Бакалавриат



жүктеу 0.79 Mb.

бет1/9
Дата08.02.2017
өлшемі0.79 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК  

ЖАЛПЫҒА МIНДЕТТI БIЛIМ БЕРУ СТАНДАРТЫ 

________________________________________________________ 

 

Жоғары кəсiптiк бiлiм 

 

 

БАКАЛАВРИАТ 

 

 

 

 

МАМАНДЫҒЫ  

051101 – «МЕЙIРБИКЕ IСІ» 

 

СПЕЦИАЛЬНОСТЬ  

051101 – «СЕСТРИНСКОЕ ДЕЛО» 

 

SPECIALITY  

051101 – «NURSING» 

 

 

 

 

 



  

  

 

ҚР МЖМБС 3.08.388-2006 

 

 

Ресми басылым 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi 

 

 

 Астана  

ҚР МЖМБС 3.08.388-2006

 

Алғы сөз 



 

1

 



“Эмили”  медицина  орталығы – Мейірбике  ісі  институты 

ƏЗІРЛЕГЕН ЖƏНЕ ЕНГІЗГЕН 

2

 



Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрінің 2006 

жылғы 1 желтоқсандағы  № 582 бұйрығымен БЕКІТІЛДІ ЖƏНЕ ІСКЕ 



ҚОСЫЛДЫ  

3

 



АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН 

4

 



Осы стандартта  «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 

жылғы 7 маусымдағы  № 389-1 Заңының  жəне  «Мемлекеттік  жалпыға 

міндетті  білім  беру  стандарттарын  əзірлеу,  бекіту  жəне  қолданылу 

мерзімінің  тəртібі  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 1999 

жылғы 2 қыркүйектегі № 1290 қаулысының нормалары іске асырылған.  

 

  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  



 

 

 



 

 

Осы  стандартты  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау 



министрлігінің рұқсатынсыз көбейтуге жəне таратуға болмайды.  

II


ҚР МЖМБС 3.08.388-2006

 

Мазмұны 



 

 

1  Қолдану саласы …………………............................................ 

2  Нормативтiк сiлтемелер ……………...................................... 

3  Анықтамалар мен қысқартулар ……….................................. 

4  Мамандық  аясындағы  білім  беру  бағдарламасының 

тізбесі......................................................................................... 

5  Біліктілік пен лауазымдар тізбесі ……..……......................... 

6 051101  –  «Мейірбике  ісі»  мамандығы  бойынша 

бітірушінің біліктілік сипаты ................................................. 

7  Білім  берудің  негізгі  жалпыұлттық  мақсаты  жəне 

мақсаттар  иерархиясы  (пəндер  циклдары  бойынша 

мақсаты).................................................................................... 

8  Бітірушілердің білім дееңгейіне қойылатын талаптар......... 

9 051101 – «Мейірбике  ісі»  мамандығының  білім  беру 

бағдарламаларының мазмұны................................................ 

10 051101 – «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша бітірушіні 

даярлау 

білім 


беру 

ортасына 

қойылатын 

талаптар.................................................................................... 

11 Білім 

берудің 


мемлекеттік 

жалпыға 


міндетті 

стандарттарын  жасауға,  жаңартуға  (өзгертуге,  түзетуге) 

қойылатын талаптар................................................................ 

А Қосымшасы ......................................................................... 

 

1

1



1

2

2



3

8

9



11

33

36



38

III


ҚР МЖМБС 3.08.388-2006

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА 



МІНДЕТТІ  БІЛІМ БЕРУ  СТАНДАРТЫ 

 

Жоғары кəсіптік білім 



 

  051101 - «МЕЙІРБИКЕ ІСІ» МАМАНДЫҒЫ 

    

   Енгізу күні 2007.09.01 

1   Қолдану саласы 

 

Осы  стандарт  ҚР  МЖМБС 5.03.001-2004 «Жоғарғы  кəсіптік  білім. 

Бакалавриат.  Негізгі  ережелер»  негізінде  əзірленген  жəне 051101 - 

«Мейірбике  ісі»  мамандығы  бойынша  кəсіптік  білім  берудің  құрылымы 

мен  мазмұнына  жəне  бакалаврлардың  даярлық  деңгейіне  қойылатын 

талаптарды белгілейді. 

Стандарттың  ережелерін  көрсетілген  мамандық  бойынша  бакалавр 

дайындауды  жүзеге  асыратын  Қазақстан  Республикасының  жоғары  оқу 

орындары  өздерінің  ведомостволық  бағыныстылығына,  ұйымдық-

құқықтық нысанына қарамастан, қолдануға жəне сақтауға міндетті.  

   

2   Нормативтік сілтемелер 

 

Осы  стандартта  ҚР  МЖМБС 5.03.001-2004 «Жоғары  кəсіптік  білім 

(бакалавриат). Негізгі ережелеріне» келтірілген № 1 өзгерістер енгізілген 

ҚР  МЖМБС 5.03.001-2004 «Жоғары  кəсіптік  білім.  Бакалавриат.  Негізгі 

ережелері»  жəне  № 2 өзгерістер  енгізілген    ҚР  МЖМБС 5.03.001-2004 

«Жоғары кəсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелері», «Білім  туралы» 

Қазақстан  Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңы, 

«Денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР  2003 жылғы 4 маусымдағғы Заңы, 

«Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» ҚР 2006 жылғы 7 шілдедегі 

Заңы, «Қазақстан 

Республикасының 

 

медициналық 



жəне 

фармацевтикалық  білім  беру  ісін  реформалау  тұжырымдамасы  туралы» 

ҚР Үкіметінің 24.04.06 жылғы № 317 қаулысына сілтемелер қолданылды. 

    


3  Анықтамалар жəне қысқартулар 

 

Осы  стандартта  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңына 

жəне    ҚР  МЖМБС 5.03.001-2004 «Жоғары  кəсіптік  білім.  Бакалавриат. 

Негізгі  ережелеріне»  сəйкес  қысқартулар,  терминдер  мен  анықтамалар 

қолданылған. 

_______________________________________________________________ 

Ресми басылым 

1


ҚР МЖМБС 3.08.388-2006

 

Осы стандартта келесі қысқартулар қолданылады: 



- ЖББП - жалпы білім беру пəндері; 

- БП - базалық пəндер; 

- КП - кəсіптендіру пəндері; 

- ОСЖ - оқытушылардың студенттермен жұмысы; 

- СӨЖ - студенттердің өзіндік жұмысы; 

-  ОЖСӨЖ - оқытушы  жетекшілігімен  атқарылған  студенттің  өзіндік 

жұмысы; 

- ЕАМ - емдік-алдын алу мекемесі; 

- БМСК - бастапқы медициналық-санитарлық көмек. 

 

 

4

 

Мамандық аясындағы білім беру бағдарламасының тізбесі 

 

Білім  беру  бағдарламаларының  тізбесін  051101 - «Мейірбике  ісі» 

мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 

негізінде  типтік  оқу  жоспарына  сəйкес  жоғары  оқу  орнының  Кеңесі 

белгілейді. 

 

5

 

Біліктіліктер мен лауазымдар тізбесі 

 

Біліктіліктер  мен  лауазымдар  Еңбек  жəне  халықты  əлеуметтік  қорғау 

министрлігінің 22.11.2002., № 273-П 

бұйрығымен 

бекітілген 

«Басшылардың,  мамандардың  жəне  басқа  қызметшілер  лауазымдарының 

біліктілік  анықтамалығына»  сəйкес  жəне  басқа  да  нормативті 

құжаттармен айқындалады. 

051101 - «Мейірбике  ісі»  мамандығы  бойынша  бітірушілерге 

«Мейірбике  ісі  бакалавры»  академиялық  дəрежесі  тағайындалады. 

«Медицина  мейірбикесі-менеджер»  біліктілігі  беріле  отырып,  жоғары 

базалық  білімі  туралы    дипломы  мен  бірге  оқу  жоспары  бойынша 

игерілген  несие  жəне  академиялық  сағаттар  көлеміне  сай  меңгерген 

пəндер  тізімі  мен  бағалары  туралы  академиялық  анықтама  (транскрипт) 

беріледі.   

Түлектердің  жоғары  білімін  растайтын    құжат  нұсқасы  Қазақстан 

Республикасының заңдарында сəйкес реттеліп беріледі. 

051101 - «Мейірбике  ісі»  мамандығы  бойынша  оқуды  тəмамдаған 

түлек заңдарға сəйкес бас дəрігердің Мейірбике ісі бойынша орынбасары, 

жетекші  медбике,  мейірбикелік  күтім  ауруханасының,  хоспистің, 

денсаулық пунктінің меңгерушісі, ЕАМ бөлімшесіндегі жетекші медбике, 

медициналық  колледждерде  мейірбике  ісі  мамандығын  дайындайтын 

оқытушы қызметтерін атқара алады. 

Мейірбике ісі бакалавры оқуын магистратурада жалғастыруға құқылы. 

2


ҚР МЖМБС 3.08.388-2006

 

6  Мейірбике ісі бакалаврының біліктілік сипаттамасы 



 

6.1  Кəсіби қызметінің саласы 

051101 - «Мейірбике  ісі»  мамандығы  бойынша  түлектің  кəсіби 

қызметінің  аясы  болып  табылады:  денсаулық  сақтау,  медицина,  ғылым, 

жоғары білім беру, əлеуметтік қорғау мекемелері. 

6.2  Кəсіби қызметінің объектілері 

051101 - «Мейірбике  ісі»  мамандығы  бойынша  түлектің  кəсіби 

қызметінің  нысанасы    балалар  мен  үлкендер  болып  табылады.  Кəсіби 

қызметті іске асыруды ұйымдастыру болып табылады: 

-

 



денсаулық сақтау саласын басқаруды ұйымдастыру; 

-

 



денсаулық сақтау саласын ұйымдастыру; 

-

 



жоғары білім беруді ұйымдастыру; 

-

 



ғылым саласын ұйымдастыру; 

-

 



əлеуметтік қорғауды ұйымдастыру. 

6.3  Кəсіби қызметінің іс-мəні 

Түлектің кəсіби қызметінің іс-мəні  болып табылады:  

-

 



үлкендер  мен  балаларға    жоғары  дəрежелі  медициналық  көмек 

көрсету; 

-

 

санитария-гигиеналық  жəне  эпидемияға  қарсы  іс-шараларды 



ұйымдастыру жəне жүргізу; 

-

 



емделуші  жəне  оның  туысқандарымен,  əріптестермен,  əлеуметтік 

қызмет уəкілімен сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру; 

-

 

салауатты өмір сүру салтын насихаттау; 



-

 

денсаулық  сақтау  саласының  экономикалық-ұйымдастыру  мен 



басқару қызметін қалыптастыру жəне дамыту; 

-

 



ғылыми  методология  мен  айғақты  медицина  принциптерін  дамыту 

жəне қолдану; 

-

 

педагогикалық дағдыларды қалыптастыру жəне дамыту; 



-

 

əрқашан  ғылыми  жетістіктердің  негізінде  өзінің  кəсіби  білімін 



шыңдауға дайындығы. 

6.4


 

Кəсіби қызметтің түрлері 

051101 - «Мейірбике  ісі»  мамандығы  бойынша  түлек  келесі  кəсіби 

қызметтің түрлерін атқара алады: 

-

 

емдік-алдын алу жəне диагностикалық; 



-

 

санитария-гигиеналық, эпидемияға қарсы; 



-

 

ұйымдық-басқару; 



-

 

ғылыми-зерттеу; 



-

 

білім беру (педагогикалық); 



-

 

ақыл-кеңес; 



-

 

ақпараттық-аналитикалық; 



3

ҚР МЖМБС 3.08.388-2006

 

-



 

маркетинг; 

-

 

инновациялық. 



6.5  Кəсіби қызметінің функциясы 

051101 - «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша бакалаврлардың кəсіби 

қызметінің міндетті істері: 

-

 



мейірбикелік  қызметкерлерге  басқару,  мекеме  жұмысының 

тиімділігін жетілдіру үшін басқару тəсілдерін дамыту жəне енгізу; 

-

 

əр емделушінің жеке сұранысына бағытталған мейірбикелік қызмет 



үрдісін іске асыру; 

-

 



мейірбикелік  қызметті  дамытудағы  негізгі  мүмкіншіліктерді 

сараптау жəне бағалау; 

-

 

емделуші  жəне  оның  туысқандарымен,  əріптестермен,  əлеуметтік 



қызмет уəкілімен сенімді қарым-қатынасты орнатып, медициналық этика 

жəне деонтология принциптерін сақтау; 

-

 

ұжымдағы əлеуметтік-психологиялық ортаны реттеу; 



-

 

мейірбике істері бойынша ғылыми зерттеулерді жоспарлап, іске асыру; 



-

 

тұрғындар денсаулығын саралап жəне бағалау шараларын іске асыру; 



-

 

алдын  алу,  емдік  жəне  сауықтандыру  шараларын  ұйымдастыру 



жəне жүзеге асыру; 

-

 



шұғыл жəне жедел жəрдемді ұйымдастыру мен көрсету; 

-

 



нақты  мағлұматтар  алу,  медициналық  мəселелерді  шешу  жəне 

халыққа  көмек  көрсету  үшін  нақты  ақпараттық  жəне  коммуникациялық 

технологияны  тиімді  қолдану,  денсаулық  сақтау  жүйесінде  жəне  дербес 

оқу кезінде бірыңғай ақпараттық жүйемен жұмыс істеу; 

-

 

педагогикалық жəне тəрбие жұмысын жүзеге асыру. 



6.6

 

Кəсіби қызметінің  типтік міндеттері 



Мейірбике ісі мамандығы бойынша бакалаврлардың кəсіби қызметінің 

типтік міндеттері: 

-

 

тұрғындардың физикалық, психологиялық, əлеуметтік жəне мəдени 



факторларын  ескере  отыра  медициналық  көмек  көрсету  жəне  алдын  алу 

шараларын жүргізу; 

-

 

денсаулық  сақтау  жүйесіндегі  Мейірбике  ісі  жағдайын  сараптау 



жəне бағалау; 

-

 



нарықтық  экономикалық  жағдайда  мейірбикелік  қызметтің 

келешекте дамуын жасау; 

-

 

денсаулық  сақтау  аясындағы  ғылыми  жетістіктердің  негізінде 



тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру; 

-

 



мейірбикелік  қызмет  жұмысының  тиімділігін  жетілдіру  үшін 

басқару тəсілдерін дамыту; 

-

 

Мейірбике ісі бойынша мамандық дайындау жүйесін жетілдіру; 



-

 

тұрғындарға  медициналық  көмекті  ұйымдастыру  мен  жүзеге 



асыруда менеджмент принциптерін қолдану. 

4


ҚР МЖМБС 3.08.388-2006

 

6.7 Кəсіби қызметінің  бағыттары 



-

 

мейірбикелік  қызметкерлерге  басқару,  мекеме  жұмысының 



тиімділігін жетілдіру үшін басқару тəсілдерін дамыту жəне енгізу; 

-

 



əр емделушінің жеке сұранысына бағытталған мейірбикелік қызмет 

үрдісін іске асыру; 

-

 

мейірбикелік  қызметті  дамытудағы  негізгі  мүмкіншіліктерді 



сараптау жəне бағалау. 

6.8 Кəсіби қызметінің мазмұны 

Мейірбике ісі бакалаврларының кəсіби қызметінің мазмұны: 

-

 



ұйымдастыру-басқару:  шұғыл  жəне  стратегиялық  басқарудағы 

ізденіс,  құрастыру,  ұйымдастыру;  тұрғындарға  сапалы  медициналық 

алдын  алу    көмек  көрсететін  медициналық    мекемелердің  жұмысын 

жетілдіруге бағытталған басқарудың дұрыс жолын таңдау; 

-

 

өндірістік-технологиялық:  медициналық    көмектің  сапасын  



жақсартуға  мүмкіншілік  туғызатын  экономикалық  тиімді  жаңа 

медициналық технологияны жасау жəне енгізу; 

-

 

педагогикалық:  мейірбике  ісін  оқытудың  мазмұнның,  əдістері  мен 



технологиясын  жасау;  студенттерге  білім  беру  үрдісінде,  медициналық 

мамандармен  жұмыс  атқаруда,  емделуші  жəне  оның  туысқандарымен 

сенімді қарым - қатынас қалыптастыруда педагогикалық білімді қолдану; 

-

 



ғылыми-зерттеу:  мейірбике  ісі  аясында  ғылыми-практикалық 

зерттеулерді ұйымдастыру жəне орындау; 

-

 

ақыл-кеңес:  кəсіби  сұрақтарды  шешу  кезіндегі  келелі  мəселелерді 



талқылап түсіндіру; 

-

 



ақпараттық-аналитикалық:  медициналық  көмек  көрсету  аясында 

қолданылатын  ақпараттарды  жинау  (компьютер),  сақтау  жəне  өндеу 

тəсілдеріне игеру; 

-

 



маркетинг:  тұрғындарға  медициналық  қызмет  көрсету  кезіндегі 

денсаулық сақтау саласындағы маркетингті басқару; 

-

 

инновациялық:  тұрғындарға  емдік-алдын  алу  жəне  медициналық-



санитарлық көмекті ұйымдастыру мен көрсетудегі жаңа технологияларды 

жасау;  


-

 

клиникалық:  алдын  алу,  емдік-диагностикалық  жəне  сауықтыру 



шаралар  орындалуының  негізгі  алгоритмдерін  білу,  шұғыл  жағдайда 

жедел  көмек  көрсету,  паллиативті  көмек;  емделуші  мен  қызметкерлерді 

оқытып үйрету; мейірбикелік көмекті жоспарлау, ұйымдастыру, орындау 

жəне  тиімділігін  бағалау; белгілі бір жағдайда тұрғындардың əр жастағы 

топтарына мейірбикелік көмек көрсету принциптері; 

-

 



медициналық-алдын  алу:  тұрғындардың  жəне  жеке  адамдардың 

денсаулығын сауықтыру, нығайту, аурулардың алдын алуына бағытталған 

шараларды орындау. 

5


ҚР МЖМБС 3.08.388-2006

 

6.9  Мейірбике  ісі  бакалаврының    негізгі  қызметіне  қойылатын 



талаптар 

Мейірбике ісі бакалавры: 



түсінігі болу керек: 

-

 



қоршаған  ортадағы  жүріп  жатқан  негізгі  үрдістер  мен  құбылыстар 

жəне табиғат танудағы жаңа ғылыми əдістер туралы; 

-

 

ұлттық экономика мен өнеркəсіп салаларын басқару жүйесі; 



-

 

Қазақстан  жəне  басқа  мемлекеттердің    экономиканы  басқару 



əдістемелері мен тəсілдері, сыртқы экономикалық саясатты; 

-

 



экономика туралы заңдар жəне оның түрлері; 

-

 



саясаттану,  тарих  ғылымдарының  теоритика-методологиялық 

негіздері; 

-

 

адам  денсаулығының  қалыптасуы,  қорғаныш  қабілеті,  қалыпты 



жəне патологиялық жағдайларда реттелу ерекшеліктері; 

-

 



денсаулық  сақтау  мен  медицинаның  негізгі  мəселелері  жəне  оның 

басқа əлеуметік саясат салаларымен байланысы; 

-

 

халықаралық саясаттағы денсаулық сақтаудың  маңызы; 



-

 

кəсіби  қызметті  орындау  кезінде  кездесетін  мəселелерді  шешу 



əдістемелері. 

білуі керек: 

-

 



əлеуметтік-гуманитарлық  жəне  экономикалық    ғылым  салалары 

бойынша негізгі ілімдерді; 

-

 

денсаулық  сақтау  саласындағы  Қазақстан  Республикасының    заң 



жəне нормативті құжаттарды; 

-

 



адамның  басқа  тұлғамен,  қоғамдағы,  қоршаған  ортадағы,  кəсіби 

қызметтегі  қарым - қатынасын  реттейтін  этикалық  жəне  құқықтық 

нормаларды; 

-

 



тіршіліктің  басталу  мен  дамуының  жалпы  заңдылықтары  жəне 

организм  жүйелері,  ағза,  жасуша,  тіннің    құрылымы  мен  қызметінің 

қалыпты, патологиялық жағдайдағы ерекшеліктерін; 

-

 



медициналық  мекемелерде  емдік-қорғау,  санитария-гигиеналық 

жəне санитария-эпидемиологиялық  шараларға қойылатын талаптарды;  

-

 

ұжымдағы    шиеленістерді,  стрессті,  инновациялық  мəселелерді 



реттейтін психологиялық басқару жүйесінің тиімді əдістерін; 

-

 



денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент пен маркетингтің негізгі 

принциптері мен ерекшеліктері; 

-

 

тиімді коммуникациялық жəне ұйымдастыру əдістері. 



істей білуі керек: 

-

 



əлеуметтік-маңызды мəселелер мен үрдістерді ғылыми тұрғыдан саралау; 

-

 



тұрғындардың  жəне  жеке  адамдардың  денсаулығын  сауықтыру, 

нығайту, аурулардың алдын алуына бағытталған шараларды орындау; 

6


ҚР МЖМБС 3.08.388-2006

 

-



 

кəсіби  міндеттерді  шешуде  қоғамдық  денсаулық  сақтау  мен 

тұрғындардың 

медициналық, 

медициналық-əлеуметтік 

жəне 


медициналық-санитарлық көмекке сұранысын саралау; 

-

 



емделушінің  денсаулық  жағдайы  туралы  мəліметті  жинау  жəне 

бағалау; 

-

 

емделушінің  жеке  сұранысы  мен  мəселелерін  ескере  отыра  білікті 



күтімді  қамтамасыз  ететін  мейірбикелік  үрдісті  ұйымдастыру  жəне 

орындау; 

-

 

емделушіге  көрсетілген  медициналық  жəне 



медициналық-

əлеуметтік көмектің тиімділігін бағалау; 

-

 

өмірге  қауіпті  жəне  шұғыл  жағдайларда  медициналық  көмек 



көрсету; 

-

 



ғылыми негізде ұжымдағы еңбекті ұйымдастыру; 

-

 



кəсіби қызметті атқаруда дұрыс мақсат пен міндеттер қою жəне оны 

орындау үшін осы оқылатын пəндегі əдістерді қолдану;  

-

 

ұжымдағы  еңбек  ресурстарына  байланысты  əріптестермен  қарым-



қатынас  қалыптастыру,  орындаушылардың  жұмысын  ұйымдастыру, 

басқару шешімдерін табу жəне қолдану; 

-

 

нормативті-тəртіп құжаттармен жұмыс істеу; 



-

 

денсаулық  сақтау  саласында  кəсіби  қызметті  орындау  үшін 



экономикалық жəне құқықтық білім негізін қолдану; 

-

 



мейірбикелік  көмек  көрсету  жүйесіндегі  ұйымдастыру  жұмысына 

саралау  жүргізу,  оның  қабілеттілік  жəне  шектелу  мүмкіншіліктерін 

анықтау,  қолда  бар  ресурстарды  қолдана  отыра  оның  тиімділігін 

жоғарлататын бағдарлама жасау жəне оның орындалуын қамтамасыз ету; 

-

 

қаражат-шаруашылық  қызметтің  ұйымдастыруда  бухгалтерлік 



принциптерді қолдану; 

дағдысы болу керек: 

-

 



қызмет көрсету аясында компьютерлі жəне  басқа да ақпараттарды 

жинау, сақтау жəне өңдеу; 

-

 

медициналық,  медициналық-əлеуметтік,  медициналық-санитарлық 



жəне шұғыл көмек көрсету; 

-

 



салауатты өмір сүру салтын насихаттау, аурулардың алдын алудағы 

іс-шараларды жүргізу; 

-

 

денсаулық  сақтау  саласындағы  мейірбикелік  қызметті  жоспарлау, 



ұйымдастыру, жетешілік ету, реттеу жəне қадағалау; 

-

 



тиімді  коммуникация,  шиленістер  мен  стресстерді  шешімін  табу,  

ұжымда инновациялық əдістерді қолдану; 

-

 

мейірбике  ісі  саласында  орындаушылардың  кəсіби  дайындығын 



анықтау,  оқытуға  арналған  дидактикалық  материалдарға  əдістемелік 

сараптама  жүргізіп,  оқыту  мақсатын  нақтылау,  кəсіби  міндеттерді  шешу 

негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру жəне жүргізу. 

7


ҚР МЖМБС 3.08.388-2006

 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал