21.Балада эмоциялар мен сезімдердің дамуы. Балалардың қарапайым эмоциялары туған күнінен бастап-ақ көрінеді. Бала есейген сайын эмоциялар біртіндеп дами түседі.Мәселен, екі жарым жасар бала қол-аяғы байлаулы адамның суретін көргенде оған жаны ашып жылаған. Төрт баланың анасы кітаптан ит кірпіні ұстап алайын деп тұрған жерін оқығанда қатты күйзелген. Төрт-бес жасар балаларда жоғарғы сезімдердің элеметтері кездеседі. Міселен, осы жастағы балалардан «біреудің нәрсесін сұраусыз алуға бола ма?» десең болады.
Мектепке түсу бала сезімдерін жүйелі, жоспарлы түрде тәрбиелеудің негізгі жасы болып табылады. Аса сезімтал, эмоциялы келеді. Бұл балалар сергек те, жайдарлы, ақкөңіл де, сенгіш, аңқау да әділ болып келеді. Мәселен, бірінші сынып оқушыларының арасынан сабақ үстінде қатты дауыспен күлетін не жылап жіберетін оқушыларды кездестіруге болады. Бұлар нерві қозғыш, өздерін ұстай алмайтын балалар.
Сыныбы жоғарылап, есейген сайын оқушы мұндай қылықтарынан арыла бастайды. Осы жастағыларда бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін болады. Мәселен, сыныпта біреу күлсе, оған қосылып қалғандары да күледі, біреуі сөйлесе қалғандары да оған қосылады.
Мектепте баланың жоғарғы сезімдері одан әрі дами түседі.
22.Ерік амалдары. Ерікті әрекеттер мен амалдар – мәнісі мен құрылысы жағынан өте күрделі процесс. Немесе ерікті амал , бұл-мазмұны тұрғысынан өте күрделі психологиялық әрекет. Ерік қимылы адам даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі процесс екендігін төмендегі структурасынан да жақсы көруге болады. Ерікті амал кезеңдері бұл мәселенің мәнін психологиялық тұрғыдан ашып көрсетеді. Әрбір ерікті әрекетте белгілі мақсат бар. Адам қандай да болмасын белгілі бір істі орындау, өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өз жағдайын соған бейімдейді. Адамның еркі алдына мақсат қоюдан басталады. Мәселен орта мектепті бітіретін оқушының арнаулы оқу орнына түсуге талабы бар дейік, оқушының бұл мақсатты алдына қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы түрткі (мотив) болады. Кез-келген адамнан “ сен не үшін оқисың ? ” деп сұрасаң, оның нендей болса да бір дәлел айтатыны түсінікті.