Байланысты: №1 практикалы саба ты та ырыбы Т рбие дерісі- т тас педагоги
№1 практикалық сабақтың тақырыбы:
Тәрбие үдерісі- тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі
Мақсат – өз қызметін атқару үшін жалпы сипатқа ие болуы тиіс. Сонда ғана тәрбие мақсатының жалпы тәрбие процесіне байланысты орны нақты көрінеді: мақсат – бастау көзі, педагогтың кәсіби қызметінің бірінші элементі. Схема түрінде бұл бұлайша сипатталады. Тәрбие мақсаты Тәрбие процесі Тәрбие нәтижесі Бұдан туындайтын ой – мақсат тәрбие процесінің мазмұнын айқындайды, мақсат тәрбие нәтижесінде негіз болады, мақсат – педагогтің кәсіби ісәрекетінің баға өлшемі, мақсат – педагог санасының үздіксіз айналымды жүретін ой обьектісі. Бұған қосымша, тәрбие жүйесі толығымен мақсатқа тәуелді, оған орай өз мағынасына ие болады. Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал. Тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақылойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымын қалыптастырады, ерікжігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан, тәрбиенің мәні, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Тәрбие - біртұтас үдеріс
Күрделі деңгей:
Тәрбие үдерісі- тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі екенін дәлелдеңіз.
Тәрбие - мақсатқа бағытталған тұлға бойында көзқарастар мен сенімдер, қасиеттер мен құндылықтар, мінез-құлық нормаларын қалыптастыру процесі. Тәрбие - мақсатты, арнайы ұйымдастырылған жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру процесі.
5 Тәрбие процесі- жеке адам мен балалар ұжымын әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруда, оларды, өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, әрбір әрекетімен, қызметімен қоғамға панда келтіруде, өз жеке басына қанағаттанған сезіммен қарауға тәрбиелеу. алтына айқын мақсаттар қойып Тәрбие процесінің құрылысы өз ерекшеліктеріне байланысты алтына айқын мақсаттар қойып, тәрбие мазмұның соған негіздеп, оларды іс-жүзіне асыруда тәрбиенің формалары мен әдістәсілдерін, объективтік мүмкіндіктерін сонымен қатар ең соңында жеткен жетістіктерідің қорытындысын белгілейді. Тәрбие процесінің екі жақтылық функциясының мәні Тәрбие процесінің екі жақтылық функциясының мәні –педагогтің белгілі мақсат пен жасаған педагогикалық ықпалы, табиғи түрде, оқушының өмірі мен іс-әрекеттерінің үйлесуі қажет.
Бүгінгі қоғамның дамуы жағдайындағы тәрбие процесінің рекшеліктерін, мәні мен мақсатын айқындаңыз.
Қазіргі уақытта балаға деген берілетін тәрбие түзу және өатты болмаса баланың жанындағы яғни,қасындағы достарымен араласуы арқылы баланың өзінің үйде алған тәрбиесін жоғалтып қоғамдағы тәрбиені алуы және өзгеруі мүмкін.Сондықтан әр-бір ата-ана балаларын тәрбиелегенде оның ортасына да көңіл бөлгені жөн деп санаймын.Себебі орртасы дұрыс болса балада дұрыс болады.
Орта деңгей:
Тәрбие жұмысы тиімді іске асуы үшін жүргізілетін қызметтерді түсіндіріңіз:
Тәрбие жұмысы үш түрлі қызметтің іске асуына байланысты жүргізіледі: - педагогтың шәкіртке тікелей ықпал жасауы: бала дамуының ерекшеліктерін, қоршаған ортасы мен қызығуларын зерттеу; тәрбиелік ықпалдарды бағдарлау; баламен жеке-дара жұмыс алып барудың әдістері мен формаларының кешенін іске асыру; тәрбиелік ықпал тиімділігін талдау; - тәрбиелеуші орта түзу: ұжымды ынтымақтастыру; жайма-шуақ көңіл жағдайын қалыптастыру; тәрбиеленушіні әртүрлі әлеуметтік қызметтерге тарту; балалардың өзіндік басқарым тетіктерін дамыту; - әлеуметтік қатынастар субъекттерінің балаға тигізетін әсер-ықпалдарын реттеп бару: отбасыға әлеуметтік жәрдем; педагогикалық ұжыммен әрекеттестікке келу; бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалын реттеп беру; әлеуметтік келеңсіз ықпалдарын оқшаулау; басқа да тәлім-тәрбиелеу мекемелерімен байланыстар түзу. Тәрбие жұмысындағы педагогтың басты қызметі – ұйымдастырушы