26
ҚР ҚН 1.02-03-2011
көрсеткіштер, оларды бекітілген техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен салыстыру
немесе объект құрылысына құйылатын инвестициялардың негіздемесі енеді.
10.4.4 Сметалық құжаттама осы құрылыс нормасының жоғарғы жағында 10.2.2-бөлімде
көрсетілген құрамдағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органның нормативтік-әдістемелік құжаттарында келтірілген ережелеріне және
нысандарына сәйкес құрастырылады.
10.4.5 Құрылыс объектісінің жұмыс сызбалары ҚЖҚЖ (10.2.3) мемлекеттік норматив-
тері және стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.
11 Құрылыс мерзімі үш жылдан асатын техникалық күрделі
объектілерді жобалау мен іске асырудың ерекше тәртібі
11.1 Белгіленген тәртіпте техникалық күрделі объектілер санатына жатқызылған
объектілерді салу кезінде жоба алдыңғы құжаттама (ТЭН) мен жобалау құжаттамасын екі
сатыда (Ж және ЖҚ) әзірлеу ескерілуі қажет.
11.2 Болжалды құрылыс мерзімі 3 жылдан асатын (36 ай) техникалық күрделі объекті-
лер құрылысына жоба алдынғы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде объекті құрылы-
сын іске асырудың жалпы кезеңі 3 жыл көлемінде жекеленген кезеңдерге бөлінеді.
11.3 ТЭН жалпы объект бойынша, жеке элементтерді белгілеу арқылы әзірленеді, жоба
бір немесе бірнеше іске қосылатын кешендердің бөлігінен құралуы мүмкін немесе құрылыс
кезегі болып табылатын әр кезеңге жеке әзірленеді.
11.4 Инвестициялық шығындарға негіздеме беретін ТЭН бөліміндегі құрылыстың
нормативтік ұзақтығына қарай, көлемді жобаның іске асыру кезеңдері бойынша бөле отырып,
құрылыс салу мен қаржыландыру жоспары құрастырылады.
3 жылдық бюджеттік кезеңде және одан кейінгі құрылыстың сметалық құнының
өзгеруі Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен бекітілген айлық есептік
көрсеткіштерінің өзгеру индексіне сәйкес қайта есептеудің жоспарлы коэффициентін қолда-
ну арқылы есептеледі. Айлық есептік көрсеткіштердің көлемі туралы ақпараттар жоқ болған
жағдайда, сметалық құнның өзгеруі соңғы жылдың белгіленген мәніндегі болжалды шамада
есептеледі.
Құрылыстың болашақ кезеңдерінің құны құрылыстың әрбір кезеңіндегі жұмыстар
көлемінің бастапқы құнын индекстеу жолымен анықталады және осы есептеулер негізінде
объекті құрылысының барлық кезеңіндегі болжамдық құны белгіленеді.
11.5 Құрылыс мерзімі 5 жылдан астам, жылулық қуаттылығы 300 Гкал/сағаттан кем емес
немесе электрлік қуаттылығы 200 МВт-тан кем емес, техникалық күрделі және технологиялық
тұрғыдан бір-бірімен байланысты (кезеңдер бойынша іске асырылатын) жылу энергетикалық
кешеннің объектілері үшін дайындалатын жоба алдындағы (техникалық-экономикалық
негіздемелер) және жобалық (жобалық-сметалық) құжаттама құрылыстың құрамдық
(жиынтық) сметалық есебінде құрылыс құнының сметалық есебінің 10% шамасындағы
тапсырыс берушінің иелігінде қалатын қаражат қорын қарастыруы керек.
11.6 Құрылыс мерзімі 5 жылдан астам, жылулық қуаттылығы 300 Гкал/сағаттан кем емес
немесе электрлік қуаттылығы 200 МВт-тан кем емес, техникалық күрделі және технологиялық
тұрғыдан бір-бірімен байланысты (кезеңдер бойынша іске асырылатын) жылуэнергетикалық
кешеннің объектілерін салудың сметалық есебінің 10% мөлшерінде тапсырыс берушінің
иелігінде қалатын қаражат қорын пайдалану тәртібі өнеркәсіп саясаты саласындағы уәкілетті
органның келісімімен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік
уәкілетті органмен анықталады.
27
ҚР ҚН 1.02-03-2011
12 Жобалық құжаттаманың құрамына кірмейтін құжаттама
(ілеспелі деректер)
12.1 Егер де Келісімде арнайы жағдайлар алдын-ала келісілмесе, тапсырыс берушіге
ұсынылатын жобалық құжаттаманың құрамына (жобалаудың сатылығынан тәуелсіз) жоба-
лық құжаттаманың жобалау шешімдері бойынша орындалған есептер енгізілмейді.
12.2 ҚЖҚЖ стандарттарына сәйкес рәсімделген, 12.1-тармағында көрсетілген құжаттама
жобалау ұйымында (бас жобалаушыда) сақталады және тапсырыс берушінің талабымен,
мемлекеттік бақылау органдарына, мемлекеттік сараптамаға немесе сараптамалы жұмыстары
нарығының субъектілері ретінде сараптаманы іске асырған өзге де тұлғаларға беріледі.
12.3 Мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтер жұмыс құжаттамасының құрамына
енгізілмейді, және Келісімде қарастырылған жағдайда, ол тапсырыс берушіге тапсырылуы
мүмкін.
12.4 Бөлек келісім бойынша, байланыстыру тораптарының жұмыс сызбалары мен
металл конструкцияларының егжей-тегжейлі сызбалары (МБҚ), технологиялық құбырлардың,
стандартты емес (типтік емес) құрылыстары, конструкциялары, элементтері, технологиялық,
энергетикалық және басқа да жабдықтар құрылғыларының сызбалары және объектілер
құрылысындағы жұмыс құжаттамасына жататын және онымен байланысты коммуникациялар,
қондырғылар, құрылғылар әзірленеді.
28
ҚР ҚН 1.02-03-2011
А қосымшасы
(міндетті)
Осы нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
(терминдер, анықтамалар)
Осы қосымшадағы негізгі ұғымдар (терминдер, анықтамалар) қызмет ету аясына
байланысты құрылысқа арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларды әзірлеу, келісу
және бекіту үшін келтірілген.
Авторлық қадағалау –
Бұл автордың:
- сәулет және қала құрылысы туындысының авторы (авторлары) жүзеге асыратын
құрылыс жобасының (құрылыс құжаттамасының) әзірленуіне;
- сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторын (авторларын) қоса алғанда,
әзірлеушілер жүзеге асыратын құрылыс жобасының орындалуына бақылау жүргізуді іске
асыру жөніндегі құқықтылығы.
Авторлық қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
жүзеге асырылады.
Сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы – объектінің мақсатына, негізгі өлшемдеріне және
оны нақты жер теліміне (алаңға, трассаға) орналастыруға қойылатын талаптар кешені, сондай-
ақ осы елді мекен үшін қала құрылысының регламенттеріне сәйкес белгіленетін, жобалау мен
құрылысқа қойылатын міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер. Бұл ретте, түсі жөніндегі
шешім мен ғимараттардың (құрылыстардың) қасбеттерін әрлеу материалдарын пайдалану,
көлемдік-кеңістіктік шешім бойынша талаптар белгілеуге жол берілмейді.
Сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы тапсырыс берушіге жергілікті сәулет және қала
құрылысы органымен құрастырылады және беріледі.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – бюджеттік бағдарламаны жоспарлауға, негіздеу-
ге, іске асыруға және оның жетістікке жетуіне жауапты мемлекеттік орган.
Бюджеттік инвестициялар – мемлекеттік активтердің құнын заңды тұлғалардың
жарғылық капиталдарын қалыптастыру және жоғарлату, бюджет көзінен қос қаржыландыру
шарттарындағы бюджеттік инвестициялық, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы
мемлекеттік активтерді құруға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттің
қаржыландырулары.
Бюджеттік инвестициялық жоба – аяқталған сипатқа ие, белгілі бір уақыт аралығында
бюджеттік қаражаттың есебінен іске асырылатын жаңа объектілерді құруға, қолданыстағыла-
рын қайта құруға арналған іс-шаралардың жиынтығы.
Елді мекеннің бас жоспары – аймақтарға бөлуді, оның аумағының жоспарлы құрылымы
мен қызметтік ұйымдастыруды, көлік және инженерлік коммуникацияларды, көгалдандыру
мен абаттандыру жүйелерін белгілейтін, қаланы, кентті, ауылды (селоны) немесе басқа да
қонысты дамыту мен салуды кешенді жоспарлайтын қала құрылысының жобасы.
Объектінің бас жоспары – құрылыс объектісі (ғимарат, құрылыс, кешен) жобасының
оның аумаққа (жер теліміне) орналастыру, көлік коммуникацияларын, инженерлік желілерді
төсеу(жүргізу), жер телімін инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру,
шаруашылық қызметін көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін және жобаланып отырған
объектінің орналасатын жеріне байланысты өзге де іс-шаралардың кешенді шешімі мәселе-
лерін қамтитын бөлігі.
Бас жобалаушы – тапсырыс берушімен келісім бойынша жобалау (жобалау-іздестіру)
жұмыстарын орындауды ұйымдастыратын және толығымен жобалау (жобалау-сметалық)
29
ҚР ҚН 1.02-03-2011
құжаттамасын әзірлеуде жинақталымы мен сапасына жауап беретін, экономикалық әсерін,
тиісінше техникалық деңгейін және жобаланатын объектілердің жабдықталғандығын
қамтитын, олардың пайдаланымының нормативтік мерзімі ішінде тұрақты қалыптасуына
жауапты жеке немесе заңды тұлға. Бұл ретте, бас жобалаушы жобаның (көлемдік-жоспарлау,
сәулеттік-құрылыс және/немесе технологиялық бөлімдері) негізгі (базалық) бөлігін өз еркімен
орындап, жобалау (жобалау-іздестіру) жұмыстарының мемлекеттік сатып алулар саласы
заңнамасында қарастырылмаған жағдайда, жобалау (жобалау-іздестіру) жұмыстарының
қалған бөліктерін, барлық көлемінің құнының үштен екі бөлігінен аспайтын көлемін қосалқы
мердігерге табыстауына болады.
Мемлекеттік инвестициялар – мемлекеттің елдің экономикалық және ұйымдастырушы-
лық дамуына әсер ететін ақшалай қаражаты, жарна қағаздары және басқа да құнды қағаздары,
құрал-жабдықтары мен технологиялары, зияткерлік меншіктері, басқа да мүліктері және
мүліктік құқықтарының салымдары. Мемлекеттік инвестицияларға Қазақстан Республикасы
ұсынылатын немесе Қазақстан Республикасының кепілдігінде болатын жергілікті және
республикалық қорлардың, арнайы мемлекеттік қорлардың, банктік несиелердің мемлекеттік
қаражаты, мемлекеттік валюталық қаражаты мен инвестициялық несиелері, сондай-ақ
мемлекеттік меншік үлесінде қарастырылатын қызметтерді ұсынып, шығарылатын өнімнің
көлеміндегі мемлекеттік кәсіпорындар және ұйымдар қаражаты жатқызылады.
Мемлекеттік нормативтер (сондай-ақ «мемлекетаралық нормативтерді» қараңыз) –
адамның мекендеуі мен тіршілік етуіне қолайлы, қауіпсіз және басқа да қажетті жағдайларды
қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілер, нормативтік-техникалық құжаттар, өзге де
міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер жүйесі.
Мемлекеттік тапсырыс беруші (сондай-ақ «тапсырыс берушіні» қараңыз) – жобалау
және құрылыс салу үшін қажетті инвестициялық ресурстарға иелік ететін мемлекеттік орган
немесе сәйкес мемлекеттік орган осындай ресурстарды басқаруға құқық берген заңды немесе
басқа тұлға.
Жобалардың мемлекеттік сараптамасы (сондай-ақ «жобаларды сараптауды» қараңыз)
– жобаларды (жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттамасын) кешенді
бағалаудың міндетті нысаны, ол міндеттерін қайталауға жол берілмейтін бірыңғай мемлекеттік
жүйе болып табылады. Жобалардың мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының
Үкіметі қандай да бір өзге қызметті жүзеге асыру құқығынсыз уәкілеттік берген заңды тұлға
жүзеге асырады.
Қала құрылыстық жобалар (қала құрылыстық құжаттамасы) – аумақтар мен
елді мекендері немесе олардың бөліктерін ұйымдастыруды, дамыту мен салуды кешенді
қала құрылысын жоспарлау жөніндегі түпкі ойдан (Қазақстан Республикасының аумағын
ұйымдастырудың бас сұлбасы, аумақты дамытудың аймақаралық сұлбалары, аумақтарды қала
құрылысына жоспарлаудың кешенді сұлбалары, елді мекендердің бас жоспарлары, нақты
жоспарлау жобалары, құрылыс салу жобалары, объектілер мен кешендердің бас жоспарлары,
абаттандыру және көгалдандыру жобалары, өзге де жоспарлау жобаларынан) тұратын
жобалары.
Жобалау жұмыстарын орындауға арналған мердігерлік келісім (келісімшарт)
– Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, тараптардың құқықтарын,
міндеттері мен жауапкершілігін анықтайтын тапсырыс беруші және мердігер (орындаушы,
бас жобалаушы) арасында жасасқан екі және одан да көп тараптардың өзара міндеттемелері
туралы жазба ша келісімі және ол бойынша мердігер тапсырыс берушінің тапсырмасымен
(жобалау тапсырмасына сәйкес) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге және
оны тапсырыс берушіге табыстауға, ал тапсырыс беруші орындалған жұмыстардың нәтижесін
қабылдап, төлемін өтеуге міндеттенеді.
Мемлекеттік сатып алу саласына жататын жобалау жұмыстарын орындаудың мердігер-
лік шарты Қазақстан Республикасындағы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемле-
кеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес құрастырылады.
30
ҚР ҚН 1.02-03-2011
Жобалау жұмыстарының бөлігін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлік шарт
– Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, тараптардың құқықтарын,
міндеттері мен жауапкершілігін анықтайтын бас мердігер (бас жобалаушы) және қосалқы
мердігер (жобаны бірлесіп орындаушысы) арасында жасасқан екі және одан да көп тараптар-
дың өзара міндеттемелері туралы жазбаша келісімі және ол бойынша қосалқы мердігер
жобалау тапсырмасына сәйкес жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бір бөлігін
әзірлеуге және оны бас мердігерге табыстауға, ал ол өз кезегінде атқарылған жұмыстардың
нәтижесін қабылдап, төлемін өтеуге міндеттенеді.
Мемлекеттік сатып алулар саласына жататын жобалау жұмыстарының бөлігін орындау-
дың қосалқы мердігерлік шарты Қазақстан Республикасының тауарларды, жұмыстарды және
қызметтерді мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасына сәйкес құрастырылады.
Жобалауға тапсырма (жобалау құжаттамасын әзірлеуге тапсырма) – мердігерлік
шарт (келісімшарт) жасасқан кезде жобалау ұйымына (бас жобалаушыға) берілетін, тапсырыс
берушімен құрастырылатын және бекітілетін құжат. Жобалау тапсырмасы негізгі бастапқы
деректерді, жобаланған параметрлерді, жобаланатын объектінің инженерлік қамтамасыздан-
дыру деректерін, пайдалану жөніндегі сипаттамаларын және құрылыстың жобаланатын
объектіндегі басқа да талаптарды, күрделілікті және жобалау мерзімін белгілейді.
Тапсырыс беруші (сондай-ақ «мемлекеттік тапсырыс берушіні» қараңыз) – жеке
қажеттілік немесе коммерциялық мақсат үшін тұрғын үй-азаматтық немесе өндірістік
мақсаттағы объектілерді (ғимараттар, құрылыстар, олардың кешендерін, көліктік және
инженерлік коммуникацияларын) салуға ниет білдірген және түпкі ойын жүзеге асыру бойын-
ша заңды қызметін жүргізу үшін қажетті инвестициялық мүмкіндіктер көлеміне ие жеке
немесе занды тұлға. Тапсырыс берушінің (мемлекеттік тапсырыс берушінің) қызметін сондай-
ақ заң негізінде инвестордың (қосарлас инвестордың) мүддесін қорғайтын өзге де сенімді жеке
және заңды тұлғалар орындай алады.
Инвестициялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық кәсіпорындар-
дың жарғылық капиталына қатысу немесе қаржыландыру арқылы тіркелген активтерді құру
мен табысқа (кіріске) немесе әлеуметтік әсер және (немесе) өзге де қалаулы (пайдалы) нәтижеге
қол жеткізу мақсатында практикалық іс-әрекеттерді іске асыратын қызмет.
Инвестициялық жоба (инвестициялық қызметтің бөлігі ретінде) –
- жаңа және жұмыс істеп тұрған өндірістерді құру, қайтадан жаңарту бойынша
инвестицияларды қарастыратын іс-шаралар кешені;
- инвестициялық жоба (нақты инвестициялық түпкі ойды іске асыру жөніндегі бастап-
қы тақырып ретінде) – экономикалық орындылық негіздемесін, күрделі салымдарды жүзеге
асырудың көлемдері мен мерзімдерін, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы-
на сәйкес әзірленген және бекітілген қажетті жобалау-сметалық құжаттамасын және мемлекет-
тік нормативтерді, сондай-ақ инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі тәжірибелік әрекеттер-
дің сипаттамасын құрайтын құжат.
Инженерлік-геологиялық шарттар – жобалау және құрылыс салу шарттарына, сондай-
ақ құрылыс объектісінің пайдалануына әсерін тигізетін зерттелетін аумақтардың (бедер, тау
жыныстарының құрамы және жағдайы, олардың мекенінің және қасиеттерінің шарттары, оған
қоса жер асты сулары, геологиялық және инженерлік-геологиялық үрдістері мен құбылыстары)
геологиялық, гидрогеологиялық ортасы компоненттері сипаттамасының жиынтығы.
Бастапқы (бастапқы-рұқсаттама) құжаттама – объект құрылысындағы және олардың
инженерлік коммуникацияларын қосымша жалғастыру мүмкіндігі туралы негізделген
шешімдерін қабылдау үшін мемлекеттік органдардың және басқа да мүдделі ұйымдардың
қажетті қала құрылыстық, жерге орналастырушылық, инвестициялы-экономикалық сипаттағы
мәліметтерін және басқа да ақпараттарды қамтитын құжаттар жиынтығы.
Күрделі қаржы салымдары – негізгі салымдардағы инвестициялар (негізгі қаражат-
31
ҚР ҚН 1.02-03-2011
тар), оның ішінде жаңа құрылысқа, кеңейтуге, қайта жаңартуға арналған шығындар және
қолданыстағы кәсіпорынды техникалық қайта жарақтандыруға, машиналар, жабдықтар, керек-
жарақтар, құралдар сатып алуға, соның ішінде жобалау-іздестіру жұмыстарын, авторлық және
техникалық қадағалаулар, басқа да ілеспе шығындар.
Күрделі жөндеу – қажет болған жағдайда құрылымдық элементтер мен инженерлік
жабдықтардың жүйелерін ауыстырып, ғимараттың ресурстарын қалпына келтіру, сондай-ақ
пайдалану көрсеткіштерін жақсарту мақсатында ғимаратты (құрылысты) жөндеу.
Кешен (құрылыс объектілерінің кешені) – жалпы кезеңді пайдалану кезінде бір-
бірімен байланысты қызметтерді орындауға арналған инженерлік ғимараттар, құрылыстар,
коммуникациялар мен (немесе) көлік инфрақұрылымының басқа да объектілерінің жиынтығы.
Жергілікті сметалық есептер – қолданылатын мемлекеттік нормативтер бойынша
анықталуы мүмкін болмаған жағдайда, құнның үлкейтілген көрсеткіштері бойынша жоба
алдындағы сатысында немесе Ж (жоба) сатысында құрастырылатын кейбір жұмыстар мен
шығындардың түрлерін анықтайтын сметалық құжаттама. Жергілікті сметалық есептер
объектілік сметалық есептердің құрастырушылары болып табылады. Жұмыс және шығын
түрлері бойынша жергілікті сметалардың жергілікті сметалық есептерден айырмашылығы
олар мемлекеттік нормативтерге сәйкес ЖҚ (жұмыс құжаты) немесе ЖЖ (жұмыс жобасы)
сатысындағы жұмыс сызбаларының негізінде құрастырылады.
Мемлекетаралық нормативтер (сондай-ақ «мемлекеттік нормативтерді» қараңыз) –
Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттің (басқа да мемлекеттердің) аумақтарында
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар негізінде қолданылатын мемлекет-
тік қала құрылысы нормативтерін, мемлекетаралық құрылыс нормалары мен ережелерін,
құрылыстағы мемлекетаралық стандарттарды қамтитын нормативтік-техникалық құжаттар-
дың, ережелердің және өзге де міндетті талаптардың, шарттар мен шектеулердің жүйесі.
Жобалаудың басы – тапсырыс беруші мен орындаушының (мердігер, бас жобалаушы)
арасында жасасқан жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау бойынша шарттың күшіне
енген күні жобалаудың басы болып есептеледі.
Бұл ретте тапсырыс беруші мердігерге жобалаудың бекітілген тапсырмасын, сонымен
қатар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қажет басқа да бастапқы мәліметтерді беруге
міндетті.
- аналогтық объектілер – мемлекеттік сараптамадан өткен, жобаланатын объектімен
қызметтік мақсаттылығы, қуаты (сиымдылығы), құрылыс шарттары және басқа да факторлары
бойынша салыстырылатын және ең тиімді технологиялық, сәулет-құрылыстық, инженерлік,
басқа да шешімдер мен техникалық экономикалық көрсеткіштерге ие объектілердің жобалары.
- объект (құрылыс объектісі) – бөлек тұрғызылған ғимарат немесе құрылыс, сондай-ақ
көліктік немесе инженерлік коммуникациялар. Құрылыс объектілері төмендегідей:
- мақсаттылығы бойынша тұрғын үй-азаматтық және өндірістік мақсаттағы, оған қоса
қорғаныс және қорғау объектілері;
- физикалық параметрлері бойынша: көлемдік, жазықтық және сызықтық болып бөлінеді.
Объектілік сметалық есептер: сметалық құжаттама, ол бастапқы жергілікті сметалық
есептерден тұратын, объекті бойынша жұмыстар мен шығындардың кейбір түрлері толық
орындалған жағдайда жоба алдындағы сатыда қарастырылады, ал Ж (жоба) сатысында
бастапқы жергілікті сметалық есептерден және жергілікті сметалардан тұратын (жергілікті
сметалардан құрастырылатын) құжат.
Объектілі сметалық есептерге қарағанда, объектілі сметалар ЖҚ (жұмыс құжаттамасы)
немесе ЖЖ (жұмыс жобасы) сатыларындағы жұмыс сызбалары бойынша жергілікті сметалар
негізінде құрастырылады.
Құрылыстың кезегі – ғимараттар, құрылыстар мен құрылғылардан тұратын құрылыс-
тың бөлігі, оларды пайдалануға енгізу жобада ескерілген өнімдердің немесе қызмет көрсету-
32
ҚР ҚН 1.02-03-2011
лердің шығарылымын қамтамасыз етеді. Ол бір немесе бірнеше іске қосылатын кешендерден
құралуы мүмкін. Құрылыс кезегі бойынша жобалау құжаттамасы белгіленген тәртіп бойынша
бекітуге жатқызылады.
Жобаның төлқұжаты – негізгі қасбеттердің, жоспарлардың және қималардың
(кесіктердің) сызбалы кескіндемесі, қысқаша сипаттамасы және негізгі техникалық-экономика-
лық көрсеткіштері, соның ішінде пайдалану сипаттамалары келтірілетін құжат. Жеке жобалар-
ды әзірлеу немесе оларды қайта қолданған кезде, сондай-ақ паспорттағы үлгілік жобаны
бекітуде объектінің орналасқан жерінің ахуалдық сызбанұсқасы келтіріледі.
Қайта есептеудің жоспарлы коэффициенті – сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік
заңнамасымен белгіленген 2001 жылғы айлық есептік көрсеткіштерге қатысты айлық есептік
көрсеткіштердің өзгеру индексі.
Мердігерлер – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, тапсырыс
берушімен (мердігермен – қосымша мердігерлік жұмыстар үшін) жасасқан мердігерлік шар-
ты (келісім шарты) бойынша жұмыстарды орындайтын жеке және заңды тұлғалар.
Жобалау алдындағы құжаттама – қала құрылысы, сәулет жобаларын, құрылыс жоба-
сын әзірлеу алдында жасалатын және бағдарламаларды, есеп берулерді, құрылыстың техника-
лық-экономикалық негіздемелерін, техникалық-экономикалық есептерді, ғылыми зерттеулер
мен инженерлік ізденістер нәтижелерін, технологиялық және конструкциялық есептерді,
нобайларды, макеттерді, өлшемдер мен объектілерді зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ жобалау
құжаттамасын әзірлеу және жобаларды кейіннен іске асыру туралы шешімдер қабылдауға
қажетті өзге де бастапқы деректер мен материалдарды қамтитын құжаттама.
Жоба алдындағы құжаттаманың бекітілген түрлеріне техникалық-экономикалық
негіздемелер, техникалық-экономикалық есептер және басқа да инвестиция негіздемелері
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |