1. Релятивті кванттық механика элементтерін тұжырымдаңыз. Релятивистік кванттыі механика



бет1/6
Дата07.06.2023
өлшемі371,62 Kb.
#99422
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
квант СС


1.Релятивті кванттық механика элементтерін тұжырымдаңыз.
Релятивистік кванттыі механика — теориялық физиканың микробөлшектер (электрондар, т.б.) қозғалысының релятивистік кванттық заңдарын қарастыратын бөлімі. Тыныштық энергиясымен шамалас энергиясы бар бөлшектер қозғалысында релятивистік эффектілер ерекше байқалады. Мұндай энергиясы бар бөлшектерден жаңа бөлшектердің пайда болуы мүмкін. Сондықтан Релятивистік кванттыі механикада бір бөлшекті қарастыру жалпы жағдайда дұрыс емес. Релятивистік кванттық бөлшектердің қасиеттері тек өрістің кванттық теориясында ғана дәйекті түрде түсіндіріледі. Бірақ релятивистік эффектілер елеулі рөл атқаратын кейбір мәселелерде бөлшектердің пайда болуын ескермей-ақ, бір бөлшектің қозғалысын сипаттайтын (бір бөлшектік жуықтау) толқындық теңдеуді пайдалануға болады. Осы жолмен атомның энергия деңгейлеріне релятивистік түзетулер енгізіледі. Дегенмен қазіргі кезге дейін Релятивистік кванттыі механикадағы есептеулердің негізіне логик. тұрғыдан тұйықталған дәйекті теориясы жасалған жоқ. Релятивистік кванттыі механикада Шредингер теңдеуінің релятивистік жағдайға жалпыланған түрі — Дирак теңдеуі мен Клейн-Гордон теңдеуі алынады.

2. Атомдағы электронның күйін жазыңыз
Атом өте ұсақ бөлшек болғандықтан, ондағы электронның қозғалысы микродүниенің қозғалу заңдылықтарына бағынады. Электрондар ядро сыртындағы кеңістікті біртіндеп толтырады, электрондардың орналасу заңдылықтарын білу элементтің физикалық және химиялық қасиеттерін анықтау үшін қажет. Электрон ядроны одан белгілі бір қашыктықта (энергия қорының шамасына қарай) айналып жүру мүмкіндігі ең жоғары кеңістіктің бөлігі орбиталь - электрондық бұлт деп аталады. Қозғалыстағы электрон бұлтының пішіні әр түрлі болады: шар тәрізді, олар s әрпімен белгіленеді. р-электрондар гантель тәрізді, олардан басқа d - деңгейшелері де болады.

Химиялық әдебиеттерде s-орбитальді s-деңгейше, р-орбитальді р-деңгейше деп те атайды. s-орбиталь кеңістікте бір түрде ғана орналасады, оны бір кванттық ұяшықпен, ал р-орбиталь кеңістікте үш түрлі (х, у, z бағыттарында) орналаса алатындықтан оны үш кванттық ұяшықпен белгілейді.
Енді элементтердің электрондарының орналасуын көрсететін формулаларына көшейік. Сутек атомында бір ғана электрон бар, ол бірінші энергетикалық деңгейде s-деңгейшеде орналасқан, олай болса сутек атомының электрондық формуласы 1s1 болады, ал гелий атомыныкі — ls2.
Атомда электрондар ядроны айнала қозғалуынан басқа өз білігінен де айнала алады, Жердің Күнді айналуымен бірге өз білігінен де айналатыны сияқты.
Электронның өз білігінен айналуын спин деп атайды, электрон сағат тілінің қозғалыс бағытымен немесе оған қарама-карсы бағытта қозғалады, ол формулада бір кванттық ұяшыкта екі электронды орналастырғанда бағдаршаларды қарама-қарсы жазу арқылы көрсетіледі. Мысалы: H 1s1 дара бір электрон болса, ал гелий атомында 1 s2. Осындай формулалар атомның электронды-құрылымдық формуласы деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет