Тыныштықтағы сұйықта алынған нүктедегi гидростатикалық қысым деген түсiнiк -гидростатикадағы негiзгi түсiнiк.
Бұл қысымды p әрпiмен белгiленеді және қысқарта жәй ғана “гидростатикалық қысым” деп атау қабылданған.
Тыныштықтағы сұйық жағдайында берiлген нүктедегi гидростатикалық қысым дегенiмiз сол нүктедегi кернеудiң модуліне тең скаляр шаманы айтады.
мұнда - кернеудiң модулi (қарастырылып отырған нүктенi айнала алынған алаңқайдың орналасу бұрышына байланысы жоқ).
Гидростатикалық қысымды төмендегi жолмен түсiндiрiп көрейiк:
Гидростатикалық қысымды төмендегi жолмен түсiндiрiп көрейiк:
Тыныштық жағдайдағы кез келген көлемдегi сұйықтың суретiн елестетейiк. Осы көлемнiң iшiнен M нүктесiн белгiлеп, осы нүкте арқылы өтетiн кез келген AB беттi аламыз. Бұл бет берiлген сұйықтың көлемiн екi бөлiкке (I және II) бөледi. ABбетiнiң M нүктесiн айналдыра S ауданында бөлiп аламыз.
1.3 сурет
AB бетi арқылы I бөлiктен II бөлiкке қарай қысым күшi түседi. Бұл күштер, бiз оны P-мен белгiлеймiз, S ауданға түсуі керек.
Қарастырып отырған S ауданға түсетiн P күшi гидростатикалық қысым күшi (немесе жиынтық гидростатикалық қысым) леп аталады.
P күшi II бөлiкке қатысты алғанда сыртқы бетiн күш деп, ал екi бөлiктен туратын бүкiл сұйықтың көлемiне қатысты ол iшкi күш болып есептеледi. P күшiне қарсы екiншi бөлiктен (мәнi де күшi де сондай) жауап күш берiледi. Сондықтан P күшiн жұпты күш деп қарастырамыз. модулiн S-ке бөлемiз.
Sopт
мұндағы Popт қарастырылып отырған S ауданнының бiрлiгiн келетiн орташа күштiң мәнi. Pср – орташа гидростатикалық қысым деп атайды.