1. Психикалық үрдістер туралы түсінік


Түйсік туралы түсінік. Түйсіну табалдырықтары: Сенсибилизация, синестезия, адаптация



бет2/25
Дата27.04.2023
өлшемі101,76 Kb.
#87447
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
1. Ïñèõèêàëû? ?ðä³ñòåð òóðàëû ò?ñ³í³ê

2. Түйсік туралы түсінік. Түйсіну табалдырықтары: Сенсибилизация, синестезия, адаптация.
Түйсік деп – қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуін айтамыз. Түйсік біздің барлық біліміміздің бұлағы деп айтуға болады. Түйсік болмаса, біз басқа жолмен заттың, қозғалыстың ешқандай формалары туралы еш нәрсе біле алмаймыз. Түйсік біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады. Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедірбұдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Түйсік заттың сезім мүшесіне әсер еткен кезде ғана пайда болады. Сезім мүшесі - денснін шет аймақтары немесе ішкі мүшелерінде орналасқан, сыртқы және ішкі ортадағы белгілі бір тітіркендіргіштердің әсерін қабылдауға маманданған анатомиялық - физиологиялық аппарат. Сезгіш нервтердің ұштары әр сезім мүшесінің басты бөлігі болып табылады, ол рецептор деп аталынады. Көз, құлақ тәрізді сезім мүшелері ондаған рецепторлық ұштықты біріктіреді. Тітіркендіргіштің рецепторға әсер етуі сезгіш (афференттік) нерв арқылы үлкен ми сыңары қыртысының белгілі бір бөліміне баратын нервтік импульстің пайда болуына әкеледі. Жауап қайтару реакциясы эфференттік нерв арқылы беріледі. Ми қыртысындағы өткізгіш нервтер мен учаскелерді И.П.Павлов талдағыш (анализатор) деп атады. Түйсік тууы үшін талдағыштың барлық бөлшектерінің сақталуы қажет. Ми қыртысында талдағыштың нерв клеткалары бүлінсе, адамның сезім мүшесі толық сақталса да көруден немесе естуден қалады. Талдағыштар үш бөліктен құралады:

  1. Шеткі (перифериялық) мүше - бұл сезім мүшелері рецепторлар деп аталады;

  2. Өткізгіш бөлім - рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар;

  3. Мидағы орталықтар.

Кейбір философтар мен психологтар адам түйсігі заттардың объективік қасиеттерін бейнелемейді, олар тек осы заттардың әсерінен сезім мүшелерінде пайда болатын өзгерістерді ғана бейнелейді деген қате пікірлерді уағыздайды. Беркли, Юм, Мах т.б. оқымыстылардың айтуынша түйсіктердің мазмұны сыртқы тітіркендіргіштердің, яғни сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттеріне байланысты емес, ол түгелдей сезім мүшелерінің өздерінің жұмыс істеу қасиеттерімен белгіленетін болады деп тұжырымдайды. Осы тұрғыдан келгенде, түйсік сыртқы дүниедегі заттардың бейнесі емес, қайдағы бір шартты белгілер мен иероглифтер, символдар болып шығады.Бұл түсінік бойынша біз түйсіктеріміздің нені бейнелейтінін, оларға не сәйкес келетінін де, заттарды қалайша танып білуге болатынын да түсіндіре алмаймыз.
Түйсіну табалдырықтары: Сенсибилизация, синестезия, адаптация.
Түйсіктердің өзара әсері (Сенсибилизация). Егер адаптация құбылысы талдағыштар сезгіштігінің түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуінің көрсеткіші болса, ал сенсибилизация - сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс. Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Сыныпта температуралық режим, таза ауа, тәртіп болуын қадағалай отырып, мұғалім осы шаралардың гигиеналық және педагогикалық жағын ғана емес, сол шаралардың оқушылардың сезіштік денгейіне қандай әсері болатынын да есінде сақтауы қажет. Мысалы, көзге түскен жарық мөлшері оның көру қабілетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Әдетте, қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына көмектеседі. Ұшқыштардың түнгі ұшуға даярлану кезінде көздеріне 20-30 минут бойы қызыл көзілдірік киетіндері осыған байланысты. Психологиялық зерттеулердің көпшілігінде адамның таза ауада жиі демалуы, жеңіл-желпі дене қимылдарын жасауы, бетіқолын салқын сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыратындығы анықталған. Сыртқы дүниенің заттары бір ғана анализатормен түйсінілмейді. Бір сезім мүшесіне түскен әсер қалған сезім мүшелеріне де әсер етеді. Түйсіктердің бір-бірімен байланысқа түсуі сыртқы дүниенің құбылыстарын толығырақ түйсінуге жағдай жасайды. Болар-болмас дәм түйсігі (қышқыл нәрсе) көру сезгіштігін арттырады, тұз ерітіндісін ішкеннен кейін таза судың өзі тәтті болып көрінеді. Осындай өзара байланыс көру, сипай сезу, қозғалыс түйсіктерінде де көп байқалады.
Синестезия дегеніміз - пайда болған бір түйсіктің басқа түйсікті қоздыруы. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Сондай адамдардың бірі қызғылт түстен - жылылықты, екіншілері көгілдір жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, көру, сипап сезу, иіс, дәм түйсіктерінде кездесіп отыратын осы құбылыс өмірде онша жиі кездесе бермейді. Синестезия - түйсіктердің өзара байланысының шамадан тыс дамыған бір көрінісі.
Адаптация. Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуін адаптация (бейімделу) деп атайды. Сезім мүшелерінің бейімделінуі түйсіктің кез келген түрінде кездеседі. Өмірде адаптация кұбылысы әр адамға жақсы таныс. Мысалы, адам суға түскен алғашқы минуттарда оған су суық болып көрінеді. Суықты түйсінуден арылған соң, су жылынғандай болып, судың бірқалыпты салқындығына дене аз уақыт ішінде тез төселіп, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады. Сол сияқты көру талдағышы қараңғылыққа және жарыққа адаптациялануды ажыратады. Жарық жерден қараңғы үйге кіргенде көз қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл қарашықтан өтетін жарық мөлшері де 17 есе көбейеді деген сөз. Қараңғыда көздің көргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалар күшті әсер етеді. Адаптация иіс түйсіктерінде түрлі деңгейде көрінеді. Мәселен, камфараның исі 1-2 минуттан кейін сезілмейтін болса, ал қыша мен нашатр спиртінің иісіне бейімделу тезірек болады. Ауырсыну түйсіктеріндегі адаптация өте әлсіз, ауырсыну ағзаның қалыпты жұмысының ауытқуын, оның биологиялық рөлін көрсетеді. Адаптация - үнемі өзгеріп отыратын сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне талдағыштардың қалай да бейімделе алатындығын байқатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет