1. Психолгия пәні дегеніміз


Эстетикалық сезім дегеніміз не



бет21/41
Дата18.10.2023
өлшемі102,87 Kb.
#118621
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Байланысты:
психология 90 сұрақ

46.Эстетикалық сезім дегеніміз не.
Эстетикалық сезімдер- жоғарғы сезімдердің түріне жатады, яғни адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты түсінуінен пайда болады. Мұндай сезімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әдемі көріністерді тамашалау немесе табиғаттағы, көркемөнердегі әсіресе, өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат алу кездерінде байқалады.
47.Сипап сезу, тері түйсіктері .
Заттардың теріге үйкелуінің нәтижесінде олардың тегіс немесе кедір-бұдыр, жұмсақ немесе қатты құрғақ не дымқыл екенін және т.б. қасиеттерін түйсінуге болады. Заттар теріге сүйкелгенде жүйкелер қозса ғана түйсіну пайда болады, қоздыруға шамасы келмейтін сүйкелу түйсінуді туғыза алмайды. Тері түйсіктерінің адамға тән белгісі бap. Бұл, ең алдымен, адамның тері түйсіктерінде сипаудың елеулі орын алуымен байланысты. Сипау мүшесі — қол. Ол — адамның ең сезгіш мүшесінің бірі. Жас нәрестелердің айналасындағы дүниені тануында сипау үлкен рөл атқарады. Сипау сезімі — мылқауларды оқытудың, оларды түрлі мамандыққа үйретудің, ақыл-ой өрісін дамытудың күшті құралы.
48.Сезім мен эмоцияның бір-бірінен айырмашылығы.
Сезім мен эмоцияның айырмашылығы неде?

  • Сезімдерді басуға болады, ал эмоцияларды оңай басу мүмкін емес.

  • Сезім бетте оңай көрінбейді. Екінші жағынан, эмоциялар бетте оңай көрінеді.

  • Сезім сипаты бойынша түсініксіз, бірақ эмоциялар түсіндіріледі.

  • Сезімдер әрқайсымызда жиі кездеседі, ал психологиялық зерттеуге сәйкес эмоциялар адамнан адамға байланысты.

49.Мектепке дейінгі жастағы баланың қиялының дамуы.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып, еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен, өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалды оқып отырғанда, не өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не кітап оқығанда (мәселен, алыстағы Африка, Австралия, Индия т. б.) бізде түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бұл қиял процесінің жемісі болып саналады. Л.С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады.. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет