«Физика математика және ақпараттық жүйе» бөлімі



бет1/12
Дата20.12.2023
өлшемі88,41 Kb.
#141630
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

«Физика математика және ақпараттық жүйе» бөлімі

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

«Физика – математика және ақпараттық жүйе» бөлімі

«Қорғауға жіберілді»

ПЦК төрайымы

________________Жұмағұлова Г.


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Ықтималдықтар теориясын беру мүмкіндіктерін есептеу әдісі»

Пән: Математика оқыту әдістемесі

Мамандығы: 0111000 – «Негізгі орта білім»

Біліктілігі: 0111113 – «Ағылшынша білімі бар математика пәні мұғалімі»

Тобы: М – Л – 16

Орындаған:Абытбек Елдос

Ғылыми жетекшісі:Суханбердина Ғазиза
Баға: ______
Қорғалған күні: «__»____________ж

Қызылорда қаласы 2020 ж.

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ




І.НЕГІЗГІ БӨЛІМ Ықтималдық ұғымына сипаттама




1.1 Ықтималдықтар теориясына тарихи шолу




1.2 Ықтималдықтар теориясын беру мүмкіндіктерін есептеу әдістері




2. Ықтималдықтың классикалық анықтамасы. Комбинаторика формуласының көмегімен ықтималдықты есептеуге арналған жаттығулар




ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................




ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР





К і р і с п е
Орта мектепте ықтималдық-статистикалық сала бойынша арнайы курстар жүргізу туралы ұсыныс жаңа бастама емес.
Ықтималдықтар теориясының элементтерін орта мектеп курсына енгізу жайлы ой-пікірлер IX-ғасырдан пайда болған. XX-ғасырдың басында жаратылыс тану мен техникадағы, молекулярлық физикадағы жетістіктер мектепте ықтималдықтар теориясының элементтерін оқыту қажеттілігін алға қойды.
1919 жылғы бағдарламаның жобасында бірыңғай еңбек мектептеріндегі жаратылыс тану және техникалық топтар үшін ықтималдықтар теориясының элементтері енгізілді. Бірақ сабақ беретін маман-ұстаздардың жоқтығына байланысты жобаға енгізілген материал жүзеге аспады. 1925 жылы орта мектептің математика бағдарламасына ықтималдықтар теориясының элементтерін енгізу әрекеті қайта қарастырылды. Өкінішке орай, математика пәніне бөлінген уақыттың тапшылығынан және ықтималдықтар теориясы бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттердің жеткіліксіздігінен бағдар-ламадан алынып тасталды. 1965-1966 жылдары комбинаторика элементтері мен ықтималдықтар теориясы бойынша қарапайым ұғымдар математика бағдарламасының жобасына енгізілді. Математиканың мектеп курсына ықтималдықтар теориясының элементтерін енгізу жайлы танымал ғалымдар А.Н.Колмогоров, А.Д.Аксанугов, А.И.Маркушевич, Б.В.Гнеденко, И.М.Яглом, А.Я.Хинчин өз ойларын білдірген.
Математикалық білім беру реформасына байланысты орта мектептегі математика курсының жеке тақырыбы ретінде ықти-малдар теориясының элементтерін оқыту мақсатында XX-ғасырдың 60-шы жылдары көптеген ғалым-әдіскерлердің бірқатар еңбектері жарық көрді.
Бірақ ықтималдық теориясының элементтерін оқытуға мектеп дайын болмағандықтан, орта мектептің математикадан бағдарлама құру бойынша пәндік комиссиясы 1967 жылғы жобада ұсынылған ықтималдықтар теориясындағы бастапқы мәліметтерді міндетті оқу курсынан алып тастауға мәжбұр болды және оларды 10-сыныптың факультативтік сабағына ауыстырды. Аталған комиссияның төрағасы А.Н.Колмогоров келешекте бұл материалдың негізгі мектептің математика курсына енгізілетіні жайлы айтқан.
Қазіргі кезде көптеген шет елдердің орта мектеп бағдарламаларына комбинаторика және статистика элементтері қамтылған ықтималдықтар теориясының элементарлық курсы енгізілген. Бірнеше жылдар бойы Венгрияда мектептің математика курсына ықтималдық-статистикалық теориясының элементтері енгізілген болатын. Бұл бастама Европада алғашқылардың бірі болып мектеп оқушыларына стохастиканы оқыту жолдарын ұсынған Т.Варгидің еңбектерінің негізінде жүзеге асты деуге болады.
Англия мен Уэльс ұлттық оқу жоспарында ықтималдықтар теориясы бойынша материалды оқытуға едәуір уақыт берілген. Бастауыш сынып оқушылары объектілерді топтастыруды орындай алулары, мәліметтерді жинап және оны кестеге енгізе білулері, ақпараттың бөлігін кестеден бөліп алулары, қарапайым диаграммаларды оқып және оларды құра білулері, ықтималдық терминологиясын дұрыс қолдана білулері, тәжірибенің орындалу ықтималдығы жайлы сөйлей білулері, эксперимент нәтижесінің ықтималдықтарын салыстыра білулері қажет. Сонымен, ғылымда мектеп математика курсына ықтималдық-статистикалық материалды енгізу идеясы 30 жыл бойы жүргізіліп келді және көптеген педагог-ғалымдардың еңбектерінде бұл проблеманың әр түрлі аспектілері зерттелді.
Соңғы жылдары ТМД елдерінде ықтималдық-статистикалық білім беру мәселесіне қызығушылық арта түсті. Ресейде бірнеше жыл бойы әр түрлі аймақтардағы негізгі мектептің оқушылары «Математика 5-6» Г.В.Дорофеев пен И.Ф.Шарыгинның редация-лауымен, «Математика 7-9» Г.В.Дорофеевтің редакциялауымен басқарылған жаңа оқу кешендерімен жұмыс жасауда. Бұл 5-сыныптан бастап 10-сыныпқа дейін жүйелі түрде статистикалық-ықтималдықтар теориясы оқытылатын Ресейдің алғашқы оқулықтарының бірі.
Бүгін біздің қоғамымызда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерге, қазіргі кездегі барлық саладағы ғылым мен техниканың дамуына байланысты ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерін мектепте оқытудың қажеттілігі жайлы сұрақ қайта көтерілді.
Біздің елімізде де ықтималдық-статистикалық материалды мектепте міндетті математикалық білім берудің негізгі тарауы ретінде енгізу жайлы түбегейлі шешім қабылданды. Соңғы жылғы барлық перспективалық білім беру құжаттарында 6-9 сынып математика курсында «Функция», «Теңдеу және теңсіздік» салаларымен тең дәрежеде ықтималдық-статистикалық тарауы енгізілген.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жоғары оқу орындарынан ғана бастап ықтималдық ойлауды қалыптастыру өте кеш, ал мектептен қалыптасып қалған детермистік ойлауды қайта құру өте қиын. Қазіргі кезде мектеп математикасының жалпы курсында статистикалық, комбинаторикалық және ықтималдық элементтері енгізілген. Бірақ оқушыларды қандай да бір қарапайым есептерді шығаруға ғана үйретіп қоймай, ықтималдық-статистикалық ойлау элементтерін қалыптастыру қажет.
Статистикалық ойлау өзара байланысқан мынадай компо-ненттерден тұрады: статистикалық мәдениет, комбинаторикалық ойлау, ықтималдық интуицияның дамуы.
Статистикалық мәдениетке, құбылыстың сипаты жайлы дұрыс қорытынды алу мақсатында статистикалық ақпараттарды қабылдау, оқу, талдау жасау және оларды әр түрлі формада (таблица, диаграмма, үлестіру қисығы) көрсету жолдары жатады.
Комбинаторикалық ойлау қарастырылып отырған құбылыстың барлық нәтижелерін анықтай білу, толық нәтиже кеңістігінен қандай да бір белгі бойынша таңдау жасаудан тұрады.
Ықтималдықтық интуицияға мүмкіндікті бағалай білу, болжам және ұсыныс жасай білу, жағдайды болжай білу, құбылысты талдауға статистикалық әдісті қолдана білу жолдары жатады.
Комбинаторика, ықтималдықтар теориясы және статистика элементтері негіздерін оқыту бойынша эксперимент Семей қаласының 7-мектеп-лицейінде 2003 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жүргізіліп келеді. Бұл еңбектің нәтижелері математика мұғалімдеріне арналған осы оқу-әдістемелік құралда көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет