Ой операциялары (тәсілдері). Ой тәсілдері: анализ, синтез, абстракциялау, нақтылау, жалпылау, жүйелеу, топтастыру, салыстыру.
Анализ деп - бүтінді бөлшектеп, майдалау, мүшелеу, белгілерге бөліп қарау. Адам өзінің күнделікті әрекетінде заттар мен нәрселерді алдымен бөлшектеп, талдап отырады, Адам нәрсені бөлшектеумен ғана тынбайды, кейін бөлшектеген, ажыраған заттарын қайта қосып, тұтас затқа айналдырып отырады. Синтез деп ой арқылы бүтіннің белшектерін біріктіріп, оны бүтінге айналдыруды айтады. Анализ бен синтез қатар жүріп отырады табылады. Анализсіз синтез, синтезсіз анализ болмайды, Бұл екеуі - бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл - анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу т.б. дағдылардың қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген.Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе т. б.) әр қилы көрініп отырады. Мәселен, бөбектің қағазды екіге бөлуі де, Эйнштейннің салыстырмалы теориясы да анализге жатады. Бірақ бірінен екіншісінің айырмашылығы жер мен көктей. Бөбектің қағазды екіге бөлуінде анализ практикалық амал ретінде көрінсе, Эйнштейннің салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тәсілі ретінде көрінеді.
Салыстыру. Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау. Әдетте бір тектес ұқсастықтары бар заттар салыстырылады. Салыстыра отырып біз олардың айырмашылықтарын көреміз. Әйтпесе олар теңбе-тең болып қабылданар еді. Мәселен, мұғалім балаларды жазуға үйреткенде әр бір әріптерді жеке және ұқсас әріптерді П мен Н, Ш мен Щ-ны салыстырып көрсетеді. Топтау салыстырудан барып шығатын күрделірек операция. Басты және қосалқы ұқсас белгілері негізінде заттар топтастырылады. Мәселен, кілтпен бұрап жүргізетін ұшақты бірде металл бұйымдарға енді бірде ойыншықтарға, енді бірде модельдер тобына жатқызуға бролады. Ойлау операциясының келесі түрі абстракция. Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мәселен, квадрат, трапеция, параллелограмма деген сездерді "төрт бұрыш" деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады. Сондай-ақ, бор, қар, қант секілді заттардың ортақ қасиеті ретінде "ақшыл" деген сөзді алсақ, бұл да абстракциялық ұғымға жатады.
Абстракцияға қарама-қарсы процесті - нақтылау деп атайды. Нақтылау - абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мәселен, жылқы деген жалпы ұғымды құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр, бие деп бөлетін болсақ, мұндағы жылқының жеке түрлері нақтылауға мысал бола алады. Нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді. Жалпылау дегеніміз - бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Мәселен, алма, өрік, мейіз, алмұрт т. б. Ұқсас белгілері жиналып келіп, «жемістер» деген жалпы ұғымды береді. Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип бойынша орналастыруды жүйелеу (систематизация) дейді.
Жүйелеудің жоғары түрі - классификация. Жүйелеуде заттар мен құбылыстарды топтастырғанда, белгілі бір ұқсастықтарына қарай жүргізілмейді. Жүйелеу осы топтың ішінен одан да кіші топтар мен бөліктерді саралайды. Мәселен, арыстан, жылқы, сиыр, қасқыр, қой т.б. бәрі жануарлар болғанымен жылқы, қой, сиыр, үй жануарларына, арыстан, қасқыр тағы жануарларға жатады. Сол сияқты жануарлар - типке, типтен - класқа, кластан - отрядқа, отрядтан - отбасыға, отбасыдан - текке, тектен - түрге т. б. жүйеленеді. Жүйелеу арқылы өсімдіктер дүниесін, химиялық элементтерді белгілі классификацияға келтіруге болады. Жүйелеу ой тәсілі қазақтарда ерекше дамыған. Мәселен олар шөпті ащы (көкпек, изен, жусан т. б.), тұщы (қияқ, боз т. б.), құрғақ, сулы деп бірнешеге бөледі. Шөптерді қай малдың жейтініне қарай да топтастыруға болады. Айталық, түйе үшін: жапырақ, шағыр, изен т. б. қой жейтіндері: жоңышқа, қына десек, жылқыға - боз, қияқ, беде, ебелек, бидайық т.б. бөлген.
7. Психология салаларының жіктелуі және сипаттамасы. Психологияның жеке салаларының сипаттамасы (жалпы психология, генетикалық психология, Әлеуметтік психология, медициналық психология). Еңбек психологиясы - бұл адамның белгілі мамандыққа сәйкес кәсіптікмаңызды қасиеттерін, мамандық таңдап, еңбек әрекетін тиімді ұйымдастыру, оның қызмет орнын, құрал-сайман аспаптарды нәтижелі еңбек етуге қолайлы етіп дайындау, шаршау, демалу мәселелерінің психологиялық жақтарын қамтиды.
Арнайы психология - адамның психикалық қызметінің әр түрлі формаларын, ми зақымы ауруымен, ақыл-есі кіресілі-шығасылы немесе психика дүниесінде жетімсіздіктері бар, жан - қуаттары бұзыла бастаған, психологиялық функцияларына зақым келген адамдардың ерекшеліктерін зерттейді
Педагогикалық психология - оқу-тәрбие процесінің ғылыми негіздерін, яғни оқушының оқу әрекетін миына қалайша тоқитындығын, адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді.
Медициналық психология - дәрігер мен аурулардың арасындағы қарымқатынас, түрлі аурулардың психологиясын емдеу жолдарын және дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол бөлінеді:
Психикалық кұбылыстардың мидыңфизиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін нейропсихологиядан;
Адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармақологиядан;
Адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру саласын, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан;
Адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан.