1. Психикалық үрдістер туралы түсінік


Пациентпен қарым-қатынастың негізгі дағдылары: байланыс орнату, ақпарат жинау, белсенді тыңдау, эмпатия, түсініктеме беру, ақпараттандыру, сұхбатты аяқтау



бет17/25
Дата27.04.2023
өлшемі101,76 Kb.
#87447
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Байланысты:
1. Ïñèõèêàëû? ?ðä³ñòåð òóðàëû ò?ñ³í³ê

22. Пациентпен қарым-қатынастың негізгі дағдылары: байланыс орнату, ақпарат жинау, белсенді тыңдау, эмпатия, түсініктеме беру, ақпараттандыру, сұхбатты аяқтау.
Байланыс орнату:

  1. Науқаспен амандасу (дәрігер өзінің аты-жөнін айтып, таныстыруы);

  2. Науқастың өзің таныстыруы (аты-жөнін айтып);

  3. Оптимальді қашықтық орнату 1м, дәрігердің науқасқа орнынан тұрмай-ақ қолы жететін қашықтықта отыру;

  4. Көз байланысын орнату (3-5 сек);

  5. Пациенттің максимальді ыңғайлы сезінуін қамтамасыз ету-кері байланыс орнату.

Ақпарат жинау: Ақпарат жинау науқастан оның шағымдарын анықтаудан, шағымдарын нақтылаудан, аурудың басталуын және дамуын анықтаудан, аурудың ағымын бақылаудан тұрады.Ақпаратты жинауда ашық және жабық сұрақтар қолданылады.
Ашық сұрақтар - толыққанды, егжей-тегжейлі жауапты талап етеді.Әдетте сұхбаттың басында қойылады. Мысалы, Қалай? Неліктен? Қалайша? Қандай жағдайларда?
Жабық сұрақтар - көбіне нақты бір жауап айтуға негізделген сұрақ түрі.Жабық сұрақтар қойғанда дәрігерде дайын гипотезалар болады. Мысалы: Сіз учетта тұрасыз ба? Сіз күнделікті қысымыңызды өлшеп отырасыз ба?
Белсенді тыңдау: Белсенді тыңдау - әңгімелесушінің психологиялық жағдайын, эмоцияларын, сезімдерін естуге, түсінуге, әңгімелесуді тереңдетуге және адамның аман қалуына, оның жағдайын өзгертуге көмектесетін құрал.Белсенді тыңдау кезінде барлық нәзіктіктер мен нюанстар ескеріледі: дауыс, интонация, бет-әлпет, үзілістерді бақылау әдісі, басқа адамға барынша шоғырлануы.
Белсенді тыңдаудың негізгі компоненттері:

  • Бейтараптық (науқасты сынаудан, бағалаудан аулақ болыңыз.Адамды қабылдап, құрметтеңіз);

  • Ізгі ниет (науқасқа жылы сөздер айту, өзі туралы айтуға ынталандыру);

  • Шынайы қызығушылық (адамды барынша толық ашуға көмектеседі).

Дәрігердің тәжірибесінде қажет белсенді тыңдау әдістері:

  • Пауза(үзіліс);

  • Нақтылау;

  • Ескертулер;

  • Эмоцияны білдіру;

  • Түйіндеме

Эмпатия: Эмпатия-дәрігердің науқас қиындығына ортақтасып, терең сезінуі, науқастың күйзелістеріне психологиялық тұрғыда қатысу.Медицина қызметкерлерінің өзін науқастың орнына қойып,өз ішкі сезімдері арқылы науқастың жан дүниесін түсінуге тырысу.
Вербальды эмпатия - жылы сөздер айту арқылы науқасқа қолдау көрсету.
Вербальды емес эмпатия - эмоциялар арқылы, науқастың қолынан ұстап қолдау көрсету.
Түсініктеме беру: Түсініктеме беру - пациенттің жайлылығы және сұхбаттың ашықтығы үшін қажет. Түсініктеме беруді науқасты тексергенде, диагностикалық және емдік манипуляциялар кезінде қолданамыз. Мысалы,біз бұл емдік шараны не үшін тағайындадық,науқасқа тексеріс кезінде не істеу керек,процедураның нәтижелерін түсіндіру,мүмкін болатын ауырсынулар туралы ескерту осындай жағдайларда біз науқасқа түсінік беруіміз қажет.
Ақпараттандыру: Науқасқа түсінікті тілде оның денсаулығы туралы ақпаратты жеткізу.Ғылыми және медициналық терминдерді қолданбай науқастың диагнозы, оның негізгі себептері, барысы, болжауларын және асқынуларын түсіндіру.Науқастың ойын, келісімін тыңдап, назарға алып, екіжақтық талдауды қолданып, жоспарлау жүргізу.
Сұхбатты аяқтау: Сұхбатты дұрыс аяқтау үшін: Алдымен науқасқа бірнеше вербальды емес белгілер беріңіз, мысалы, позаны өзгерту, жазбаларды жабу. Содан кейін сұхбаттың аяқталуы туралы вербальды сигналдар беріңіз,мысалы, «сонымен», «қорытындылау».
Науқастың дәрігердің айтқан барлық нұсқауларын дұрыс түсінгеніне көз жеткізу үшін бірнеше сұрақ қоямыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет