86. Түйсік түрлері. Түйсіктер әртүрлі болады. Түйсіктердің барлық түрі мүшелеріне сәйкес бөлінеді, олардың көмегімен түйсіктерді көру, есту, иіс, дәм сезу, тері, бұлшық ет, қозғалыс және органикалық түрлерге бөлеміз. Түйсіктердің мүшелері қайда орналасқанына және қайдан тітіркеңдіргішті алуына байланысты үш топқа бөлінеді: экстерорецепторлар, проприорецепторлар және интерорецепторлар. Экстерорецепторлар ағзаның сыртқы бөліктеріңде орналасқан -оған жататындар: көру, есту, иіс, дәм,
сипай сезу (тері) мүшелері жатады. Бұл көп жағдайда сыртқы сезімдердің мүшелері деп атайды. Олардың көмегімен біздің ағзадан тыс жатқан заттар мен құбылыстардың қасиеттері бейнеленеді. Түйсіктер бұл мүшелерге сәйкес (көру, есту және т.б.) экстерорецепторлар деп аталады.
Проприорецепторлар бұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда орналасқан. Бұл мүшелердің
көмегімен біз әртүрлі қозғалыстарды және біздің ағзамызды, оның жекелеген мүшелерін түйсінеміз.
Осы түйсіктер проприорецепторлардеп аталады. Бұл түйсіктер - бұлшық ет, қозғалыс (кинестетикалық) және тепе-теңдік (статикалық).
Интерорецепторлардененің ішкі мүшелерінде ішек-қарында, өкпеде орналасқан. Ол рецепторлардың
көмегімен ас қорыту, тыныс алу, қан айналымы және т.б ішкі мүшелерде тітіркендіргіштердің әсерімен алынатын түйсіктер және т.б айтады. Бұл түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Олар негізінен органикалық түйсіктер.
87. Тәжірибелік әдіс дегеніміз. Оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін, біліктілік пен дағдыларын тереңдету және жетілдіре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.
88.Адам санасының жануарлар психикасынан қандай айырмашылығы бар. Адамның санасының пайда болуы мен оның сипа-ты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден сана-лық бейнелеудің айырмашылығы — бүл заттасқан шын-дық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық қүбылыстар-дың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі — адам пси-хикасының мәңгі зертгелетін сыры (А. НЛеонтьев). Сана психикасыньщ ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің үзаққа созылған тарихына ие оолғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды. Жануар қылығынан мүлде өзгеше, адамның сана-лы әрекетін қалыптастыратын шарттар: 1) тіршіліктің өлеу-меттік-тарихи сипаты; 2) өмірдің қоғамдық еңбекпен бай-ланысы; 3) еңбек қүралдарын дайывдап, пайдалана білу; 4) тілдік қатынастың пайда болуы.