1. Психология пәнінің зерттеу объектісі мен міндеттері



бет1/24
Дата13.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#73660
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
№1РК ПСИХОЛОГИЯ


1.Психология пәнінің зерттеу объектісі мен міндеттері.
Зерттеу объектісі бұл- адам.
Яғни адамның басқа тұлғалармен қарым-қатынасы, жеке тұлғаның эмоциялары мен пейілі, мінез-құлығы мен оның қалыптасуы болып табылады.
Міндеттері:
1. Психикалық іс-әрекетті оның дамуымен байланыстыра отырып зерттеу.
2. Психикалық құбылыстардың дамуы мен қалыптасуын зерттеу.
3. Тұлғалардың өзіндік көз-қарастарын, қабілеттерін, ерекшеліктерін жетілдіру.
4. Психологиялық құбылыстардың физиологиясын зерттеу.

2.Психология ғылымының даму кезеңдері
Психология ғылымының даму тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді :
1. Психология жан туралы ғылым.
2. Психология сана туралы ғылым.
3. Психология жүріс-тұрыс туралы ғылым.
4. Психология психика туралы ғылым.

1-кезең жан туралы ғылым ретінде. Психология Бұл психологияға екі мың жылдан астам уақыт бұрын берілген анықтама. Ежелгі адамзат жан бар деген ұғыммен өзіне түсініксіз барша өм кұбылыстарын дәйектеуге тырысқан.


2- Психология сана туралы ғылым ретінде. XVII ғасырда жаратылыстану ғылымдарының дамуымен басталды. Ойлау, сезіну, ниеттеу қабілеттерін сана деп аталды. Негізгі зерттеу әдісі адамның өзін-өзі бақылап ,фактілерді сипаттауы болды.
3- Психология мінез-құлық туралы ғылым ретінде. XX ғасырдан басталады. Психологияның міндеті — тікелей көруге болатын құбылыстарды бақылау, яғни мінез-кұлықты, адамның реакциялары. Адамның қылығын тудыратын түрткілер есепке алынбады.
4.Психология — психиканың заңдылықтары мен механизмдерінің фактілерін зерттейтін ғылым ретінде.
3.Психология ғылымының салалары мен тармақтары.
Біз психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пәннін, зерттейтін объектісін, екінші. адамның іс-әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс-әрекет несі деп санап, оның әлеуметтік ортаға қатынасын алып қарастырамыз. Адамның нақты іс-әрекеттеріне сүйене отырьш, оның психикасының дамуын темендегіше жіктейміз.

  1. Тәлім-тәрбие (педагогикадық) псяхологиясы, Бұл пәннің зерттейтіні — адамды оқыту мен тәрбислеу ісіндегі психологиялық зандылықтар. Ол оқушылардың акыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-катынастарды зереттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Сөйтіп, оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралык ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс-тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де щұғылданады.

  2. Жас кезеңдерінің психологнясы — әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологнясы. Бұл сала оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін.зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.

  3. Арнаулы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладаьы ер қилы аурулардың себептерін қарастырады.

  4. Еңбек психологиясы — адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Еңбек психологиясының мақсаты — әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік-кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру.

  5. Медициналык психология дәріғерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармақка бәлінеді, арбір тармақтық адам психикасын зерттеуге қатысты мақсат-міндеттері бар. а) Нейропсихолоеш психикалық құбылыстар мен жоғары жүйке құрылысының физиологиясын және олардың өзара қатынасын зерттейді; ә) Психофармакология дәрі-дәрмек-тердің адам психикасына әсері мен күшін қарастырады; б) Психотерапия — ауру адамға психикалық әдіс-айла және емдік тәсілдер қолдану мәселелерін қарастырады; в) Психопрофилактика және гигиена адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындау-мен шұғылданады.

  6. Әскери психологияның ең басты міндеті — азаматты ел-жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердін. мінез-құлқы мен отаншылдық қасиетін тәрбиелеп қалыптастыру жағдайлары, бастықтар мен бағынушылар арасындаш қарым-қатынастар, үгіт-насихат жұмыста-рын жүргізу, дұшпанға дейген өшпенділік сезімдерінік оянып, оған қарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістері зерттеледі.

  7. ӘлеуметтІк-психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-катынастағы психологиялық кұбылыстардың сырын зерттейді.

  8. Спорт психологиясы спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады, Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара карым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәседелернің психологиялық факторларын зерттсйді.

  9. Сауда психологиясы — қазіргі заманда кенінсн дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси-экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді, Сонымен қатар, әсіресе, жарнамалардың психологиялық ықпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатьш алушылардың мұқтаждығы, оларға қызмет көрсетудің факторлары қарастырылады.

  10. Ғылыми-шығармашылық (творчество) психологиясы — соңғы кездерде зерттеле бастаған сала, Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т, б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше ма-нызды заңдылық — эвристика тәсілі.

  11. Заң психологиясы хұқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы, кылмыс психологиясы, еқбекпен түзету психологиясы (пенитендиарлы) деп аталатын тармактардан құраяады. Сот психологиясы сот, айыпталушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т. б жайттардың психологиялық астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оныц зиянды әрекегтерінің сырын ашады. Ецбекпен түзсту психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын із-дестіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет