1. Үрейлі науқастармен жұмыс жасағанда дәрігер үшін қандай дағдыны қолдану маңызды болып табылады?
A. Науқастың сөзін тыңдай білу
B. Физикалық қарау: пальпация, перкуссия
C. Ақпарат берудің графикалық түрін пайдалану: диаграмма, кесте
D. Науқаспен келесі қадамдар туралы келісу
E. Науқас үшін физикалық қолайлы жағдай жасау
2. Үрейлі науқастармен жұмыс жасау үшін қандай коммуникативті дағдыны меңгеру қажет?
A. Жабық сұрақтар техникасын пайдалану
B. Науқастың сөзін үзбей, жауабын бақыламай мұқият тыңдау
C. Науқаспен амандандасу, танысу
D. Дәрігердің өзін-өзі таныстыруы және өзінің ролін айту
E. Аускультация мен пальпацияға науқастан рұқсат сұрау
3. Үрейлі науқастармен жұмыс жасағанда дәрігерге қандай коммуникативті дағдыларды көрсетіп дамытқан пайдалы болып саналады?
A. Эмпатия, белсенді тыңдау
B. Физикалық тексеру үшін науқастан рұқсат сұрау
C. Ақпараттандырылған келісім алу
D. Жабық сұрақтар техникасын қолдану
E. Компьютерді пайдалана отырып ескертпелерді жазу
4. Науқас бірнеше минутта күшейіп шыңына жететін қатты қорқыныш пен жайсыздықтың кенеттен пайда болуына шағымданады. Осы сәтте түрлі психологиялық және физикалық белгілер пайда болады: жүрек соғуының жиілеуі, тершеңдік, қалтырау, ентігу, ыстық тер және бас айналу. Сондай-ақ жақын уақытта өліп қалатындай сезім, жүрек айну, іштің ауруы, кеуде тұсындағы ауру сезімі, бас ауруы, денесінің ұйып қалу немесе шаншу сезімі пайда болады. Науқас үрейдің қандай түрімен зардап шегеді?
A. Жалпы үрей бұзылыстары
B. Паникалық бұзылыстар
C. Жарақаттан кейінгі стресс бұзылыстары
D. Арнайы фобиялар
E. Әлеуметтік үрей бұзылыстары
5. Үрей белгілеріне байланысты адам өзгелермен араласуда және аудиторияда көпшілік алдында сөйлегенде мазасыздық пен қорқынышты сезінеді: тынысы жиілейді, кекештене бастайды, беті қызарып, тер басып, қол-аяқтары дірілдеп, жүрек соғуы жиілейді, жүрегі айниды. Науқаста үрейдің қай түрі байқалады?
A. Жалпы үрей бұзылысы
B. Паникалық бұзылыс
C. Обсессивті-компульсивті бұзылыс
D. Арнайы фобиялар
E. Әлеуметтік үрей бұзылысы
6. Адамда жабысқақ ойлар пайда болады. Жабысқақ идеялардан құтылып жеңілдену үшін белгілі бір шараларды көп рет қайталап жасайтындығы соншалық, тіпті жағдайы нашарлап қызметін атқара алмай қалады. Науқаста үрейдің қай бұзылысы дамыған? Қандай дәрігердің кеңесі қажет?
A. Терістеу. Дәрігер нарколог
B. Паникалық шабуыл. Невролог
C. Обсессивті-компульсивті бұзылыстар. Психиатр
D. Әлеуметтік үрей бұзылыстары. Жалпы тәжірибелік дәрігер
E. Жарақаттық стресстен кейінгі бұзылыстар. Дәрігер-сексопатолог
7. Экспозиционды терапия қалай әсер етеді және үрей мен фобияны емдеуде қалай көмектеседі?
A. қабылдауға негізделген жұмыс, стресс тудыратын жағдайларға сезімталдықты біртіндеп төмендетеді
B. назарын басқаға аударады, болашақта осыған ұқсас жағдайға ұшырамауға көмектеседі
C. стресс жағдайларынан назарын басқаға ығыстыру, ықыласты басқа жаққа ауыстыруға көмектеседі
D. қорқатын объектілерден назарын басқаға ауыстыру, көңіл - күй мен жалпы жағдайды жақсартады
E. қорқыныш тудыратын объектілермен болашақта кездеспеуге тырысу, жады мен зейін қоюын жақсарады
8. Үрейлі науқастармен жұмыс жасағанда дәрігердің негізгі міндеті қандай?
A. үрей бұзылыстарын анықтап, заманауи емдеу әдістерін пайдалану
B. медикаментозды ем тағайындау
C. ем нәтижелі болу үшін ұзақ медикаментозды терапия қажет екендігін түсіндіру
D. әңгіме барысында науқасты тыныштандырмаңыз
E. аурудың ауырлығы туралы және қолайсыз болжамы жөнінде ақпарат беру
9. Психотерапевт қандай әдісті қолдану арқылы науқастың үрейін жеңілдете алады?
A. денеге бағытталған терапия
B. қабылдау техникасы
C. психодрама
D. көздің қимылы көмегімен қайта өндеу және десенсибилизация
E. бақсылық, дуалау, магия
10. Әлеуметтік үрейді емдеуге қандай тиімді ем жиі ұсынылады?
A. терең тыныс алу, рухани медитация, мантра-медитация
Б. қағаз ұшақтар жасау, бисер тоқу
C. саздан заттар жасау, оригами, коллаж құрастыру, тоқыма тоқу
D. витраж дайындау, тігін өнері немесе құрақ көрпе тігу
E. Когнитивті-тәртіптік терапия экспозиционды терапиямен бірге
11. Жазира, 35-жастағы әйел өзін жиі “созылмалы мазасызбын” деп сипаттайды. Ес білгеннен бері белгілі бір жағдайларда стресске ұшырайды. Жазира кезекті демалысқа кетер кезде немесе жұмыста үлкен жобаға қатысар кезде мүмкін болатын барлық жаман жағдайларды ойлайды. Оның бірнәрсе дұрыс болмай қалады ау деген қорқынышы ақырында қажуға, тітіркендіргішдікке және жұмыс істеу қабылетінің төмендеуіне алып келеді. Бұл әйел үрей бұзылысының қай түрімен зардап шегеді?
A. жалпы мазасыздықтың бұзылуы
B. паникалық шабуыл
C. жарақаттан кейінгі стресстік бұзылыстар
D. обсессивті-компульсивті бұзылыс
E. әлеуметтік мазасыздықтың бұзылуы
12. Санжар, 42 жастағы ер азамат, жер сілкінісін басынан өткізді. Санжар жер сілкінісіне байланысты өзі күә болған өзге адамдардың алған травмалары мен олардың өлімі туралы ойлардан саналы түрде қашқақтайды. Санжардың байқауынша бұл ойлардан неғұрлым қашқақтаған сайын, соғұрлым бұл ойлар жиілеп, күшее бастады. Жер сілкіністер жайлы оқиғаны есіне түсірген сайын қорқыныш пен паника ұзаққа созылатыны оны одан ары үрейлендіреді. Ол бұл жағдай туралы ойламауға тырысады. Бұл ер адамда үрейдің қандай бұзылысы байқалады?
A. Арнайы фобиялар
B. Паникалық бұзылыстар
C. Жарақаттан кейінгі стресстік бұзылыстар
D. Обсессивті-компульсивті бұзылыстар
E. Бас сүйек-ми жарақаты
13. Науқаста белгілі бір объектілерден немесе жағдайлардан қисынсыз қорқыныш, мысалы, өрмекшіден, жыланнан, тышқаннан, биіктіктен және т. б. Үрейдің қай түрі орын алады?
A. Арнайы фобиялар
B. Паникалық бұзылыстар
C. Жарақаттан кейінгі стресстік бұзылыстар
D. Депрессия
E. Жалпы үрейлік бұзылыстар
14. Науқасты жабысқақ ойлар жиі мазалайды (мысалы: үтіктің шнурын тоқтан шығардым ба, плитаны өшірдім бе, есікті құлыптадым ба), жабысқақ қайталанатын ритуалдары соншалықты айқын, тіпті оның жұмыс жасауына кедергі келтіреді. Науқаста үрейдің қай түрі сипатталған?
A. Арнайы фобиялар
B. Паникалық бұзылыстар
C. Жарақаттан кейінгі стресстік бұзылыстар
D. Обсессивті-компульсивті бұзылыстар
E. Жалпы үрейлік бұзылыстар
15. Пациент өзін дені сау деп ойлайды және ештене болған жоқ деп өзін сендіргісі келеді. Аурудың белгілеріне мән бермейді, өзі бұл аурумен ауырмаймын деп ойлайды. Мысалы: маскүнем аурудың белгілерін байқамайды, өзінде проблема бар екендігін мойындамайды. Фрейд бойынша қорғаныс механизмінің қай түрі анықталады?
A. Сублимация
B. Компенсация
C. Терістеу
D. Интеллектуализация
Е. Қиялдау
16. Науқастың ашуланғанын білу үшін пациенттермен және туыстарымен қарым-қатынас жасау кезінде қандай дағдыны қолданған пайдалы?
А. әңгімелесу өткізу мерзімдерін сақтау және қойылған міндеттерді орындау
B. қажет көлемдегі дұрыс ақпарат беру
C. ақпаратты бекіту үшін қайталау мен жалпылауды қолдану
D. эмоцияларды тани білу, вербалды және вербалды емес белгілерді оқи білу
E. ақпаратты берудің визуалды әдістерін қолдану
17. Дәрігерлер пациенттің ашуын басу үшін немесе, ең болмағанда, оның одан ары ашулануына жол бермес үшін қарым-қатынас стилін қалай өзгерте алады?
A. егер науқас айқайласа, дауысыңызды қаттырақ шығаруға тырысыңыз
B. сабырлы үнмен баяу және анық сөйлеуге тырысыңыз, сабырлы болыңыз
С. дәрігер тез шешім ұсына отырып, өзі де ашулана бастайды
D. науқастан қорғануға тырысу
E. науқастың эмоцияларына назар аудармау
18. Науқастың неге ашуланғанын түсіну үшін қандай коммуникативі дағдыларды көрсету керек?
A. көз байланысын орнату, бас изеу, ауызша жауаптар (мысалы, 'ммм')
B. жабық сауалнама әдістерін қолдану
C. физикалық тексеру кезінде процесті түсіндіреді
D. ақпараттың дұрыс көлемі мен түрін ұсыну
E. этиология, болжам сияқты қандай ақпарат пайдалы болатындығын сұрау
19. Ашуланған науқастармен қарым-қатынас кезінде дәрігер неден аулақ болу керек?
A. қателік жасасаңыз кешірім сұрау
B. дәрігердің де ашуға бой алдыруы, өзін өзі қорғауы
С. науқастың ашуына жауап беру
D. науқастың неге ашуланғанын түсіністік танытып тыңдау
Е. науқастың неге ашуланғанын түсінуге тырысу
20. Ашуланған науқасқа қандай дағдыны көрсету пайдалы болып есептеледі?
A. ашулануға жауап беру, эмпатия таныту
B. өкініш, көңілдің қалуы
C. наразылық, көңілсіздік
D. қайғы, тітіркену
E. ашу, наразылық таныту
21. Егер сіз ашуланған науқас немесе оның туысы тарапынан қауіп қатер сезсеңіз, сіздің әрекеттеріңіз қандай болмақ?
A. агрессивті пациентпен дауласу
B. сіз жағдайдан алшақтап, өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету керек
C. қалыптасқан наным немесе адасушылықтан науқасты көндіруге тырысу
D. ауызша және вербалды емес байланыстарды тоқтату
Е. науқасқа жақындап, оны тыныштандыру
22. Пациенттерді/туыстарды ашуландыратын қандай ситуациялық қауіп факторы бола алатынына мысал кетіріңіз?
A. медициналық / хирургиялық топ қате жіберді
B. клиникада тексерілу үшін ұзақ уақыт кезекте күтуге тұра келді
C. тамырдың зақымдануы бар бас жарақаты, әсіресе субдуральды гематома
D. мас болу/заңсыз есірткіден немесе алкогольден улану немесе бермеу
E. диагностикада немесе емдеу барысында кідіріс болды
23. Қандай медициналық қауіп факторы пациенттердің/туыстардың агрессивті мінез-құлқының себебі болып табылады?
A. ауруханада жоғары шу немесе нашар ауа сапасы
B. науқастың/туыстарының үміттері орындалмады
С. олар жаңа ғана жағымсыз жаңалықты естіді
D. бас жарақаты, әсіресе субдуральды гематома, менингит / энцефалит
E. клиникада немесе емханада тексерілгенге дейін ұзақ күтуге тура келді
24. Агрессивті науқаспен жұмыс жасағанда дәрігер неден алшақ болу керек:
A. жеке өмірін құрметтеу
B. назар аударып тыңдау, келісу
C. вербальды контакт орнату
D. агрессивті науқаспен салғыласу
E. заң және жеке шекараны орнату
25. Қандай жағдайда агрессивті науқаспен жұмыс істегенде медициналық персонал өзін-өзі қорғау әдістерін қолданбауы керек?
A. агрессивті науқас дәрігерді тұншықтырғанда
B. агрессивті науқас дәрігерді тістеп жатса
C. агресситві науқас киім мен шаштан жұлып жатса
D. егер агреесивті науқас арттан келіп қылқындырса
E. егер науқаста қару-жарақ болса
26. Агрессивті науқасты медикаментозды емдеудегі негізгі мақсат қандай?
A. жасанды кома жағдайына енгізу
B. сана бұзылысының деңгейін бағалау (CAM)
C. медикаментозды ұйқыға жіберу
D. науқасты тыныштандыру
E.науқастың психикалық жағдайын анықтау
27. Агрессивті науқастармен жұмыс жасағанда «Деэскалация» терминінің мағынасы қандай?
A. қол-аяқты фиксациялау, оқшаулау, тез транквилизация
B. агрессияны азайтуға арналған әдістер
C. жанжалдың күшеюіне бағытталған әрекеттер
D. агрессивті тәртіпке әкелетін ситуациялық және жеке басының қауіп факторлары
E. дәрігердің провокациялық тәртібі, бақылау және физикалық шектеу
28. Егер қабылдауда отырған аффект жағдайындағы науқас медициналық қызметкерлер үшін қауіп төндірсе, қандай әрекет қолданған дұрыс болады?
A. қабылдаудан бас тартып, күзетшілерді шақыру
B. науқасты басқа маманға жіберу
C. антидепрессанттар тағайындау
D. қосымша зерттеулер тағайындап, сауалнама толтыруын сұрау
E. өз көзқарасын айта білу
29. Агрессивті мінез-құлқы бар науқастарды басқару тактикасы неге негізделген?
A. қауіпсіздікті қамтамасыз ету және диагностикалық бағалау жүргізу
B. науқасты таңдау жағдайына қою
C. науқастың барлық талаптарын елемеу
D. мамандандырылған психиатриялық бөлімде пациентті оқшаулау және бекіту
E. науқастың барлық талаптарын сөзсіз орындау
30.Дұрыс жауапты таңдаңыз, науқастар ашуланған кезде өзін қалай ұстайды?
A. көңіл-күйдің төмендеуі, ойлаудың тежелуі және қозғалыстың төмендеуі
Б. науқас мазасызданады, ол жарақат туралы есіне түсіретін ойлардан қашқалақтайды
C. қатты сөйлеу немесе айқайлау, ұрысу / ауызша қорлау
D. жиі тыныс алу, жоғары тершеңдік, қалтырау, жүрек қағуы
Е. адам аурудың белгілерін елемейді
31. Пациенттердің / туыстардың клиникада ашулану себептері не болуы мүмкін?
A. дәрігер науқастан проблеманың тарихын айтуға шақырады
B. дәрігер науқастың келіспеушілігімен келіседі немесе келіспейді
C. дәрігер пациенттің жауаптарын ауызша және ауызша емес түрде жеңілдетеді
D. диагностикада немесе емдеуде кідіріс болды
E. науқас дәрігерден қол созымды қашықтықта отырады
32. Берілген жауаптардың қайсысы агрессивті пациенттермен жұмыс жасаудағы деэскалация салаларына жатады?
A. өзін-өзі қорғау техникасы, құжаттама және қорытындылау
B. бақылау және физикалық шектеу, оқиға туралы есеп
C. диагноз қою және дәрі-дәрмектерді таңдау
D. күзетшілер мен полицияны шақыру, психиатрия бөліміне ауруханаға жатқызу
Е. жеке кеңістікті құрметтеңіз, арандатпаңыз, ауызша байланыс орнатыңыз
33. Депрессияға скрининг жүргізу үшін қандай дағдыны қолдану ұсынылады?
A. науқастың шағымын зерттеу үшін ашық сауалнаманы пайдалану
B. науқастың шағымын зерттеу үшін жабық сауалнаманы пайдалану
C. сіз пациенттен оның көңіл-күйі, жоспарлары туралы сұрамауыңыз керек
D. депрессияның когнитивті белгілерінің ауырлығы туралы сұрамауыңыз керек
E. ағымдағы/ болашақ жағдайды негативті қабылдауы туралы сұрамауыңыз керек
Достарыңызбен бөлісу: |