18.Ерік туралы жалпы түсінік. Еріктің амал кезеңдері Адамға ерікті және еріксіз белсенділік тән. Еріксіз белсенділік алдын ала ешқандай мақсатсыз пайда болады.Ерікті белсенділік біздің қажетіміз бойынша,алдын ала қойылған мақсат негізінде пайда болады.
Ерік-бұл алға қойған мақсатты орындау жолында кездесетін қиыншылықтар мен кедергілерді жеңуге бағытталған адамның саналы психологиялық іс-әрекеті.Адам алдына әртүрлі мақсат қояды.Сол мақсатты орындау жолында ерік-қайраты мен күш-жігерін жұмсайды. Мақсатқа жету қиындықтар мен кедергілерді жеңумен байланысты. Бұл қиындықтар мен кедергілер екі түрлі болады: сыртқы және ішкі.
Сыртқы қиындықтар мен кедергілерге адам санасынан тыс объективтік қиындықтар мен кедергілер,сыртқы қолайсыздық,басқа адамдардың қарсы тұруы жатады.
Ішкі қиындықтар мен кедергілерге адамның өзіне байланысты қажет нәрсені істеуге адамның қарсы тұруы,қарама-қайшы талпынулардың болуы,енжарлық,жағымсыз көңіл-күй,ойламай әрекет ету әдеті,жалқаулық,қорқыныш сезімі жатады.
Еріктің амал кезеңдері:
Мақсат және оған жетуге ұмтылу (дайындық кезең)
Мақсатқа жету мүмкіншіліктерін түсіну (мақсат қою)
Ниет-тілектердің пайда болуы
Ниеттер тартысы және оның бірін қалау
Тоқтамға келу үшін мүмкіншіліктердің бірін қалау
Тоқтамға келген шешімді орындау
19.Тұлға түсінігі. Тұлға - қоғамның мүшесі, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады. Жеке тұлға бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаның зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың “өзегі” бар деп мойындайды, олар оны “Мен- жүйе” немесе жай ғана “Мен” деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.
Жеке тұлғаның. ең маңызды белгілері – оныңсаналылығы, жауапкершілігі, бостандығы қадір – қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс – әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер менқасиеттердің айқын және спетцификалық көрініс табуы арқылы, оның іс – әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда “адам”, “жеке тұлға” деген ұғымдардың қатары “даралық” деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері ерекше белгілері (мысалы, салмақты- жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет- әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі ақылы ерекшеленеді. Осылйша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. “Даралық” ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпа мен жекеден тұрады.