1. Психолгия пәні дегеніміз


Қозу мен тежелу дегеніміз



бет7/41
Дата18.10.2023
өлшемі102,87 Kb.
#118621
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
психология 90 сұрақ

15.Қозу мен тежелу дегеніміз.
Қозу – тітіркендіру салдарынан пайда болатын тірі тіндердің (ұлпалардың) әрекеті, белсенді қызмет атқара алатындай жағдайы; тірі жасушалардың тітіркенуге қайтаратын жауабы.
Қозу – түрлі физикалық, химиялық, функциональдық өзгерістер жиынтығынан тұратын, тек тірі ұлпаларға, тірі организмге тән, қозғыштық қасиет негізінде дамитын күрделі биологиялық процесс. Организмде қозғыштық қасиет жойылса, жасушалардың қызметі бұзылып, тіршілігі тоқтайды.
Қозу – толқын тәрізді таралатын процесс. Тіннің бір жерінде пайда болған қозу оның басқа бөліктеріне жайыла таралады. Ет пен жүйке тіндерінде қозу электрлік жолмен, әрекет потенциалы түрінде таралады. Тіннің бір жасушасында немесе бір телімінде пайда болған әрекет потенциалы оның басқа бөліктерін тітіркендіреді. Қозу процесі шектелген (таралмайтын) және шектелмеген (таралатын) болып екіге бөлінеді. Қозудың табиғатын түсіндіретін мембраналық-иондық теорияға сәйкес абстракциялық рефрактерлік сатысы (Қозу жағдайындағы тіннің кенеттен әсер еткен тітіркендіргішке жауап бермеуі) натрий иондарының жасуша ішіне өтуі тоқтап, жарғақша арқылы калий иондары өтуінің жоғарылауымен байланысты.
Тежелу — физиологияда қозуды басатын немесе әлсірететін белсенді жүйкелік процесс; белгілі бір әрекеттің бәсеңдеуі немесе тоқтауымен сипатталатын құрылымдардың ерекше биологиялық күйі. Тежелу шеткі органдарға да, орталығы жүйке жүйесіне де тән. Орталығы жүйке жүйесіндегі Тежелу процесін алғаш рет И.М. Сеченов ашқан (1862), физиологияда мұны Сеченов тежелуі деп атайды. Орталығы жүйке жүйесінде тежелудің 2 түрі байқалады.
1.бастапқы тежелу орталығы жүйке жүйесіндегі арнаулы тежелу нейрондардың әрекетінің нәтижесінде туындайды;
2.салдарлық тежелу арнаулы тежелу құрылымдардың қатысуынсыз, қозу процесін тудыратын нейрондарда пайда болады.
16.Зейін дегеніміз.
Зейін — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.
Адамның зейіні ырықты зейінырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет