (ағылшын тілінде functional literacy) - дағды мен білімді қамтамасыз ететін жеке тұлғаны дамытуға, жаңа білім алу мен мәдениет жетістіктерін игеруге бағытталған білім нәтижесі, жаңа техниканы қолдануды игеру, кәсіби міндеттерді жетік меңгеру, жанұялық өмірдегі сәтті үйлесімділік құра білу, өмірлік түрлі жағдаяттарды шеше алу деп анықтама берді.
Н.Г.Калашникова «Идеал мектеп оқушысының портретін» қалыптастыру үшін оқушыда келесі қарым - қатынас сферасы қалыптасуы керек деп атап өтті: ‒ оқушысы тұлғасының мотивациялық - бағалау сферасы; ‒ рухани - көркем- бейнелік сферасы; ‒ қарым - қатынас сферасы арқылы; ‒ білімді игеру әрекеті сферасы.
М.А. Холодная зертеуінде жалпы білім беру процесін реформалауда екі базалық ұғымды анықтауға болатындығын, олар «түйінді құзіреттіліктер» мен «функционалдық сауаттылық» ұғымдары екені атап өтті. Аталған ұғымдар оқытудың нәтижесі және білім мазмұны бағдары ретінде қарастырылады. Ол нәтижелер оқу әрекетінде, ақпараттық қолдануда, шығармашылық іс -әрекетте, спорттық жетістікте, еңбек әрекеттері нәтижелерінде көрініс табатынын қарастырды.
Сонымен қоса М.А. Холоднаяның пайымдауынша «функционалдық сауаттылық» пен «түйінді құзіреттілік» ұғымдары табысты өмір сүріп, білім алуды жалғастыру үшін оқушы игеруі тиіс сапалық қасиеттер ретінде қарастырылады. Себебі адам өмірлік, кәсіби қызметтегі, жанұялық өмірдегі, әлеуметтік саладағы түрлі жетістіктерге жету үшін оқушы бойында келесі түйінді құзіреттіліктер қалыптасуы тиіс деп есептейді: «автономдық әрекет» (өзбетінше әрекет ету мен жеке белсенділік), «құрал қолдану» ( физикалық, әлеуметтік, тіл, техникалық т.б.), «Әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік топтарда әрекет ету» (толеранттық таныту, адамдармен біріккен әрекетке дайын болу).
Сонымен қоса М.А. Холодная «функционалдық сауаттылық» ұғымының оқу нәтижесі ретінде қолданылуымен қоса келесі айырмашылықтарын атап өтті. Олар: 1) тұрмыстық мәселелерді шешу бағытында; 2) жеке тұлғаның әлеуметтік жағдайдағы өзін ұстауының сипаттамасы; 3) дәстүрлі, стериотиптік міндеттерді шешудің байланысы; 4) оқу және жазу дағдысы деңгейінің элементарлық базалық деңгейі; 6) сауаттысыздық мәселесін аз уақыт бірлігінде шешу мағынасында қолдануы.
С.Г. Вершилинский мен М.Д. Матюшкина «функционалдық сауаттылық» ұғымын мектеп түлектерінің сауаттылық көрсеткіштері ретінде қарастырады: Жалпы сауаттылық (шығарма, реферат жазу; калькуляторсыз санау, анкета, бланк толтыра алуы), ақпараттық сауаттылық (желіден қажетті мәліметті таба алуы, электрондық поштамен хат алысу, мәтін теру мен шығару).
«Функционалдық сауаттылық» ұғымына қатысты жүргізілген зерттеулерді қарастыра келе, бүгінгі таңда отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде «функционалдық сауаттылық» ұғымын қолдануда бірізділік жоқ екені байқалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет