8. Психологиядағы зерттеу әдістері. Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Бірақ бақылау жүргізілген кезде бақыланып отырған адам, өзінің зерттеу объектісі болып отырғанын білмеуін қатаң ескеру керек. Егер білетін болса, шынайылық жоғалады.
Зерттеуге қойылатын бірнеше талаптар бар. Олар:
Психологиялық зерттеудің табиғилығын сақтау.
Бақылау барысының мақсаты мен міндеті болуы тиіс.
Бақылаудың нәтижелерін жазып отыру, яғни тіркеу керек.
Эксперимент әдісі: Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент әдісі қолданылады: зертханалық және табиғи. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық жағынан зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Байқалатын объект жөнінде зерттеушінің өзінің болжамы (гипотеза) болуы тиіс. Тәжірибені күн бойынша белгіленген жоспар бойынша арналған әдістеме бойынша өткізіп, және де тәжірибені өткізу үшін зерттелушінің тиісті құжаттарын дайындау қажет.
Зерттеуші - зерттеу объектісін өзі таңдап, оны жан-жақты зерттейді.
Зерттеуші:
Эксперименттің нәтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу;
Эксперимент нәтижелері сандық және сапалық өңдеуге, математикалық есептеулерге ерекше мән беруі қажет;
Байқау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент - табиғи эксперимент әдісі деп аталады. Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы – А.Ф.Лазурский (1910). Оның негізгі мақсаты – зерттеудің эксперименттік сипатын болмыстық жағдайлармен ұштастыру.
Эксперимент- психологияға әсер ету, оны өзгерту құралы ретінде пайдаланылады. Оның осындай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Өзіндік ерекшелігі мынада: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, сонымен қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру әдісі қызметін атқарады. Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдістерге зерттеуші белсенді араласады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылардың бірі В.В.Давыдов, эксперименттің бұл түрін генетикалық-моделдеуші эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық дамуын зерттеуді қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытуды дамытушы әдіс болып табылады.