Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық ұйымның ықпалы
МАЗМҰНЫ Кіріспе……………………………….........……………………………………
І–ТАРАУ Оқушылар ұжымы – мектептегі тәрбиені ұйымдастырудың негізгі формасы Оқушылар ұжымы мен педагогикалық ұжымның қарым-қатынасы, оларды топтастыру ............................................................................
1.2. Оқушылар ұжымының даму кезеңдеріндегі іс-әрекеті мен педагогикалық ұйымның қарым-қатынасын ұйымдастыру...................................................
IІ – ТАРАУ Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оқыту процесінің ролі 2.1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы ұғым..........................
2.2. Тәрбиені ұйымдастыру формалары және оларды жіктеу......................
2.3. Оқушылар ұжымын қалыптастыруға бағытталған іс- тәжірибелерден мысалдар...........................................................................................................
Қорытынды…………………………....………..………....…………....
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………….....…………...
Кіріспе Тақырыптың көкейкестілігі: ХХ1 ғасыр – Қазақстан үшін әлемдік қауымдастықтың салмақты орынды иелену және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жас ұрпақ санасында отаншылдық, ұлттық рухтың оянып қалыптасуына мектептегі білім берумен қатар тәрбиелік ахуалдың әсері орасан зор.
Тәрбие жұмысының ең негізгісі- ұжымда жеке адамды тәрбиелеу, сондықтан да оқушыларды ұжымдық тәрбиелеу педагогтардың алға қойған міндеттерінің бірі.
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік кызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен катынастарының жүйесі ретінде бір орнында тоқырап кала алмайды. Даму, ілгері қозғалу—ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың себсбін, дамудың мүм-кіндігінің сырын ашып алған жөн.
Мұндай психологиялық күш — болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өміргс үміт артуы, адам мсн ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі. Болашақ үміт дүииесінде адам қажеттігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады. А, С. Макаренко болашақ үміт дүниесінің псдагогикалық маңызды ерекшсліктерінің бірі — баланың алдында мақсат жүйесі ретінде ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге жету мүмкіншілігімен еліктіреді, өзінің және ұжымның болашағын құруға катынасу ынтасын, қуанышты көңіл күйі мен ілгері ұмтылуын туғызады дсп есептеді. Қалыптасқан қажеттіліктерді, тілектерді, мүдделерді қанағаттандыруға ұмтылу окушының іс-әрекетін әлеуметтік құнды арнаға жұмылдыру мен бағыттау болып табылады.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Жалпы ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып келді.
А.В.Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізіг жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс.
Н.К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына үлкен мән берді.
А.С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс-әрекеті, қарым-қатынас дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.
В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму даму процесі.
Басқарудың және оқушылар ұжымымен тікелей қарым-қатынаста болатын субьект- бұл педагогикалық ұжым.. Бұл туралы орыс педагогтары Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, Н.И.Пироговтардың оқыту мен тәрбиенің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұиыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.
Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүииесі деп тұтас ұжым балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму дсңгейіне олардың жас және дербес ерекшеліктеріне қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді, мақсаттарды, істерді түсінуіміз керек.
Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін қалыптастыру мақсатында болашак үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері болады. Олар:
- міндстті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиялдан туындайтын тікелен бала қызығуына, қуанышына негіздслген істердің еліктіруі;
- нақты істер міндеттерінің, маңсаттарыныц қоғамдық пайдалы кұндылығы және олардың біздің халкымыздың бүкіл күресімен байланысы, болашақ үміт дүниесі үшін күрес барысының нақты ұйымдастырыл
- окушыларда нақты моральдық сапаларды тәрбиелеудің педагогикалық мақсатқа сәйкестігі.
Педагогикалық ұжымның міндеті болашақ үміт дүниесі жүйесін құру, яғни іс-әрекет жүйесін кұру, осы іс-әрекет барысында балаларға қажетті сапаларды тәрбиелей отырып, бір міндет шешімінен екіншісіне ұжымды қозғалту.
Бслгілснген болашак үміт дүниесі жүйслерін жүзеге асыруда әсіресе педагогикалық ұжымның зор ұйымдастыру жұмысы қажст. Оның. болашақ үміт дүннесің тауып коя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі, балаларды еліктіру, қиялын ояту, оның өз ынтасына оқушыларды сендіруі, болашақ үміт .дүниесін айқын, бейнелі, әсем суреттей білуі балалармен бірге олардың өмірін куанышы және қызық еткісі келетініне сендіруі керек.
А. С. Макаренко әдепкі кезеңде окушылар қарсылық білдірмей, пікір таластырмайтындай және тапсырмадан бас тартпайтындай талап қоюдың қажет екенін атап көрсеткен болатын.
Бұл жерде қойылған талаптың сыйымды, балалар шамасына сай орындалуы ұжым мүддесіне қажетті екендігіне мұғалімнің сенімі болуы керек. Бірақ бәрін өз тарапынан туатын талапқа шоғырландыру қате болады. Бүл жағдайдың өзгермеуі түрлі бастамалар мен өзіндік іс-әрекеттерді тежейді. Сондықтан болашақ үміт дүниесі үшін күрестің алғашқы нәтижелері белгілі болғанда, мұғалімнің балалар өмірінің қуанышты және қызықты етуге тырысқанына окушылар сенгенде, балалардың көбі белсенділік көрсеткенде, оқушылар ұжымның өмір мазмұнын күрделендіріп, ұжымға талап қою қызметінің бөлігінбелсенділерге жүктеп, оларды жан-жақты қолдап отыру қажет. Окушылардың көбі сыныптың белсенді тобын және мүғалімді қуаттайды. Окушылар ұжымның қоғамдық пікірі құлық тәрбиесінің шешуші кушіне айналады. Қажет болғанда бүкіл ұжым жеке оқушылардан тәртібінің дұрыс болуын талап етеді.
Оқушылардың іс-әрекеттері.
Іс-әрекет — бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен істеушілік және ішкі процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Ұжымның ішкі процесі қарым-қатынас және ақпарат арқылы іс-әрекетімен байланысты. Іс-әрекетінің барысында қарым-қатынас дамиды.
Қарым-қатынас — бұл адамға адам қажеттіліктерін қана қанағаттандыру. Сондықтан педагогикалық ұжымның міндеті—жеке адам қарым-қатынас жасаудың негізінде басқа адамдармен бірігіп, қуанышты көңіл күйін жеңілмейтін тілекті сезуі тиіс.
Балалар қарым-қатынасты бағалайды. Осы тұрғыдан және қатынастың тұрақты жүйесін және кіші топтың ролін еске алу қажет. Жеке қатынас жүйесінде әр бала өз орнын алады. Біреулері өзінің әйгілілігімен жолдастарының алдында беделді, ал екіншілерімен ешкімнің қарым-қатынас жасағысы келмейді. Бірақ барлық балалар қатынас жасауды қажет етеді. Әсіресе сынып ұжымындағы оқушылар қатынас арқылы ынтымақтық достықты тілейді. Осыған байланысты кіші топ дербес қатынас жасаудың негізінде стихиялы пайда болады.
Балалардың дербес аралық қатынастарын және олардың мақсаттылығын сынып жетекшісі зерттеп, балалардың қарым-қатынасын реттеуде және дамытуда қамқоршы болуы тиіс. Дербес қатынас жүйесінде мұндай шығармашылық тәсіл ұжымда педагогикалық меңгеру жолдарының бірі. Жоғарыда келтірілген көкейкесті мәселелердің әлі де болса шешімін табуға көмек болар деп, біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық ұйымның ықпалы» деп атадық.
Зерттеудің объектісі- оқу-тәрбие процесіндегі оқушылар ұжымы мен педагогтардың қарым-қатынасы.