79.Негізгі іс әрекет түрлері қандай. Адамның онтогенез барысында дамуы іс-әрекеттердің
негізгі үш түрімен шектеледі.
1. Ойын;
2. Оқу;
3. Еңбек.
Ойын – адам іс-әрекетінің ерекше түрі. Ойынның
нәтижесінде материалдық немесе идеалдық өнім шығару
көзделмейді. Көбінесе ойын сауық, бәсеңдік, демалу
мақсатын көздейді.
Ойынның бірнеше түрлері бар: индивидуалды, топтық,
заттық, сюжеттік, рөлдік және ережесі бар ойындар.
Сонымен қатар ойынның араласқан түрлері де болады:
заттық-рөлдік, сюжеттік-рөлдік, ережесі бар сюжеттік
ойындар, т.б. Дегенмен, ойынның адам өмірінде маңызы зор.
Балалар үшін ойын даму сипатымен ерешеленеді. Ойын
балалардың жетекші іс-әрекет болып табылады.
80.Адам өміріндегі сезімнің маңызы қандай. Адамның сезімі әруақытта да белгілі қоғамдық мәні бар іс-әрекетке бағытталған. Жай ғана сыйлау немесе жай ғана сүйіспеншілік болуы мүмкін емес. Мәселен, сүйіспеншілік сезімі міндетті түрде белгілі бір іске бағытталады және байқалады: Отанды сүю (елжандылық) еңбекті сүюге, адамды сүюге бағытталады.
Адамның сезімдерінде оны қоршаған дүние бейнеленеді, сонымен қатар онда заттардың өзі бейнеленбейді, оған адамдардың қатынасы бейнелейді. Сондықтан да әрбір адамның сезімінің мазмұны осы заттардың ол үшін қандай мәні барлығына байланысты. Адамды қоршаған дүниедегінің барлығы бірдей оның сезіміне әсер ете бермейді, тек ол үшін мәнді, оның материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталғаңдары әсер етеді.
Сонымен, адамның сезімдерінде оның қоршаған дүниеге қатынасы, оның қажеттіліктері, дүниетанымы мен көзқарасы, моралдік қасиеті бейнеленеді. Біз әрбір адамның сезімінің осы қасиеттеріне қарай оның қандай адам екендігін айтып бере аламыз.
81.Адамның өз мінез-құлқын жөндеуі. Адамның бойындағы мінез бітістерінің өзі үшін де, сондай-ақ төңірегіндегі амдар үшін де орасан зор маңызы бар. Егер біреу туралы : *Оның мінезі қандай жаман* десе, онда әдетте мұндай адамнан қашқалақтайды, ұжымды оның достары болмайды, отбасында онымен бірге өмір сүру көбінесе мүмкін болмайды. Мінез жақсы адамдар айналасындағыладрың туған – туысқандары мен достарының сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленеді.