« Электрондық журнал » модуліне қойылатын талаптар
9.1. « Электрондық жорнал » модулі оқушылардың үлгерімі мен қатысуын есепке алудың құралы болып табылады, оқушы білімінің сапасын бағалау жүйесінің мөлдірлігін және ата-аналармен үнемі өзара әрекеттесу, оқыту нәтижелері туралы оларды хабарландыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
9.2. Электрондық сынып жорналының интерфейсі және оны толтыру ережесі барынша дәстүрлі қағаз жорналға сәйкес болуы тиіс.
9.3. Электрондық жорналдың сабақ кестелерін дайындаудың және күнтізбелік тақырыптық жоспарлаудың модульдерімен үйлестіру; оқушыларды, сабақтардың тақырыбы мен өткізу датасын автоматтық жүктеу, сыныптарды топтарға, жеке сабақтарға бөлуді есепке алу мүмкіндігі, бес балдық шкала бойынша баға қою мүмкіндігі; тоқсандық және қорытынды бағаларды есептеу; оқушылардың қатысуышылығын, әрбір оқушының және сырыптың тұтастай тоқсан мен оқу жылындағы жіберген сабақтары мен күндерінің санын есепке алу мүмкіндігі бар болуы тиіс.
9.4. Электрондық жорналға бағалар Тестілеу менеджментінің жүйесінен (TMЖ) ендіріледі.
9.6. Электрондық жорналдың мәліметтері үлгерім және қатысушылық бойынша жиынтық және дербес есеп-қисаптарды, пәндік есеп-қисаптарды қалыптастыруға, сапа пайызын, үлгерім пайызын және т.б. есептеуге, есеп-қисапты Excel-ге жүктеуге мүмкіндігінің бар болуына мүмкіндік беруі тиіс.
9.7. Электрондық жұрналға қатынас құру пайдаланушының құқығына байланысты жүзеге асырылады. Электрондық жорналды мұғалім толтырады, алайда мұғалімге редакциялау үшін ол сабақ өтізетін пән/сыныптың беттері ғана қол жетерлік болады. Электрондық журналда тұрған мәліметтерді қарап шығуға мектеп директорының, оқу ісін меңгерушінің, сынып жетекшісінің қолы жетеді.
9.8. Электрондық жорналға мұғалім енгізген ақпарат оқушының электрондық күнделігіне өтуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |