1. Психолгия пәні дегеніміз


Темперамент ұғымына анықтама беру



бет25/41
Дата18.10.2023
өлшемі102,87 Kb.
#118621
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Байланысты:
психология 90 сұрақ

55.Темперамент ұғымына анықтама беру.
Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. Темперамент түрлері: Холерик, флегматик, Сангвиник, меланхолик.
56.Түйсіктің түрлері.
Түйсіктер әртүрлі болады. Түйсіктердің барлық түрі мүшелеріне сәйкес бөлінеді, олардың көмегімен түйсіктерді көру, есту, иіс, дәм сезу, тері, бұлшық ет, қозғалыс және органикалық түрлерге бөлеміз. Түйсіктердің мүшелері қайда орналасқанына және қайдан тітіркеңдіргішті алуына байланысты үш топқа бөлінеді: экстерорецепторлар, проприорецепторлар және интерорецепторлар.
Экстерорецепторлар ағзаның сыртқы бөліктеріңде орналасқан -оған жататындар: көру, есту, иіс, дәм,
сипай сезу (тері) мүшелері жатады. Бұл көп жағдайда сыртқы сезімдердің мүшелері деп атайды. Олардың көмегімен біздің ағзадан тыс жатқан заттар мен құбылыстардың қасиеттері бейнеленеді. Түйсіктер бұл мүшелерге сәйкес (көру, есту және т.б.) экстерорецепторлар деп аталады.
Проприорецепторлар бұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда орналасқан. Бұл мүшелердің
көмегімен біз әртүрлі қозғалыстарды және біздің ағзамызды, оның жекелеген мүшелерін түйсінеміз.
Осы түйсіктер проприорецепторлардеп аталады. Бұл түйсіктер - бұлшық ет, қозғалыс (кинестетикалық) және тепе-теңдік (статикалық).
Интерорецепторлардененің ішкі мүшелерінде ішек-қарында, өкпеде орналасқан. Ол рецепторлардың
көмегімен ас қорыту, тыныс алу, қан айналымы және т.б ішкі мүшелерде тітіркендіргіштердің әсерімен алынатын түйсіктер және т.б айтады. Бұл түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Олар негізінен органикалық түйсіктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет