1. Психикалық құбылыс қанша топқа бөлінеді?



бет1/2
Дата11.09.2022
өлшемі39,65 Kb.
#38813
  1   2
Байланысты:
псих


1. Психикалық құбылыс қанша топқа бөлінеді?
A) 3
2. Психикалық құбылыс қандай 3 топқа бөлінеді?
A) психикалық күй, процесс, қасиет
3.Негізгі психикалық құбылысты атаңыз?
A) психикалық процесс
4. Барлық психикалық құбылыстар өз жиынтығында бірегей ағымды құрайды
A) бейнелеушілік – реттеушілік іс-әрекет
5. Психикалық процесс дегеніміз не?
A) бейнелеушілік-реттеушілік іс-әрекеттің актісі
6. Психикалық процесс былай бөлінеді:
A) танымдық, ерікті, эмоциональды
7.Адамның танымдық, еріктік, эмоционалды процесс жиынтықтары болып саналатын
A) психикалық іс-әрекет
8.Адамның психикалық құбылыстарының интеграциясын сипаттайтын адамның психикалық іс-әрекетінің ағымдағы модификациясын қалай айтады
A) психикалық жағдай
9. Психикалық күйлердің бөлінуі
A) мотивациялық, эмоционалды, еріктік
10. Қажеттілікке негізделген психикалық күйді ата?
A) мотивациялы
11. Көңіл-күй, ренжуге негізделген психикалық күйді атаңыз?
A) эмоционалды

12.Тұлғаның психикалық қасиеті дегеніміз -


A) психикалық процестерді іске асыру ерекшелігі
13.Тұлғаның психикалық қасиетіне не жатады?
A) темперамент, тұлғаның бағыттылығы, мінез, қабілет
14.Психикалық құбылыстың дәстүрлі топтастырылуын кім ұсынды?
A) И.Кант
15.Тұлғаның шекаралық психикалық күйіне не жатады?
A) психопатия, мінез акцентуациясы, невроз
16.Шындықтың қарапайы қасиеттерін тікелей сезімдік бейнелеудегі психикалық процесті атаңыз?
A) түйсік
17.Түйсік дегеніміз-
A) психиканың сенсорлық негізі
18.Адамның барлық күрделі іс-әрекеті негізделген қарапайым, бірақ басты болып табылатын қандай психикалық процесс?
A) түйсік
19.Қандай нейрофизиологиялық механизм сенсорлық және сезімдік әсер етуді қабылдау мен талдауды қамтамасыз етеді?
A) анализатор
20.Анализаторлар алатын ақпаратты қабылдау мен қайта өңдеу қалай аталады?
A) сенсорлы әрекет
21.Сезім мүшелерімізге әсер ететін болмыстың жекелеген физико-химиялық қасиеттері қалай аталады?
A) тітіркендіргіштік
22.Тітіркену нәтижесінде пайда болатын жүйелік процесті атаңыз:
A) қозу
23.Рецептор деген не?
A) сезімдік жүйенің аяқталуы
24.Рецепторды қоздыруға қабілетті әсер етушілік қалай аталады?
A) стимул
25.Анализатор қанша бөлімнен тұрады?
A) 3
26.Анализаторда қандай жүйелік өткізгіш өткізу жолдары бар?
A) афферентті және эфферентті
27.Рецепторда пайда болатын импульстар қандай жүйелік жол арқылы миға беріледі?
A) афферентті
28.Ми қыртысынан периферияға жүйелік импульстар қандай жол арқылы беріледі?
A) эфференттік
29.Анализаторлардың әрекет жиынтықтары қалай аталады?
A) адам психикасының сенсорлы сферасы
30.Түйсіктің физиологиялық негізі не?
A) жүйелік процесс
31.Түйсінуде заттар мен құбылыстардың қасиеттері ғана емес сонымен қатар олардың:
A) қарқындылығы, ұзақтылығы және кеңістікте жинақталуы бейнеленеді
32.Түйсік түрлерін жүйелеу 3 негізгі түрге бөлінуін кім ұсынды?
А) И.Шерингтон
33.Рецепторлардың орналасуына қарай түйсік қанша топқа бөлінеді?
A) 3
34.Рецептордын орналасу орнына қарай түйсік қандай 3 топқа бөлінеді?
A) экстерорецепті, интрорецепті, проприорецепті
35.Дененің беткі жағында орналасқан түйсік рецепторларын қалай атайды?
A) экстрорецептор
36.Буындар мен бұлшық еттерде орналасқан түйсік рецепторларын қалай атайды?
А) проприорецепторлар
37.Ішкі мүшелерде орналасқан түйсік рецепторларын қалай атайды?
А) интерорецепторлар
38.Түйсіктің негізгі психофизиологиялық заңдылықтарын атаңыз?
А) адаптация, сенсебилизация, синестезия
39.Түйсіктің абсолютті төменгі табалдырығы дегеніміз-
А) сәл байқалатын түйсік үшін қажетті тітіркендіргіш
40.Түйсік күші мен тітіркену көлемін көрсететін психофизикалық заң:
А) Бугер-Вебер заңы
41.Адаптация-
А) анализаторлар сезімталдығының бейімделуі
42.Қандай анализаторлар тез бейімделеді?
А) иіс сезу және тактильді
43.Қандай анализаторлар баяу бейімделеді?
А) көру, дәм,есту
сезу

44.Ішкі факторлар әсерінен болатын анализаторлардың сезімталдығының жоғарлауы қалай аталады?


А) сенсебилизация

45.Сенсибилизация дегеніміз-


А) сезімталдықтың жоғарылауы
46.Сенсибилизация неден пайда болуы мүмкін?
А) жаттығу, тәжірибе
47.Бір сентизатордың күшті қозуы, басқа ақпараттардың сезімталдығын төмендететін құбылысты қалай атаймыз?
А) десенсибилизация
48.Басқа қарым-қатынас қасиеттерінің әсерінен, бірнеше қасиеттерге сезімталдықтың жоғарлауы дегеніміз -
А) контрасты
49.Шынайы әрі қатар жүретін ассоцативті, иномодельді түйсік дегеніміз–
А) синестезия
50.Қандай процесс заттар мен құбылыстардың жалпы және жанама түрде бейнеленуімен байланысты?
А) қабылдау
51.Қабылдаудың нейрофизиологиялық механизмі не болып табылады?
А) анализаторлардың анализ-синтездік әрекеті

52.Мақсатқа бағытталуына байланысты қабылдау қандай екі формаға бөлінеді?


А) ырықты және ырықсыз

53.Рецепторлардың модалдығына байланысты қабылдау қандай түрлерге бөлінеді?


А) көру, есту, сипап сезу
54.Қабылдау деңгейлерін атаңыз?
А) сенсорлық, перцептивті, оперативті, әрекеттік
55.Қабылдаудың сенсорлық деңгейінде не болады?
А) объектіні сезімдік қамту оның сана алаңына түсуі
56.Қабылдаудың перцептивті деңгейінде не болады?
А) объектіні түсіну оны белгілі категорияға, жатқызу
57.Қабылдаудың оперативті деңгейінде не болады?
А) объект жағынан қандай да бір функциясын қамту
58.Материяның өмір сүру формасына байланысты қабылдаудың негізгі түрлері жіктеледі:
А) кеңістікті, уақытты, қозғалысты қабылдау
59.Қоршаған ортадан және өз организімінен түсетін тітіркендіргіштерден адамның оқшаулануы?
А) сенсорлық депривация
60.Енді қозу бола алмайтын, әр рецептордың сезімталдық шегін қалай атайды?
А) физиологиялық табалдырық
61.Жеке тұлғаның мақсатты бағытталған іс-әрекетіне байланысты қабылдауды қалай бөледі?
А) ойластырылған және ойластырылмаған
62.Әдейілеп қабылдаудың ең дамыған формасын атаңыз?
А) бақылау
63.Мақсаты бағытталған, жосапрды түрде объектілерді қабылдау ол-
А) бақылау
64.Перцептивті әрекеттің үдейуіне, күрделілігіне байланысты қабылдау қандай болады?
А) симултантты және сукцессивті
65.Симултантты қабылдау дегеніміз-
А) бір актілі қабылдау
66.Сукцессивті қабылдау дегеніміз-
А) кезеңдеп қабылдау
67.Қабылдаудың мағыналылығы және жалпылығы дегеніміз-
А) құбылысты қабылдай отырып не қабылдағанын түсіну
68.Заттар және құбылыстарды ұғынудың қарапайым формасын ата
А) тану
69.Тану қандай болуы мүмкін?
А) жалпы және дара
70.Қабылдаудың заттылығы дегеніміз–
А) шынайы заттарға қабылданатын бейнелердің адекваттылығы
71.Қабылдау құрылымдығы бұл–
А) заттың бөліктері арақатынастарының ажыратылуы
72.Қабылдаудың таңдамалығы дегеніміз-
А) фоннан объектіні ажырату
73.Қабылдау апперцепциясы дегеніміз-
А) жеке тұлғаның тәжірибесіне қабылдаудың тәуелділігі
74.Заттың объективті сапасы бейнесінің қабылдаудың өзгертілген жағдайына тәуелсіздігі не деп аталады?
А) тұрақтылық
75.Көру иллюзияларын қалай атайды?
А) аконстанттылық
76.Қабылдаудың негізгі қасиеттерін атаңыз:
А) тұтастық, заттық, тұрақтылық
77.Көздің жылдам қозғалысы үлкен маңызға ие болатын, объект конфигурациясын көру арқылы қабылдау процесі қалай аталады?
А) форманы қабылдау
78.Қарастырылатын заттың қашықтауына байланысты көз жанарының қисығының өзгеруі қалай аталады?
А) аккомадация
79.Объектілердің кеңістіктегі қатынастарын дұрыс бағалай алу қабілеті қалай аталады?
А) көз мөлшері
80.Көз өлшемінің қандай түрлері бар?
А) статикалық, динамикалық
81.Кеңістік түсініктеріміздің негізгі көздерінің бірін атаңыз:
А) сипап-сезу
82.Сипап сезудің қандай түрлері бар?
А) енжар, белсенді, бимануальды
83.Құбылыстың ұзақтығы, жылдамдығы мен реттілігінің бейнесі – бұл ...
А) уақытты қабылдау
84.Шындықтың тұрақты, заңды қасиеттерін жалпы және тікелей бейнелейтін процесс қалай аталады?
А) ойлау
85. Жеке сана құрылымын оның түсіну алабын, индивидтің классификациялық – бағалық эталондарын қалыптастыратын психикалық процесті атаңыз
А) ойлау
86.Ойлау – бұл ...
А) құбылыстың мәнін ашатын идеялар қозғалысы
87.Ойлаудың басқа психикалық процестерден айырмашылығы неде?
А) проблемалық жағдайдың болуы
88.Ойлаудың арнайы нәтижесі ретінде нені айтуға болады?
А) түсінік
89.Ойлаудың қызметінің мәні неде?
А) сезімдік қабылдау шеңберіне шығу
90.Онтогенезде адам ойлауының дағдылары мен қасиеттері ненің әсерінен дамиды?
А) адамзат қоғамының
91.Ойлау өзінің қалыптасу барысында қанша кезеңнен өтеді?
А) 2
92.Ойлау өзінің қалыптасу барысында қандай кезеңнен өтеді?
А) түсінікке дейінгі және түсініктік
93.Балада ойлау дамуының алғашқы сатысы қалай аталады?
А) түсінуге дейінгі
94.Түсінікке дейінгі ойлаудың басты ерекшелігі неде?
А) эгоцентризм
95.Ойлау қандай процеспен тығыз байланысты?
А) сөйлеу
96.Адамдардың ойлау әрекетінің жекелік ерекшеліктері қандай сапалардан көрінуі мүмкін?
А) жылдамдық, икемділік, сыншылдық
97.Ақылдың жылдамдығы немен сипаталады?
А) адамның тез бейімделе алуымен
98.Ойлаудың икемділігі немен сипатталады?
А) шешім қабылдауда тәуелсіз болудан
99.Өзінің және өзгелердің ойын сынай, бағалай білу қалай аталады?
А) сыншылдық
100.Адамның күрделі мәселелердің мәнін түсіне білуі қалай аталады?
А) ойлау тереңдігі
101.Ойлау әрекеті деп нені айтады?
А) міндеттерді шешуге бағытталған ойлау әрекеттері
102.Ойлау формаларын анықтаңыз?
А) пікір, ой қорытынды, ұғым
103.Құбылыс пен қасиеттің белгілі бір қатынасында көрсететін ойлау операциясы
А) салыстыру
104.Жекелеген, маңызды қандай да бір қасиеттер мен құбылыстардың қатынасын бейнелейтін ойлау операциясын атаңыз?
А) абстракция
105.Маңызды белгілері бойынша объектілерді топтастыратын ойлау операциясы қалай аталады?
А) топтастыру
106.Тұтас объектіні оның маңызды өзара байланыстарымен қоса тануға бағытталған ойлау опрерациясын атаңыз
А) нақтылау
107.Зат жайлы оның белгілі бір қасиетін растау немесе жоққа шығаруда нақтылы білім таратушы ой формасы-
А) пікір
108.Мазмұнына қарай пікірді қандай түрлерге бөледі?
А) ақиқат және жалған
109.Жеке пікірлерге сүйеніп талдау жасау-
А) ой қорытындысы
110.Қай ой қорытындысы болмыстың жалпы байланысын, дүниедегі жалпы өзара қатынастағы жеке оқиға туралы түсінікті бейнелейді?
А) дедуктивті
111.Құбылыстардың жекелеген қасиеттері бойынша осы түрге жататын барлық заттар жөнінде пікір жасалатын ықтималды ой қорытындысы-
А) индуктивті
112.Заттар мен құбылыстардың біркелкі тобының қасиеттері бейнеленетін ойлау формасы-
А) ұғым
113.Генетикалық тұрғыдан ойдың қай түрі ерте қалыптасқан?
А) практикалық-әрекеттік
114.Ойлаудың қай түріне ойда көрнекі бейнелі әрекет жасау тән-
А) көрнекі-бейнелі
115.Ойлаудың қай түрі жалпыға бірдей қатынасты анықтайды, таным объектісін оның тиісті байланыс жүйесінде зерттейді?
А) теориялық
116.Практикалық ойлаудың құрылымдық бірлігі болып не табылады?
А) әрекет
117.Стандартқа сай емес міндеттерді шешуден тұратын ойлаудың жемісті түрін атаңыз?
А) эвристикалық
118.Ойлаудың пайда болу шарты болып не табылады-
А) мәселелік жағдай

119.Мәселені шешу қажеттілігінен туындайтын күрделі психикалық процесс


А) ойлау
120.Ойлаудың жалпы заңдылығы мен динамикасы механизімінің негізі болып не табылады?
А) талдау арқылы біріктіру
121.Ойлаудың негізгі механизмі талдау арқылы біріктіру нені білдіреді?
А) объектіден жаңа қажеттерді бөліп көрсету
122.Ойлаудың қай заңдылығы бойынша әр мәлімет, әр құбылыс болып өткен фактілермен дайындалады-
А) ой дәйектілігі
123.Интеллектің белгілі жағдаятқа байланысты білімді саралап, оны мәселені шешуге жұмсай білу қабілеттілігі:
А) ой селективтілігі
124.Оқиғаға таңданумен негізделетін ойлау заңдылығын атаңыз?
А) антиципация
125.Өз ойы барысында субъектінің өз-өзіне сын көзбен қарап баға беруі-
А) рефлексифтік

126.Ойлау ауқымдық дәрежесіне байланысты қандай болуы мүмкін?


А) дисскурсивті және интуитивті
127.Шешілетін міндеттердің жаңалығы мен кереметтігіне қарай ойлаудың қандай түрлерін бөліп көрсетуге болады-
А) шығармашылық және қайта жаңғыртушылық
128.Ойлау процесінде мидың қай бөлігі қызмет атқарады:
А) ми қабаты
129.Ойлаудың физиологиялық негізін не құрайды?
А) анализаторлардың ми шеттерінің арасындағы күрделі, уақытша байланыстар
130.Мына пікірдің авторы: «Ойлау – адамның қоршаған ортада және өз-өзінде жоғары бағыттау қаруы»-
А) И.П.Павлов
131.Нақты ойлық тапсырманы шешуге қатысатын белсенді нейрон импульсінің жиелгінін не бейнелейді?
А) нейрондық код
132.Танымдық әрекеттің бастапқы кезеңін атаңыз-
А) индивидтің пайда болған проблемалық жағдайын сезінуі
133.Тапсырманы шешудің екінші кезеңін анықтаңыз?
А) тапсырманы шешу тәсілі мен принципін көрсету
134.Міндетті шешудің соңғы кезеңін ата?
А) алынған мәлімет бастапқы талаппен салыстырылады
135.Заттар мен құбылыстардың бейнеленуінің қазіргі кезде қабылданбайтын бірақ бұрынғы тәжірибе негізінде жаңғыртылатын психикалық процесс-
А) елестету
136.Өткен шақта қандайда бір затты тікелей қабылдау негізінде пайда болатын елес-
А) ес елесі
137.Ешқашан көрмеген заттарымызды елестету қалай аталады?
А) қиял елесі
138.Елестетуге қандай қасиеттер тән?
А) көрнекілік, фрагменттік, тұрақсыздық
139.Нақты жағдайда қабылданатын материалдық дүние нысандарын бейнелеу елестетудің қандай сипатына тән?
А) көрнекілік
140.Елестетудің тұрақсыздығы әрқилылығы неден көрінеді?
А) кез-келген елес бейнесі сана кеңістігінен жоғалады
141.Елестетудің үзінділілігі неден көрінеді?
А) елестер көмескілікке толы болады
142.Елесті зерттеушілер қандай іс-әрекеттерді бөліп көрсетеді?
А) сигналдық, реттік, реттеушілік
143.Елестетудің қай функциясы тек затқа ғана емес, көп образды мәлімет береді
А) сигналдық
144.Зат жайлы қажетті ақпаратты таңдаудан туралы және сигналдықпен тығыз байланыста елес қандай қызмет атқарады?
А) реттеушілік
145.Қоршаған орта әсерінің сипатына қарай адамның іс-әрекет бағытында көрінетін елестету қандай қызмет атқарады?
А) жөндеушілік
146.Анализатор түріне қарай елестету былайша жіктеледі?
А) көру, есту, сипап сезу
147.Жалпылау дәрежесіне қарай елестер қалай бөлінеді?
А) жеке және жалпы
148.Елестетудің ерікті кезеңіне байланысты қалай бөлінеді?
А) ерікті, еріксіз
149.Л.М.Веккер елестетуді былай деп түсінуді ұсынады
А) қайталанған бейнелер
150.Өткен тәжірибе іздерінің сақталуы мен қайта жаңғыру процесі – бұл:
А) ес

151.Естің сандық сипаттамасы


А) есте сақтау жылдамдығы
152.Мәліметтердің есте жинақталуы
А) архивация
153.Адамның тіршілік әрекетінің ақпараттық қоры
А) ес
154.Ес материалының жинақталуы қандай екі блоктан тұрады:
А) эпизодтық және семантикалық естен
155.Индивид өміріндегі түрлі эпизодтар сақталатын ес
А) эпизодтық
156.Қоршаған орта талабына сай индивидтің өз қылығын өзгерту қабілеттілігі
А) үйрену
157.Когнитивті үйренудің түрлері болып табылатындар
А) психоматорлы дағдыларға үйрету және дискурсивті үйрету
158.Реактивті үйретудің бір түрі
А) латентті үйрету
159.Ақылға үйрету-
А) түсініктер жүйесінің қалыптасуы
160.Естің қызметтік механизмі
А) жүйке байланысының пайда болуы, бекуі
161. Кезіккен міндеттердің шешілу жолын тауып беруші зерттестіру, қылық бағдарламасын түзу әрекеті:
А) интеллект
162. Жануардың зат қозғалысын бақылай отырып, мүмкін болар өзгерісті алдын – ала тану қасиеті-
А) перцептивтік таным
163.Эмоционалды – импульсивті реакцияға не жатады?
А) ым-ишара, дене қалпы, мимика
164.Ми қабағының маңдай бөлігінде орналасқан орталық
А) сөздік – логикалық ес
165. Мағынасыз сөздерді есте сақтау тәжірибесі негізінде ұмыту заңдылықтарын ұсынған неміс психологы
А) Г.Эббингауз
166.Ес процесінің қызмет атқаруының басты алғышарты болып не табылады?
А) ми қыртысының оптимальды тонусы
167.Сипатына қарай ес түрлерінің үш негізгі белгілері
А) психикалық белсенділік, әрекет мақсаты, материалды сақтау ұзақтығы
168.Әрекет мақсатының сипатына байланысты ес түрлері:
А) ерікті және еріксіз
169.Материалды сақтау ұзақтығына байланысты естің бөлінуі:
А) қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, оперативті
170.Есте сақтау тәсіліне байланысты естің мынадай түрлері бар
А) тікелей, жанама және ассоциативті
171.Динамикалық, жылдам өзгеретін құбылыстардың үздіксіз, біртұтас қабылдауын қамтамасыз ететін ес түрі-
А) сенсорлық
172.Жағдайды бір мезетті қабылдаудағы бастапқы бағдарды қамтамасыз ететін ес түрі-
А) қысқа мерзімдік
173.Үлкен мәні бар, мазмұнды ұзақ уақытқа есте сақтау қалай аталады?
А) ұзақ мерзімді ес
174.Психикалық құбылыстың бір-бірімен байланысы, бірігуі
А) ассоциация
175.Ақпарат генотипте сақаталатын ес
А) генетикалық
176.Қысқа мерзімдік еске қандай сипаттама тән
А) көлем
177.Ассоциацияның қанша түрі бар?
А) 3
178.Ассоциацияның түрлерін атап өтіңіз
А) қарама-қарсылық, ұқсастық, аралас
179.Уақыттық, кеңістік байланысы бар екі құбылысты біріктіру:
А) аралас ассоциация
180.Қарама-қарсы қоюдың логикалық тәсіліне негізделген екі қарама-қарсы құбылыстың байланысы:
А) қарама-қарсылық ассоциациясы
181.Адам бір ситуацияны қабылдай отырып басқа осыған ұқсас ситуацияны еске түсіреді.Бұл:
А) ұқсастық бойынша ассоциация
182. Психологияның ғылыми ерекшеліктерін танудың қиындығы:
А) Тылсым сыр болуында
183.Онтогенезде басқалардан кейінірек қалыптасатын ес түрі
А) логикалық
184.Адамдық қарым-қатынастың негізгі құралы
А) сөйлеу
185.Қандай түрлі қызметтік формада сөйлеу көрсетіледі?
А) ішкі, сыртқы, монолог, диалог, ауызша
186.Жазбаша белгілер жүйесіне сай келетін, бірдей мағына мен мәнге ие болатын, айтылатын немесе қабылданатын дыбыстар бірлігі
А) сөйлеу
187.Сөйлеу қызметтері:
А) ырықты білдіру, хабарлау, әсер беру, белгілеу
188.Сөйлеудің негізгі бөлшектеріне мыналар жатады:
А) дыбыс, фонема, морфема, сөз, сөйлеу
189.Тілдік даму теориясының авторы:
А) Н.Хомский
190.Тілді меңгеру баланың бойында туа берілген қабылдау мен қайта өңдеу қабілетіне тәуелді болатын теория:
А) когнитивті теория
191. А.Н.Соколов ойлау барысында сөйлеудің бұл түрі белсенді артикуляциялық, санасыз процесс екендігін көрсетті?
А) ішкі
192.Ақыл-ой жұмысының мағынаны мәнге алмастыратын сұрақ және күрделі жолын құрайтын неғұрлым нақты ой
А) жазбаша мәтін
193.Қарым-қатынастағы серіктесіне емес, өзіне бағытталған кері жауапты талап етпейтін сөйлеу:
А) эгоцентрикалық
194.Өзге адамның сөзін қабылдау және түсіну:
А) енжар сөйлеу
195.Өз ойын, сезімі мен ниетін білдіру:
А) белсенді сөйлеу
196.Ішкіден сыртқыға ауысатын рудиментарлық пісуі, жеткен сөйлеу формасы:
А) эгоцентрикалық
197.Адамдар үшін нақты мәні әрі маңызы бар шартты белгілер жүйесі, олардың көмегімен дыбыстар үйлесімді беріледі:
А) тіл
198.Выготский пікірінше бұл кезеңде ойлау мен сөйлеу аралығына қатысты өзгермелі кезең туындайды сөйлеу интеллектуалды болады, ал ойлау – сөздік
А) 2 жас шамасында
199.Айтылатын ой-пікірдің, сезім және ұмтылыстардың саны, олардың маңыздылығы мен шындыққа сәйкестігі бұл-
А) сөз мазмұндылығы
200.Түрлі сөздердің олардың қысқартылуы мен бірігуін көрсететін ішкі сөйлеу семантикасы ерекшелігінің аталуы:
А) агглютинация
201.Тілдің жедел дамуына мүмкіндік беретін және тілді меңгеру нышандарының жетілуін көрсететін жас шамасын белгілеңіз:
А) бір мен үш жас аралығы
202.Бір объектіні қабылдауға ырықты және ырықсыз бағытталып және жинақталған психикалық іс-әрекет:
А) зейін
203.Объектінің әртүрлілігінде зейіннің кезеңдік ауытқуы бұл-
А) флюктуация
204.Зейін–сананың негізгі ерекшеліктерінің көрінуі:
А) апперцептивті және интенционалды
205.Зейіннің негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз-
А) көлем, шоғырлануы, таңдамалылығы, тұрақтылығы
206.Клеткалар - жаңаның детекторы басқаша қалай аталады?
А) зейін нейроны
207.Сезім органдары арқылы түскен бір ақпараттың іріктелуі, және екіншілерінің жойылуы саналы және санасыз түрде ақпаратты өңдеу процесі?
А) зейін
208.Ұзақ уақыт бойына бір объектіге зейінді ұстай білу қабілеті не деп аталады?
А) тұрақтылық
209.Зейіннің тұрақтылығына қарсы саланы атаңыз?
А) шашыраңқылығы
210.Зейін тұрақтылығының синонимын атаңыз?
А) концентрация
211.Зейін аударылуымен қандай әртүрлі бағыттағы процестер байланысты?
А) көңіл бөлу мен алаңдау
212.Бір мезетте бірнеше әрекетті орындай алу қабілетіне қатысты зейіннің қасиеті?
А) бөлінуі
213.Объектіге немесе іс-әрекетке деген қызығушылық, күш жігер, ынтаның болмауы зейіннің қасиеті:
А) алаңдаушылығы
214.Белгілі бір объектіге айрықша бағытталумен көрінетін зейін қасиеті:
А) шоғырлануы
215.Бір объектіден екінші объектіге,бір әрекеттен екінші әрекетке көшуі зейіннің:
А) ауысу
216.Психологияда зейіннің моторлық теориясының авторы:
А) Т.Рибо
217.Балалар зейіні қай жаста үлкендердің нұсқауы бойынша зейінді бағыттау қабілеттілігінің пайда болуымен ерекшеленеді:
А) 4,5-5 жаc
218.Зейін қай жаста объективті түрдегі бағдарлау рефлексінің, баланың тума белгісі ырықсыз зейіннің пайда болуымен ерекшеленеді:
А) өмірдің алғашқы апта-айлары
219.Дәл осы мезетте психологиялық және физиологиялық процестердің керектісін белсендіру, керексізін тежеу мына процестің қызметі:
А) зейін
220.Зейін анықталынады:
А) қабылдаудың дәлдігі мен бөлшектенуі
221.Бейне бөлшектерін ажыратуға мүмкіндік беруде, зейін қандай процестер үшін ерекше күшейткіш болып табылады?
А) перцептивтік
222.Қай психикалық процесс үшін зейін түсіну және тапсырманы шешудің факторы болып табылады?
А) ойлау
223.Зейіннің негізгі түрлері:
А) ырықты, ырықсыз, тікелей, жанама
224.Табиғи зейін:
А) адамға тума беріледі
225.Жұмыспен қамтамасыз етудің негізгі механизмі болып табылатын бағдарланған рефлекс:
А) зейіннің табиғилығы
226.Оқу мен тәрбие нәтижесінде зейіннің қандай түрі қалыптасады?
А) әлеуметтік-шартты
227.Арнайы құрал көмегімен зейіннің қай түрі реттеледі?
А) жанама зейін
228.Қандай зейін түрі еріктің қалыптасуымен байланысты емес
А) ырықсыз
229.Ерікті реттеуді қажет ететін зейін:
А) ырықты
230.Саналы әрекеттің белгілі шарттарымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуы зейіннің қай түріне жатады?
А) ырықты
231.Сезім мүшелерінің жұмыс таңдамалылығы және эмоциямен байланысты зейін түрі:
А) сезімдік
232.Т.Рибо бойынша ырықсыз зейін неге тәуелді?
А) аффективті жағдай
233.Бала зейіні дамуының қай кезеңінде ырықты зейін ерікті түрде дамып, жетіледі?
А) мектеп жасы
234.Қай кезеңде өзіндік құрылымның әсерінен ырықты зейіннің қарапайым түрлері пайда болады?
А) 5-6 жас
235.Баланың ырықсыз зейінінің объективті, туыла берілген белгісі ретінде бағдарлану рефлексі қай кезеңде пайда болады?
А) өмірінің алғашқы айлары
236.Ес бейнелерінің рекомбинациясы негізінде шындықты бейнелі-ақпараттық модельдеу:
А) қиял
237.Өзге психикалық процестерден дараланатын және қабылдау, ойлау және ес аралығында адам психикасының ерекше формасы:
А) қиял
238.Қиял адамға мүмкіндік береді:
А) қажетті ақпарат болмаған кезде шешім қабылдау
239.Қиял ненің негізі болып табылады?
А) көрнекі-бейнелік ойлаудың
240.Қиялдың қабылдаудан айырмашылығы неде?
А) оның бейнелері әрдайым шындыққа сай келмейді
241.Қиял арқылы санада бейнеленген суреттердің шындыққа сай келмеуі немесе аз шамада келуі:
А) фантазия
242.Адамдардың практикалық іс-әрекетінде қиял феноменімен байланысты процесс
А) көркем шығармашылық
243.Қиялды қалай дамытуға болады?
А) арнайы тәсілдер және жаттығу көмегімен
244.Кейбір адамдарда өмірді нақтылы,бейнелік қабылдау басым,бұл олардың фантазиясының байлығынан көрінеді. Мұндай индивид:
А) ойлаудың көркемдік түрлеріне ие
245.Ойлаудың көркемдік түрі мидың қай бөлігінің жұмысымен байланысты?
А) оң жақ жарты шарлар
246.Проективті типтегі жеке бас типтерін көрсетіңіз:
А) тақырыпты апперцептивті тест, Роршарх тесті
247.Қиялдың физиологиялық негізі қандай процестердің формаларының қалдығы?
А) анализ бен синтез, қозу мен тежелу
248.Қиялдауда ойлаудың қандай тәсілдері қолданылады?
А) агглютинация,типизация,гипорболизация,схематизация
249.Адамдарда абстрактілі белгілер мен түсініктерді жүйелеуге бейім мидың қай бөлігі басым жұмыс істейді?
А) сол жақ жарты шарлары
250.Қиялдың нәтижесі не болып табылады?
А) қиялдың жемісі
251.Қиял қандай формаларда көрінеді?
А) бейнелер жүйесінде
252.Қиялдың неше негізгі түрі бар?
А) 4

253.Қиялдың негізгі түрлерін атаңыз?


А) белсенді,енжер,репродуктивті,продуктивті
254.Белсенді қиял немен сипатталады?
А) адамның ерік күшімен, ниеттеніп бейнелерді жасауымен
255.Енжар қиял немен сипатталады?
А) бейнелер өзінен өзі еріксіз пайда болады
256.Репродуктивті қиялда қандай міндет қойылады?
А) шындық қандай күйде болса,сол күйінде жаңғырту
257. Адам психикасының дамуы тәуелді:
А) биологиялық заңдар мен қоғамдық шарттарға
258.Құбылыстың қандай-да болса ерекшелігінің күшейю жағына назар аудару қалай аталады?
А) гипебола
259.Енжар және санасыз формаға жатқызуға болатын қиял түрі:
А) түс көру
260.Ағза жұмысы немесе психиканың ауытқу нәтижесінде шындықтың, болмыспен ешқандай байланысы жоқ фантазиялық көріністері:
А) галлюцинациялар
261.Ниет-тілекпен байланысты,фантазияны көрсететін,болашақты идеалдандыратын қалыпты психикалық күй:
А) елес
262.Болашақ туралы жағымды, елеске қарағанда, шындыққа жақынырақ,орындалатын:
А) арман
263.Неше жаста арман мен елес адам уақытының көп бөлігін алады?
А) жастық шақта
264.Қиялдың функцияларын атаңыз?
А) болмысты бейне арқылы көрсету
265.Қиялдың қай функциясы әрекетті ойша жасап,бейнелерді өзгерте алу қабілетінен тұрады?
А) ішкі жоспар әрекетін қалыптастыру
266. Психиканың негiзгi көрiну формаларын атаңыз
A) психикалық процестер, қасиеттер
267.Өнердегі иррационалдық бейнелікті қиялдың қай түрімен теңестіреді:
А) продуктивті
268. Шартты рефлекстердің жасалуынан мида түзілетін физиологиялық процесс:
А) уақытша байланыстар
269.Қиялы күшті дамыған адамдарда эмоциялардың қандай белгілері көрінеді?
А) қан қысымының жоғарылуы,пульстің жиілеуі
270.Өте сезімтал және эмоционалды адамдарда шамадан тыс қиял қандай ауруға ұшыратуы мүмкін?
А) жүрек-қан тамырлары,асқазан,ішек
271.Белгілі бір қимыл туралы нақты елес,не сезім мүшелерімен,не санамен бақыланбайтын сол қимылды адамның орындауы:
А) идеомоторлық акт
272.Психотерапиялық ықпалдардың теориясы мен практикасы қандай фактілерге сүйенеді?
А) бейнелер мен оның органикалық күйі арасында байланыстың болуы
273.Көрген түстің мазмұнын еске түсіру фактісі,қандай процестің белсенді қатысуымен іске асырылады:
А) ес
274.Жаңа туылған сәбидің бір тәуліктегі ұйқы уақыты:
А) 13 тен 16 сағатқа дейін
275. Енді қалыптасатын әрекеттерге ұнамды ықпал жасап, олардың орнығуын жылдамдату құбылысы–
А) дағды көшуі
276. Психикалық қасиет дегенiмiз не?
A) ажыратуға болатын ең тұрлаулы ерекшелiктер
277.Өмірлік процесстердің тиімділігі, жеке күйлер немесе үнемі жағдайлардың ретті қайталануы:
А) биологиялық ритм
278.Атқаратын қызметі бойынша биоритмдер қалай бөлінеді?
А) физиологиялық,экологиялық
279.И. П. Павловтың психология ғылымына қосқан жаңалығы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет