1. Психикалық үрдістер туралы түсінік


Темперамент туралы түсінік. Темперамент түрлері және олардың сипаттамалары



бет9/25
Дата27.04.2023
өлшемі101,76 Kb.
#87447
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
1. Ïñèõèêàëû? ?ðä³ñòåð òóðàëû ò?ñ³í³ê

10. Темперамент туралы түсінік. Темперамент түрлері және олардың сипаттамалары.
Темперамент - жеке адамның биологиялық фундаменті, оның туа пайда болған қасиеті. «Темперамент» терминінің (латынша «дұрыс араласу» деген) қолданылуы көне замандағы Гиппократ және оны қолдаушылардың аңқау – материалисті түсінігімен байланысты. Олардың түсінігі бойынша адамдар темпераменті организмге бір сұйықтың араласу арқасындағы басымдылығымен байланысты. Мысалы, қан (сангвис), мидан бөлінетін шырыш (флегма), буырдан бөлінетін өт (холе) және көк бауырдан (талақтан) бөлінетін өт (мелане холе). И.П.Павлов тәжірибе жүзінде темпераменттің физиологиялық негіздерін зерттеді.
Темперамент - әрбір жекс адамның жалпы мінездемесі, әр адамның қызмет ерекшелігін туғызатын нерв жүйесінін негізгі мінездемесі.
Холерик темпераментті адамдар - ұмтылу ерекшелігі, тасқындаған эмоционалды қайғылары, көңілінің жылдам ауысуы, ұшқалақтығымен көзге түседі.
Сангвиниктер - жылжымалы, эмоция көңіл құбылмалы қиыншылық пен сәтсіздікті оңай жеңгіш, жылы жүзді, ширақ және көпшілікті.
Флегматиктер - баяу және байсалды. Олардың қайғыларының сыртқы көрінісі бай емес. Көніл ауысуы жылдам болмайды. Олар қадалғыш және өзін өзі еркін билейді. И.П. Павлов бойынша бұлар «өмірдің қажымайтын еңбекқорлары».
Меланхоликтер - белсенділігі төмен, шаршағыш, қайғысының ауырлығына қарамай сырт жағынан байсалды. Олар үялшақ, қорқақ, батылсыз, оңай жарақаттанғыш, көңіл ауысуы жай.
Гиппократ темпераментінің төрт типі адамдар мен жанауарлар жоғарғы нерв қызметінің типтерімен ұқсас. И.П. Павлов орталық нерв жүйесінің типтерін бөлгенде ми қыртысындағы қозу мен тежеу қүбылыстарын еске алды. Нерв құбылыстарынын күшіне, жылжымалылығына және тепетеңдігіне байланысты жануарларды ол төрт типке бөлді: қозу үрдісі басыңқы, күшті үстамсыз; күшті жылжымалы тепе-тең, тежеу үрдісі басыңқы күшті тежеу және тежеуі басыңқы әлсіз. Психологиялық түрғыдан Гиппократ бөлген төрт топты Павловтың жоғарғы нерв қызметінің төрт типімен салыстырса, олардың ортақтығы білінеді.
Холерик - күшті ұстамсыз, сангвинник - күшті жылжымалы тепе-тең, флегматик - күшті тежеу, меланхолик- әлсіз типке сай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет