Әңгіме-дебат -ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалатын әңгіме түрі.
Топтық әңгіме-айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беретін; білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдайтын; идея қайталанатын, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейтін әңгіме түрі.
Зерттеушілік әңгіме-әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынатын; әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізілетін; қатысушылар сұрақ қойып және айтқандарын дәлелдейтін; топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысатын әңгіме түрі.
Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. Зерттеушілік әңгіме кезінде оқушылар ортақ мәселені шешуде топ болып жұмыс істейді, әркім өз идеясын айтады, басқаның идесына өз ойын білдереді, баға береді,бірге ойланады, ұжымдық білім мен пікір қалыптасады. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі.
Диалогта сұрақ қою да маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар болады Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды.
Неғұрлым оқушыларға жоғары дәрежелі сұрақ қойған сайын олардың ойлау, талдау, қорытындылау, бағалау қабілеттерін жетілдіріп, ойлаудың жоғары деңгейіне көтеруге болады. Бірақ, сұрақты қойғанда да оқушының қабілетіне, деңгейіне қарай қою керек. Сонымен қатар оқушының да қойған сұрағына қарап оның ойлаудың қай деңгейіне жеткендігін білуге болады.
Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың техникалары мынадай: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау.
Сұрақ қойылғаннан кейінгі кідіріспен қатар мұғалім оқушының жауабын алғаннан кейін де кідіріс жасау қажет. Күту уақытын үштен жеті секундқа дейін созып жіберсе, бұл төмендегідей басқа да параметрлердің жақсаруына әкеледі:
1. Оқушылардың жауаптарының толықтығы
2. Ерікті жауаптардың саны.
3. Оқушылар сұрақтарының жиілігі.
4. Қабілеттері төмендеу оқушылар жауаптарының саны.
5. «Оқушы-оқушы» әдісі бойынша өзара іс-қимыл.
6. Пікірталасты жауаптардың жиілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |