1. Психикалық үрдістер туралы түсінік


Дәрігердің кәсіби маңызды қасиеттері: аффилиация, эмоционалды тұрақтылық, эмпатия



бет8/25
Дата27.04.2023
өлшемі101,76 Kb.
#87447
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
1. Ïñèõèêàëû? ?ðä³ñòåð òóðàëû ò?ñ³í³ê

9. Дәрігердің кәсіби маңызды қасиеттері: аффилиация, эмоционалды тұрақтылық, эмпатия.
Аффилиация - адамның көпшілікке ынталануы, әрекеттестік қабілеті, ұжымдағы кәсіби жігерленуіне себептес болады. Науқас үшін, дәрігердің өзіне сенімді, эмпатияға қабілетті болуы өте маңызды боп келеді. Сонымен қатар, дәрігер өзінің әріптестеріне, басқа медициналық қызметкерлерге эмоциялық қолдау көрсету арқылы олардың өз ісін орындауға қабілеттілігін жоғарылатады, әрі жігерлендіреді.
Басқа адамдармен бірге «болуға», «қосылуға» ұмтылу қажеттілігі.
- дәрігер жұмысына - аффиляция:
- науқастарға қызығушылықпен қарауға көмектеседі;
- оларға көмектесуге ұмтылдырады;
- кәсіби деформациядан, немқұрайлықтан алшақ қылады;
- науқасқа жай емдейтін “объект” деп қараудан сақтайды.
Эмоционалды тұрақтылық - дәрігерге “психологиялық стрестен”, науқастармен қақтығысып қалудан қорғайды. Дәрігердің эмоционалды тұрақсыздығы, науқастың оған деген сенімін жоғалтып қана қоймай, оларды шаршатады, көңіліне күдік туғызып, тіптіқорқытады. Керісінше, дәрігердің бірқалыптылығы мен эмоционалды тұрақтылығы, сабырлылығы науқаспен сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.
Эмпатия - бұл дәрігердің науқас қиындығына ортақтасуы, терең сезінуі, науқас күйзелістеріне өзіндік психологиялық тұрғыда “қатысуы” болып табылады. Эмпатия үш түрлі компоненттен тұрады:

  1. Идентификация механизміне негізделген эмоционалды эмпатия.

  2. Интеллектуалды процестерге негізделген (салыстыру, талдау) танымдық эмпатия.

  3. Ішкі интуицияға сүйенетін предикативті эмпатия, яғни басқа адам туралы көзқарасты болжай алу қабілетінен көрінетін эмпатия.

Эмоционалды түрде ортақтасу - науқаспен психологиялық контакт орнатуға, ол туралы толық, әрі нақты мәлімет алуға, науқасқа жазылатынына деген сенімді ұялатуға, науқастың дәрігер кәсібилігіне деген сеніммен қарауына көмектеседі;
Дәрігердің эмпатиясы - науқастың субъективті сезімдерінің, аурудың объективті клиникалық сипатына сәйкес келмеген жағдайында көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет