1 Практикалық сабақ. Сұйықтың физикалық қасиеттері және оларды анықтау. Гидростатиканың негізгі теңдеуі



бет3/4
Дата22.11.2022
өлшемі2,74 Mb.
#51773
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
1 praktikal k sabak

Гидростатиканың негізгі теңдеуі.

  • Гидростатикада тыныштық жағдайында тұрған сұйық зерттеледi. Бұрын атап өткенiмiздей, тыныштық жағдайында тұрған сұйықты жанама кернеу (τ = 0) әрқашанда нөлге тең (τ = 0). Сондықтан, тыныштықта тұрған тұрған сұйықты қарастырған кезде оның бойындағы кез келген нүктесiнде бiз тек қана нормальды кернеудi байқаймыз: σ = σn
  • Тыныштықтағы сұйықта алынған нүктедегi гидростатикалық қысым деген түсiнiк -гидростатикадағы негiзгi түсiнiк.
  • Бұл қысымды p әрпiмен белгiленеді және қысқарта жәй ғана “гидростатикалық қысым” деп атау қабылданған.
  • Тыныштықтағы сұйық жағдайында берiлген нүктедегi гидростатикалық қысым дегенiмiз сол нүктедегi кернеудiң модуліне тең скаляр шаманы айтады.

мұнда - кернеудiң модулi (қарастырылып отырған нүктенi айнала алынған алаңқайдың орналасу бұрышына байланысы жоқ).

Гидростатикалық қысымды төмендегi жолмен түсiндiрiп көрейiк:

  • Гидростатикалық қысымды төмендегi жолмен түсiндiрiп көрейiк:
  • Тыныштық жағдайдағы кез келген көлемдегi сұйықтың суретiн елестетейiк. Осы көлемнiң iшiнен M нүктесiн белгiлеп, осы нүкте арқылы өтетiн кез келген AB беттi аламыз. Бұл бет берiлген сұйықтың көлемiн екi бөлiкке (I және II) бөледi. AB бетiнiң M нүктесiн айналдыра S ауданында бөлiп аламыз.

1.3 сурет
AB бетi арқылы I бөлiктен II бөлiкке қарай қысым күшi түседi. Бұл күштер, бiз оны P-мен белгiлеймiз, S ауданға түсуі керек.
Қарастырып отырған S ауданға түсетiн P күшi гидростатикалық қысым күшi (немесе жиынтық гидростатикалық қысым) леп аталады.
P күшi II бөлiкке қатысты алғанда сыртқы бетiн күш деп, ал екi бөлiктен туратын бүкiл сұйықтың көлемiне қатысты ол iшкi күш болып есептеледi. P күшiне қарсы екiншi бөлiктен (мәнi де күшi де сондай) жауап күш берiледi. Сондықтан P күшiн жұпты күш деп қарастырамыз. модулiн S-ке бөлемiз.
Sopт
мұндағы Popт қарастырылып отырған S ауданнының бiрлiгiн келетiн орташа күштiң мәнi. Pср – орташа гидростатикалық қысым деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет